10. Австралия және Тасмания халықтары. Австралия мен Мұхиттық аралдардың
тарихи-мәдени аудандастырылуы: Австралия мен Тасмания, Меланезия, Папуа - Жаңа
Гвинея, Микронезия, Полинезия және Жаңа Зеландия. Австралия мен Мұхиттық аралдар
халықтарының этногенез мәселелері, осы аймақтың этникалық тарихының негізгі
кезеңдері. Австралия мен Мұхиттық аралдарға еуропалықтардың енуі және оның салдары.
Аумақтағы қазіргі заманғы этникалық және этномәдени үдерістер. Австралия мен
Тасмания халықтары.
Меланезия халықтары. Полинезия және Жаңа Зеландия халықтары.
Микронезия халықтары.
11. Алдыңғы Азия халықтары. Алдыңғы Азия халықтарының этногенезі,
этникалық тарихы және қазіргі кезеңдегі этникалық құрамы. Месопотамия
территориясындағы ежелгі өркениеттер. Шумер. Урарту мемлекеті. Арабтардың жаулауы.
Түркілердің ықпалы. Этносаяси үдерістер. Шаруашылығы. Соқалы егіншілік және
көшпенділік. Материалдық мәдениет. Селолық қоныстар. Көшпелі баспаналардың
түрлері. Дәстүрлі ыдыс-аяқтары. Дәстүрлі киімі. Тағамы. Қозғалыс көлік құралдары.
Отбасы. Көп әйел алушылық (полигамия). Қоғамдық қатынастар.
12. Оңтүстік Азия халықтары. Оңтүстік Азия халықтарының этногенезі мен
этникалық тарихы. Инд жазығындағы Хараппа және Мохенджо-Даро мәдениеті. Арийлер.
Моңғол шапқыншылығының әсері. Еуропалықтардың отарлауы және зардабы.
Антропологиялық және тілдік сипаттама. Суперэтникалық интеграция (индиялықтар,
пакистандықтар және т.б.). Шаруашылығы. Көшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығы. Қол жер шаруашылығы. Дәстүрлі өртнмелі егін шаруашылығы.
Ирригациялық құрылыстар. Кәсібі және үй кәсіпкершілігі. Материалдық мәдениет.
13. Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары. Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары тарихи-
географиялық аймақ. Аймақтағы халықтардың
этногенезі және этникалық тарихы.
Оңтүстік-Шығыс Азия антропогенездің бір аймағы. Мьянма, Тайландтың ежелгі
тұрғындары. Лаос, Вьетнамның этникалық тарихы. Индонезия және Филиппин
аралдарының халықтары. Малай архипелагы және Малайзия. Қазіргі кезеңдегі Оңтүстік
Шығыс Азия елдерінің этникалық құрамы және этникалық үдерістері. Шаруашылығы.
Материалдық мәдениеті. Шығыс Азия халықтары.