60х84 1-8 Сарыбаев indd


«Баланың ерлігі» кітабында кездесетін сөздер


бет70/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

«Баланың ерлігі» кітабында кездесетін сөздер
 Сөздер мен 
тіркестер 
Қазіргі 
мағынасы
 Кітаптағы қолданысы
Сезім 
Түсінік 
Қысқаша сезім бергенім артық болмас
Ыйнанған 
Сенген 
Жер тап қозғалмай тұрады деп ыйнанған 
Шамал тақта 
Ыстық белдеу Екібатырға жақын жерлерді шамал тақта 
дейді. 
Темір қазық 
Солтүстік 
Темір қазықтың астында – әмісе қыс болып 
қар басып жататұн жерде. 
Жердің тұмсығы Полияр 
шеңбері 
Темір қазық, жердің сол жақ тұмсығы
Бұл кітапшадан алынған бес сөздің ішінде бізге қызық сезілетіні – терістікті 
(солтүстікті) термірқазық деп атауы болып отыр. Алосындағы «темірқазықты» 
терістік мағынасында қолданғанын өткен ғасырдың басында басқа қаламгерлер жа-
ғынан жазылған бірнеше кітаптан да кездестіруге болады. Сондай-ақ тағы да сол 
кездегі жазбаларда шығыс оңтүстіті «сәске» деп атау да кездеседі. 
«Балалы әйел нені біліуі керек» атты кітапта кездесетін сөздер:
 Сөздер мен тіркестер Қазіргі мағынасы Кітаптағы қолданысы
Ит тиді 
Баланың аурудан 
шетінеуі 
Ол балалардың іші өтіп құсатұн 
болады. сол ауырыудан өледі 
(ондайды біздің қазақ ійт тійді 
деп бақсыға тұз үшкіртіп 
емдегеннен басқа ем іздемейді). 
Қандайлық 
Әр қандай 
Ол уақытта қандайлық жұмыс 
болса да тоқтатқан жөн 
Мақұл 
Керек, тиіс 
мағынасында 
Сарымсақ жемеу мақұл 
Әуе 
Ауа 
Бала ұйықтаған ұуақытта күн 
сайын 1-2 сағат таза әуеге шық. 
Құмшықтану 
Қиыршықтану, 
кесекке айналу 
Құмшықтанып езілмей қалып 
жүрмесін
Адас 
Тура емес, қате 
Адас ақыл үйретіп балаңның 
басын жұтады 
Мүмкін қадарлы 
Мүмкін болса, 
мүмкіндігінше
Мүмкін қадарлы басқа тамақты 
көбейтпей емшекті емізген 
артық. 
Ірет 
Жол, тәсіл, әдіс 
Мына іретпен байқайсың. 
Қадақ 
Өлшем бірлігі – 
шамамен жарты 
килограм 
Жалпы бала туғанда 8 қадақ 
шамасында болады. 
Кепше 
Шыт 
Басына кепше не орамал 
байлаудың қажеті жоқ
«Балалы әйел нені білу керек» атты кітабында кезіккен бұл өзгеше сөздерге қай-
талай тоқталмадық. Кестеде мысалдармен түсінік келтірілді. 


133
Тұрағұл Абайұлының еңбектерін алғаш рет біршама толық жинау барысында қо-
лымызға түскен еңбектерінен жоғарыдағыда көрсетілген отызшақты сөзді зиялы 
қауым мен оқырманға ашалап көрсетіп отырмыз. Бұдан сырт, бөлеуіш, шапанша, 
желіскер (желісқор), берімсек (берешек) қатарлы көптеген қазақы әрі құлаққа жа-
ғымды атаулар да кездесіп қалады. Көпшілікке түсінікті бұл сөздерді қайталай атап 
отырғанымыздың сбебеі, бұл атаулар автордың көркем аудармасынан емес, ғылыми 
аудармаларынан кезіккені үшін болып отыр. Яғыни мал тұқымын жақсартуға бағыт-
талған еңбекте келтірілген «желіскер»сөзін айтуға болады. Қазақ дүниетанымында 
жорға мен жүйрікке сұраныс көп болғанымен, бүгінгі біз «желіскер» жылқының да 
қазақ жұрты үшін баға жетпес байлық болғанын Тұрағұл қаламынан туған еңбектер 
арқылы сезіне алдық. Синонимдер сөздігінде «желіскер» мен «желісқорға»Жирен 
қасқа – желіскер арғымақтың тұқымы (С. Мұратбеков) деп мысал келтірілген [6]. 
Тұрағұлдың аудармаларында кездесетін тағы да көптеген терминдер бар. Ол тер-
миндер А. Байтұрсынұлы бастаған ұлт көшбасшылары тұрақтандырған шеттен ен-
ген сөздерді қабылдаудағы үш принсиптің үшінші тармағы – «қазақ тілінен балама 
табылмаған жағдайда, шет сөздерін қазақ тілінің заңдылығына сәйкес сындырып 
қабылдау керек» деген шарты бойынша, қазақшаға сындырылған терминдер. Ав-
тордың кітаптарында мұндай терминдер көбірек болғандықтан, барлығын санап, 
саралап отырмадық. Төменде осындай атау-терминдердің бірнешеуін келтірдік: 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет