«6М020800 – археология и этнология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата16.10.2023
өлшемі328,38 Kb.
#116005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1.
 
Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері. 
6М020800
 
- Археология және этнология мамандығы бойынша магистратураға 
тапсырушыларға арналған емтихан сұрақтары олардың аталған ғылым салаларындағы 
жалпы білім деңгейі мен дайындығын анықтауға арналған. Бұл мамандық археология 
және этнология салалары бойынша жоғарыквалификациялы мамандарды дайындауға 
негізделген. 
Міндеттері: 

археологиялық және этнологиялық зерттеулердің теория-әдістемелік негіздерін 
білу; 

кешенді саралау және ғылыми әдебиет және тарихи деректерді қолдану әдістерін 
меңгеру; 

қолда бар материалды қарастыру үшін алынған теориялық білімді қолдана білу;

ғылыми мәселелерді салыстырмалы зерттеуде шығармашылық-аналитикалық 
қабілеттілікті жүзеге асыра білу;

зерттеу тақырыбы бойынша жиналған материалды саралай және жүйелеу білу; 

археологиялық және этнологиялық әдістерді материалды жинау мен өңдеуде 
қолдану;

отандық және шетелдік археология және этнология ғылымы саласындағы білімді 
еркін меңгеру. 
 
Түсу емтиханының формасы – жазбаша, емтихан сұрақтары бойынша өзінің 
жауаптарын жауап парағына жазып, емтихан комиссиясына жауап парағы арнайы код 
арқылы келеді. Апелляция берілген жағдайда жауап парағындағы жазбаша жауаптары 
арқылы қарастырылады.
 
2. Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талап
Алдыңғы білім деңгейі – жоғары базалық білім (бакалавриат). 
Тапсырушылар білуі керек: археология және этнология ғылымдарының іргелі 
мәселелерін, аталмыш тақырып бойынша әдіснамалық негіздерді, этнос теориясының 
этникалық зерттеулеріндегі теориялық аспектілерді, қазақтардың этникалық тарихы мен 
этногенезі мәселелерін. 
Сонымен қатар оларда отандық және шетелдік антропология ғылымы алдында 
тұрған негізгі мәселелер жайлы нақты түсініктер, археологиядағы негізгі өзекті бағыттар 
жайлы, археологиялық зерттеулердің теориялық аспектілері мен әдіснамасы жайында, 
археологилық ізденістердің ережелері жөнінде, маңызды археологиялық ашулар мен 
қазақтардың мәдени-шаруашылық түрлері және қазақ халқының заттық және рухани 
мәдениетіндегі зерттеулердегі мәселелері туралы нақты көзқарастары болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет