Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеудің ғылыми
жаңалығы кең ауқымды мұрағаттық деректер негізінде аталған кезеңдегі
еліміздегі исламның қоғамдық санадағы трансформациялары мен
беталыстарын анықтаумен, сипаттаумен және теориялық тұжырымдаумен
байланысты болды. Зерттеу барысында мәселені анықтау мен шешімін
табуда өзіндік ерекшелігімен сипатталатын төмендегідей ғылыми
жаңалықтарға қол жеткізілді:
-
Бұрын белгісіз болып келген мұрағаттық деректер мен мәліметтер
ғылыми айналымға енгізіліп, дінтану ғылымының жаңа концептуалдық -
теориялық аясы кеңейтілді;
-
1920-1950 жылдардағы кеңестік биліктің Қазақстандағы дінге, соның
ішінде исламға қатысты ұстанған саясатының хронологиялық кезеңдері мен
олардың сипаттары айқындалды;
-
Кеңес үкіметінің ислам дінінің қоғамдық санадағы көріністерімен
күресінің саяси-идеологиялық және әлеуметтік-экономикалық аспектілері
анықталып, талданды. Уақыптық жерлерді тәркілеу мен дін қызметкерлерін
бейтараптандырудың еліміздегі діни дәстүр мен санаға ықпалы айқындалды;
-
1940-1950 жылдардағы кеңестік биліктің ислам дініне және исламның
діни құрлымдарына қатысты ұстанымының өзгеруіне ықпал еткен ішкі саяси
және халықаралық факторлар талданып, олардың діни өмірдің қайта
жандануындағы рөлі айқындалды;
-
Кеңестік дәуірдегі дін қайраткерлерінің, ишандары мен ахундарының
имам-молдаларының исламның діни дүниетанымдық қайнарлары мен
құндылықты негіздерін сақтау мен сабақтастырудағы рөлі мен қызметтері
зерделенді;
-
Ислам дінінің қазақ халқының күнделікті тұрмыстық өміріндегі, салт-
дәстүрі мен рәсімдеріндегі көріністері талданып, тұрмыстық исламның
латентті діндарлық формасы мен діни әлеуметтенудегі рөлі айшықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |