Ғылыми жұмыстың нәтижелерінің жариялануы және сыннан өтуі.
Диссертацияның ғылыми зерттеулері мен кейбір ғылыми тұжырымдары
халықаралық, республикалық ғылыми теориялық және ғылыми-практикалық
конференциялар мен семинарларда сыннан өтті. Шетелдік және Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен ғылыми баспаларда
жарық көрді. Жалпы ғылыми мақалалар саны – 10. Оның ішінде Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес Білім
және ғылым саласындағы бақылау комитетінің отандық ғылыми
басылымдарда жарияланғаны – 3. Нөлдік емес импакт-факторы бар SCOPUS
базасына тіркелген шетел журналында жарияланған мақалалар – 1. Шетелдің
халықаралық ғылыми конференциясында жарияланған мақалалар – 1.
Қазақстанда өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция
материалдары жинағында жарық көрген мақалалар – 5. Диссертация Нұр-
Мүбарак университетінің «Дінтану» кафедрасында талқыланып, қорғауға
ұсынылды.
Ғылыми
жұмыстың
құрылымы.
Диссертациялық
жұмыс
қысқартулардан, кіріспеден, бірінші тарау үш бөлімнен, екінші тарау төрт
бөлімнен, үшінші тарау екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.