2-деңгей
Жиын және оның берілу тәсілдері.
"Жиын" деген сөз математикада "көптіктің" мағынасында, оның бір баламасы ретінде қолданылады. Ол сөз жоғарыда айтқанымыздай "жинақ", "жиынтық" мағынасын білдіреді. Жиындар алуан-алуан объектілерден құралуы мүмкін, ол объектілер жиынның мүшелері немесе элементтері деп аталады. Мысалы, "адамдар жиыны" тірі табиғат объектілерінен құралса, "кітаптар жиыны" жансыз табиғат объектілерінен кұралады. Ал бүтін сандар жиынын алсақ, бұл жиын нақтылы объектілерден емес, дерексіз ұғымыдардан тұрады. Сөйтіп, не туралы пікір қорытып, ойлай алатын болсақ, солардың бәрі де жиын элементі бола алады. Сондай-ақ, жиын атаулының бәрі біртектес объектілерден кұралуы да шарт емес. Мысалы, элементтері оқушы, кітап, қалам, дәптер болатын жиын немесе үстел үстіндегі нәрселердің: шам, кітап, алма, қалам жиыны туралы сөз етуге болады. Жиын жалғыз ғана элементтен де құралуы мүмкін. Мысалы, Жердің барлық табиғи серіктерінің жиыны жалғыз серіктен - Айдан тұрады. Жиынның элементтерінің өздері жиындар болуы мүмкін. Мысалы, элементтерінің саны екіге тең жиындардың жиынын алатын болсақ, мұндай жиынның элементтері деп "су" сөзіндегі әріптер жиыны, адамның құлақтарының, көздерінің, қолдарының, құстың қанаттарының т.с.с. жиынын айтуға болады. Жиын латын алфавитінің үлкен әріптерімен A, B,C, ,….Z белгіленеді. Бір де бір элементі болмайтын жиынды құр (бос) жиын деп атайды. Оны Ø түрінде белгілейді. Жиынның элементтері латын алфавитінің кіші әріптерімен белгіленеді. Жиынның кез-келген элементінің ол жиынға жататындығы (тиістілігі) немесе оған жатпайтындығы (тиісті еместігі) тағайындалған болса, ондай жиын толығынан анықталған жиын деп аталады
Жиындарының қиылысуы және бірігуі.
Жиын өзінің элементтері арқылы анықталады, яғни егер кез келген объект жөнінде ол осы жиынға тиісті немесе тиісті емес екендігін анықтауға болса, онда жиын берілген деп есептеледі.
1) Жиын оның барлық элементтерін тізіп көрсету арқылы беріледі. Мысалы, А жиыны 3, 4, 5, 6 элементтерінен тұрса, оның барлық элементтерін тізіп жазу арқылы көрсетуге болады. Мұндай жағдайда элементгер фигуралы жақшаға алынып А = {3, 4, 5, 6} түрінде жазылады. Бұл тәсілмен тек қана шектеулі жиындар беріледі.
Шексіз жиындарды тізіммен беру мүмкін емес. Мысалы, барлық тақ сандардын немесе екі нүктеден бірдей кашықтықта жататын нүктелердің жиынын тізім арқылы беру, яғни ол жиындардың барлық элементтерін тізіп жазу, мүмкін емес.
2) Мұндай жағдайда жиынды оның элементтеріиің сипаттамалық қасиеті арқылы береді.
Ол көрсетілген қасиет тек сол жиынның элементтеріне ғана тән болып, ал жиынның элементі бола алмайтын нәрселердің ешқайсысында ондай қасиет болмауы керек. Мысалы, eгер A жиыны екі орынды сандардың жиыны болса, 21 саны А жиынына тиісті, ал 145 саны екі орынды сан болмағандықтан А жиынына тиісті емес.
Жиынды элементтерінің сипаттамалық қасиеті арқылы беру геометрияда жиі қолданылады. Белгілі бір сипаттамалык касиеті бар нүктелердің жиынын нүктелердің геометриялық орны дейміз.
Кейде бір жиынды оның барлық элементтерінің тізімі арқылы да немесе сипаттамалық қасиеті арқылы да беруге болады. Мысалы: В = {1, 3, 5, 7, 9} жиыны тізім арқылы беріліп тұр. Ал осы жиынды сипаттамалық қасиетін көрсету арқылы да, яғни "бір таңбалы тақ сандардың жиыны" деп беруге де болады.
Кейбір жағдайдарда, әртүрлі сипаттамалық касиеттер бір ғана жиынды анықтауы мүмкін. Мысалы, А жиыны бірдей екі цифрдан құралған екі таңбалы сандардың жиыны болсын: A = {11, 22, 33, 44, 55, 66, 77, 88, 99}
Бұл жиынды 11 -ге бөлінетін екі таңбалы сандардың жиыны ретінде де анықтауға болады.
Шексіз жиындарды да фигуралы жақша арқылы көп нүктені пайдаланып белгілеуге болады. Мысалы, натурал сандар жиынын былай, N = {1, 2, 3, …n…} белгілейміз.
Информатикадан оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеруі мен компетентілігін қалыптастыру технологиясы
Информатика сабағында компьютерді оқыту процесінің барлык кезендерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады.
Информатика сабағында электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңіддетеді. Окытудың әр сатысында компьютерлік тестер аркылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалык, бейне және дыбыс бөлімдерінің программасы бойынша алатын жаңалыктарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондыктан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электронды оқыту- компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану оқушылардың оқу деңгейін көтеріп пәнге деген қызығушылықтарын арттырып отырды. Мұнан шығатын қорытынды: бұл әдісті тек қана информатика пәнінде емес, кез келген пәнде еркін пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр.
Қазіргі заманның талабы сол. Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашалықпен жұмыс істеп білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сонда ғана оқушылар әрбір пәннің мазмұнын жүйелі меңгеріп, олардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады.
Информатика сабақтарын да оқушылардың оқу іс - әрекетін басқару.
қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.
Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі. Себебі, оқушылар ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерімен жұмыс жасауда өздеріне қажет мағлұматтарды өз бойларына игеріп, шығармашылық қабілетін дамытады. Ақпараттық технологиялар мектеп пен ақпарат-тық қоғамды өзара байланыстырады. Оқушылар ақпараттық технологиялар туралы нақты білімге негізделе отырып, олардың ғажайып сырларын ашады, ал аталған технологиялар оқушылардың білімге, еңбекке деген құштарлығын арттырады, ақпараттық қоғамға, өз еліне аз да болса пайда келтіруге ынталандырып, ақпараттық технологиялар жайлы түсінігін кеңейтеді.Ақпараттық технологиялар оқушылардың сабақтан немесе оқулықтан дайын білімді алуын ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзіндік жұмыстарын, ізденіс-зерттеу әдістерін қамтиды. Бүгінгі таңда жас ұрпақты шығармашылық қабілеті дамыған тұлға етіп тәрбиелеуде және оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруда сабақтан тыс жұмыстар мен үйірмелердің де маңызы зор. Олар оқушының жеке тұлға болып қалыптасып, жан-жақты білім алуының, шығармашылық қабілетінің дамуының негізгі жолдарының бірі.
Кез–келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет».
Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.
Информатика сабағында: жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқып - үйренуге дайындық барысында; жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқып - үйрену барысында; білім, білік және дағдыларды бекіту барысында; оқыту нәтижелерін тексеру барысында оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге , электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға. Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек.»- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
Бүгінгі танда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық кұралдар мүмкіндігін комплексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу кұралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |