6D020600 Дінтану мамандығы бойынша Аманқұл Темур Оралбайұлы


Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата07.01.2022
өлшемі237,72 Kb.
#19684
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
KAZ-1

Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi. Зерттеудің мақсаты – 1920-1950 

жылдардағы  Қазақстандағы  ресми  биліктің  исламға  қатысты  ұстанған  діни 

саясатының  кезеңдік  ерекшеліктерін  анықтау  және  тұрмыстық  исламның 

қоғамның  рухани  негіздері  мен  құндылықтарын  сақтаудағы  рөлін  дәйектеу. 

Осы мақсатқа қол жеткізу  төмендегі міндеттерді жүзеге асыруды қамтиды: 

- 1920-1950 жылдардағы кеңес үкіметінің дін саясатындағы, соның  ішінде 

Қазақстандағы саясатының, хронологиялық кезеңдерін анықтап, талдау және 

олардың өзіндік ерешеліктерін ашу; 

-  кеңес  үкіметінің  20-ыншы  жылдардағы  дін  бостандығына  қатысты 

ұстанымдарын  талдау  арқылы  “озбыр  атеизм”  идеологиясының  қалыптасуы 

мен жүзеге асуының алғышарттарын, факторлары мен салдарларын анықтау; 

-  дінді  реакцияшыл  қоғамдық  құбылыс  ретінде  жоюға  бағытталған 

кеңестік 

саясаттың 

идеологиялық 

және 


әлеуметтік-экономикалық 

аспектілерінің    арақатынасын  талдау,  1929-1931  жылдар  аралығында 

Қазақстанның түрлі аймақтарында  толқулар мен  аштықтың орын алуындағы 

уақыптық  жерлердің  тәркіленуі  мен  дін  қызметкерлерін  әлеуметтік  старт 

ретінде    жоюдың  экономикалық  жолдарын  көрсету  мен  салдарларын 

тұжырымдау; 

-  Қазақстандағы  діни  ұйымдар  мен  жекеленген  дін  қайраткерлерінің 

исламның  дүниетанымдық  негіздері  мен  құндылықтарын,  моральдік-

этикалық  ұстанымдарын  сақтау  мен  болашақ  ұрпаққа  жеткізудегі  рөлін 

талдау; 


- мұрағаттық деректер мен құжаттар негізінде кеңестік биліктің Ұлы Отан 

соғысы  және  одан  кейінгі  уақыттардағы  дін  саласындағы  саясатына  ықпал 

еткен факторларды анықтау; 



- ресми атеистік идеология мен секулярлы қоғам жағдайындағы исламның 

қоғамдағы орны мен әлеуметтік қызметтерін айқындау, тұрмыстық діни сана 

формаларына талдау жасау.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет