Әбілмансұр: Қазақтың ханы Абылайдың азан шақырып қойған аты - Әбілмансұр. Әбілмансұр - жеңімпаз деген мағына береді.
Ораз: Қазақ даласында ежелден бері қойылып келе жатқан есімдердің бірі. Оразмұхаммед сұлтаннан бастап, кешегі Оразәлі ақынға дейін.
Шалкиіз жырауда: "Ораздының ұлы өсер, Жиірлінің қызы өсер" деген тіркес бар.
Ораз сөзі бай-бақытты деген мән береді.
66. Ат қою дәстүрі және үйлесім факторы Бекжан ағай кітабы бойынша: Жалпы «антропонимжасамдық үйлесім» ұғымы бұрын арнайы қолданылмағандықтан, қысқаша түсінік бере кетуге тура келеді. Үйлесім сөзіне түсіндірме сөздікте «келісім, жарасым» -деген анықтама беріледі. Антропонимжасамдық үйлесім ұғымының аясында: үндесу, бейімделу, ұйқасу, екркелету, құрметтеу т.б секілді компоненттер қамтылады.
Үйлесім ұғымының антропонимжасамдық сипатына қатысты осы орайда екі мәселеге тоқтала кетуге тура келеді: 1) қазақ халқының сыртқы әлемен үйлесімдегі өмір-тіршілігінің антропонимжасамдық табиғаты; 2) қазақ есімдерінің болмысындағы үйлесімге деген сұраныс.
1) Табиғатта үйлесімсіз нарсе жоқ, сондықтан дүниенің сырларын ұғуға деген талпыныстың өзі халықты үйлесімде өмір сүруге итермелейді. Атадан бала,а берілген, табиғатпен үндес осы тұнық сезімдер ертеректе кісі есімдерінің құрамынан ай, күн, таң, рауан, сұлу, т.б секілді компоненттер арқылы көрініс берсе, кейін нақтылана түсіп, Мөлдір, Көркем, Әсем, Толқын, Сағыныш т.б есімдерінің тууына әсер етті. Мұның бәрі үйлесімнің негізінде туып, қалыптасқан есімдер.
2) Сыртқы дүниемен үйлесім көптеген есімдердің пайда болуына әсер етті. Мысалы, көшіп-қону мерзіміне байланысты Жайлаубай, Көктеубай, Қыстаубай секілді. Жыл атауларына байланысты – Тышқанбай, Қоянбай, Жылқыбай, Наурыз т.б; апта күндеріне байл: Дүйсен, Бейсен, Сәрсен, Жұмабек; желді күні туған балаға – Желдібай, жаңбырлы күні – Жаңбырбай, қардың жаууына байланысты - Қаржау, Қаржаубай. Ат қою дәстүріндегі үйлесім факторы әлі күнге дейін сақталып келеді, мысалы: 9 мамыр күні туылған балаға – Жеңіс, Жеңіскүл; мұғалімдер күні туылған балаға – Ғалым, Астанаға көшіп келгенде туған балаға – Астан, Астанай есімдері қойылып жүр.