64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы


- Материя және оның өмір сүру формалары



бет37/85
Дата03.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#121487
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85
Байланысты:
64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсізді-emir

17- Материя және оның өмір сүру формалары.
Қоршаған орта, материалдық әлем- шексіз көптеген заттар мен құбылыстарды білдіреді. Бұған екі маңызды белгі тән:
1) олардың барлығы адамның санасын тыс қалыптасады
2) адамның санасына еніп, әсер ете алады.
Материя-философияда іргелі ұғым болып табылады. Өйткені материя ұғымы жалпы әлем түсінігімен байланысты кез-келген философияның негізінде жатыр. Философия тарихында материяны түсіну материализм мен идеализм салалары арқылы дамыды. Алайда, философиялық жүйелерде оның мазмұны әртүрлі қалыптасқан. Идеалистік философия үшін, мысалы, ол материяның бар-жоғын мүлдем жоққа шығарады. Мәселен, ежелгі грек философы Платон материяны Идеялар әлемінің проекциясы ретінде қарастырады. Философиялық материализм- ол дүниенің материалдық, объективтік, философиялық бағыты.
Материяның тіршілік ету түрлері мен формалары (қозғалыс, кеңістік және уақыт, ақпарат) табиғат, қоғам және адам болмысын ұғынуға мүмкіндік беретін көптеген философиялық жүйелердің бастапқы категориялары болып табылады. Сонымен қатар философтар-идеалистер "материя" ұғымының өзі ескірген деп бірнеше рет талап қойып, оны "ғылыми" жоққа шығаруға тырысты. Бірақ олар өздерінің философиялық пайымдауларында үнемі осы ұғымды пайдаланады. Шынында да, материя- ол өз болмысының әртүрлі түрлері мен нысандарын көрсетеді. Материя мен сананың (руханилықтың) арасында диалектикалық қарым-қатынас бар, және олар бір-бірімен тығыз байланысты. Бір жағдайда материя, басқаларында — сана (адамдардың өмірі мен қызметінде). Материя сапалық және сандық жағынан ерекшеленетін заттардың, құбылыстардың шексіз әртүрлілігі ретінде ғана емес, олардың арасында қалыптасатын байланыстардың, қатынастардың нәтежиесі болып табылады.
Кейбір философтар, жаратылыстану ғылымдарының өкілдері- әлемде шын мәнінде объективті, бірақ тікелей қабылдауға келмейтін материяның көптеген түрлері бар-деп дәлелдеген. Мұның бәрі — материяның түрлері, өйткені олар объективті шындық болып табылады және басқаша айтқанда "материя" түсінігімен көрінеді, бірақ өздері оны құрмайды. Неміс философы-материалист Ф. Энгельс материя ұғымын адам миының өнімі немесе абстракция ретінде қарастырады. Ф. Энгельс философиялық тұрғыдан берілген материяның кеңдігі- маңызды ғылыми-әдістемелік роль атқарады, яғни жаңа қасиеттерді, өріс типтерінің түрлері мен формаларын жалпылама және қалдықсыз ойлауға мәжбүрлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет