133
Тұрағұл Абайұлының еңбектерін алғаш рет біршама толық жинау барысында қо-
лымызға түскен еңбектерінен жоғарыдағыда көрсетілген отызшақты сөзді зиялы
қауым мен оқырманға ашалап көрсетіп отырмыз. Бұдан сырт,
бөлеуіш, шапанша,
желіскер (желісқор), берімсек (берешек) қатарлы көптеген қазақы әрі құлаққа жа-
ғымды атаулар да кездесіп қалады. Көпшілікке түсінікті бұл сөздерді қайталай атап
отырғанымыздың сбебеі, бұл атаулар автордың көркем аудармасынан емес, ғылыми
аудармаларынан кезіккені үшін болып отыр. Яғыни мал тұқымын жақсартуға бағыт-
талған еңбекте келтірілген
«желіскер»сөзін айтуға болады. Қазақ дүниетанымында
жорға мен жүйрікке сұраныс көп болғанымен, бүгінгі біз
«желіскер» жылқының да
қазақ жұрты үшін баға жетпес байлық болғанын Тұрағұл қаламынан туған еңбектер
арқылы сезіне алдық. Синонимдер сөздігінде
«желіскер» мен
«желісқорға»:
Жирен
қасқа – желіскер арғымақтың тұқымы (С. Мұратбеков) деп мысал келтірілген [6].
Тұрағұлдың аудармаларында кездесетін тағы да көптеген терминдер бар. Ол тер-
миндер А. Байтұрсынұлы бастаған ұлт көшбасшылары тұрақтандырған шеттен ен-
ген сөздерді қабылдаудағы үш принсиптің үшінші тармағы – «қазақ тілінен балама
табылмаған жағдайда, шет сөздерін қазақ тілінің заңдылығына сәйкес сындырып
қабылдау керек» деген шарты бойынша, қазақшаға сындырылған терминдер. Ав-
тордың кітаптарында мұндай терминдер көбірек болғандықтан, барлығын санап,
саралап отырмадық. Төменде осындай атау-терминдердің бірнешеуін келтірдік:
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: