«6М020600 – дінтану» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет2/67
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#133367
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
6М020600-Религиоведение (1)

Пікір жазғандар
Сыргакбаева А.С.
– философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры 
Сатершинов Б.М.
– философия ғылымдарының докторы, ҚР БжҒМ 
Философия, саясаттану және дінтану институты, дінтану бөлімінің 
меңгерушісі 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Қазіргі дінтану мәселелері» пәні 6М020600 - «Дінтану» бағыты 
бойынша базалық пәндердің міндетті пәндер блогына кіреді. «Қазіргі дінтану 
мәселелері» курсының ішінде қазіргі дінтанулық парадигмалар, оның зерттеу 
аймағының пәндік ерекшеліктерін анықтау, зерттеудің теориялық және 
әдіснамалық қағидалары және діни мәдениеттің ерекше феномені ретіндегі 
генезисі, діннің заманауи теориялары: философиялық, әлеуметтанулық
психоаналитикалық тұжырымдамалары, діндарлық мәселелері мен оның 
қазіргі 
қоғамда 
көрініс 
табуы, 
секуляризация, 
десекуляризация, 
постсекулярлы қоғам және десакрализация сынды сұрақтары анықталады. 
Алынған білімдер магистранттың қазіргі кездегі әлемнің діни келбетін
адамзат қоғамының рухани сферасын сипаттайтын қазіргі таңдағы 
қалыптасып отырған күрделі діни, саяси-мәдени және құқықтық 
жағдаяттардан хабардар болуына және ғылыми негізде діннің даму 
үрдістерін болжауға мүмкіндік береді.
«
Қазіргі дінтану мәселелері
» пәнін меңгеру нәтижесінде магистрант 
міндетті:
білуі керек: 
дінтанудың негіздерін, оның пәндік саласын нақты 
ажыратуға, дінтанудың теориялық және әдіснамалық қағидаларын; дін 
жайлы негізгі дінтанулық тұжырымдамаларды, діннің пайда болуы мен 
философиялық, 
әлеуметтанулық, 
психоаналитикалық 
мәні 
жайлы, 
секуляризация, десекуляризация, постсекулярлы қоғам, сакрализация және 
десакрализация, діндарлық пен оның қазіргі қоғамдағы көріністерінің 
мәселелері туралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет