Оқулық
Atameken Akademy білім беру онлайн-платформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).
Бағалау
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады.
Мұғалім оқушыларды бағалайды және кері байланыс жасайды.
Дескрипторлар:
• Дұрыс мақсат белгілеу арқылы өз карьерасының стратегиясын қалыптастыра алады.
• Өмірінің жеке стратегиясын көрсету арқылы шешендік өнер дағдыларын қолдана алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Неге жеке өмір стратегиясы қажет?
2. Неге өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, өзіңізді өзгертуден бастау керек?
3. Өз мақсаттарына жету үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?
4. Неге сіз өз мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін жігерлі адам болуыңыз керек? Егер ол жеткіліксіз болса, энергияны қалай толықтыруға болады?
5. Неге ұтылмау үшін ғана емес, жеңіске жету үшін «ойнау» керек?