«6М020800 – археология и этнология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы


Пәндер мазмұнына қойылатын негізгі талаптар



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата16.10.2023
өлшемі328,38 Kb.
#116005
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Пәндер мазмұнына қойылатын негізгі талаптар 
Магистрант білуі керек: археология және этнология ғылымдарының іргелі 
мәселелері, аталмыш тақырып бойынша әдіснамалық негіздер, жалпы мәселелерін және 
оқыту мен тәрбиелеуді жоспарлау мен ұйымдастырудың, талдаудың қазіргі 
технологияларын білуі қажет. 
Магистрант пән бойынша материалдарда бағыт-бағдары болуы тиіс. Мәселелерді 
қою және құрастыра білуі тиіс. Ол жоғарғы оқу орнындағы оқу процесіндегі оқытушылар 
мен студенттер арасындағы субъект-субъектілік қарым-қатынастың коммуникативтік 
технологияларды меңгеруі қажет. 
«
Өте жақсы
» – Магистрант 95-100% нәтижеге билеттегі сұрақтардың бәріне толық, 
нақты, дәледі жауаптар берумен бірге, қосымша сауалдарға қысқа, жинақы жауап беруі 
тиіс. Қажетті әдебиеттерді, олардың авторлары мен жекелеген ой-тұжырымдарын 
шынайы баяндауы қажет. Барлық сұрақтардың жауабын саралай келе магистранттың 
білімінің тереңдігі, пәннің ерекшелігін түсінуі және ойды мазмұндау жүйесінің тереңдігі 
бойынша сарапталады. Магистрант осылардың біреуін толық орындалмаған жағдайда 90-
94% нәтиже қойылады. Егер де магистрант сұрақтардың біреуіне толық жауап бермесе 
немесе оның жауабы комиссия мүшелерін қанағаттандырмаса, онда тиісті нәтижеге 
байланысты қосымша сұрақтар беріледі.
«
Жақсы
» – 85-89% билеттегі көрсетілген сұрақтарға жан-жақты жауап болмаған 
жағдайда немесе магистранттың білім деңгейіне байланысты қойылған сұрақтардың 
кейбіреуіне нақты, анық жауаптар берілмеген жағдайда осындай балл есептелінеді. 80-84 
% көрсеткіші бойынша кейбір сұрақтар қатысты жауаптардың комиссия мүшелерінің 
ортақ көзқарасына сай келмегендіктен, олардың ортақ пікірі бойынша білім деңгейі 
осылай бағаланады. Қойылған қосымша сұрақтарға толық қанағаттанбаған жағдайда осы 
көрсеткіш қойылады. 75-79% билеттегі сұрақтардың кейбіреуіне толық, жан-жақты жауап 
бермеуі ескеріледі. Жауап кезіндегі көптеген қателіктер айқындалып, оған тиісті 
ескертулер жасалады. Магистранттың билеттер сұрақтарына жауабы толық 
шықпағандықтан қосымша сұрақтарға қойылған жауаптары сараланады. 
«
қанағаттанарлық
» – пайыздық есеппен магистрантқа 50-74% бағасы сұрақтарға 
жауап бергенмен мәселенің теориялық-методологиялық жағынан терең білім көрсетпесе 
және мәселе бойынша өзіндік тұжырымдар жасай алмаған жағдайда қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет