баланың қазіргі білімі мен білімді қабылдауға қаншалықта жеткілікті екенін анықтау;
олардың білгенін еске түсіру үшін қандай тәжірибелік материал, жаттығулар ұсыну;
жаңа тақырыпқа қызығушылығын тудыру үшін балалардың сезімін ояту.
Жаңа тақырыпты айқындағаннан-ақ білімді қабылдау үрдісі басталады. Бұл кезеңде мұғалімнің оқушы алдындағы борышы — осы жаңа білімнің алдағы өміріне қажеттілігіне көзін жеткізу.
Жаңа тақырыпты түсіну- ол қабылдаудан дерексіз ойлауға, теориялық білімді меңгеруге жол ашады. Оқушы көп нәрсені түсінбей есте сақтауы да мүмкін, бірақ бұл жол дамуға жеткізбейді. Жалпы айтқанда, түсіну үрдісі белгілі бір әрекеттердің орындалуын қажет етеді: сараптау, жалпының ішінде маңыздыны табу, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау, дәйек, дәлел келтіру, қорыту. Бала тақырыпты жақсы түсінсе, білім білік дағдығаайналып жақсы меңгеріледі. Меңгеру нәтижесі болып- заттардың, құбылыстардың, үрдістердің мән мағынасы туралы оқушыларда ұғымдар туралы түсінік қалыптасуы табылады.
3-деңгей
1.Редактор қатар соңын қалай біледі?
Бастау үшін бұл өте жауапты мамандық. Редактор - бұл материалды басып шығаруға дайындайтын маман. Яғни, егер мақаланың соңғы нұсқасында қателер немесе жалған ақпарат болса, ол «басымен ұшады». Сондықтан, редактор, балабақшадағы мұғалім сияқты, өз шәкірттерінің өз жұмыстарын шебер орындауын үнемі қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, бір басылымда бірнеше маман болуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Сонымен, бас редактор негізгі тұжырымдаманы құруға, мақалалар мен авторлардың тақырыптарын таңдауға жауап береді. Бірақ арт-редактор тек парақтың дизайнымен айналысады, фотосуреттер мен журналдың түс схемасын жақсартады
Интерактивті тақтаның жұмыс жасау принципі
Интерактивті тақтамен жұмыс жасауға дайындық жұмыстары мен ұйымдастыру әдістемесі. Интерактивті тақта – дәстүрлі тақтаның барлық оң сипаттамаларына ие, кең ауқымды графикалық мүмкіндіктермен қамтылған, аз уақытта көп мәлімет ұсына алатын, оқу мотивациясын арттырудың тиімді құралы болып табылатын, оқытуды диалогты түрде ұйымдастыратын аппаратты-бағдарламалық құрал.
Интерактивті құралдардың көмегі оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. ACTIVboard (Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Интерактивті тақтаның жұмыс принципі компьютердің монитор экранындағы кескінді проектор арқылы электрондық тақтаға кескіндеу.
Интерактивті тақтада қолданылатын бағдарламалық жабдық (SMART Board Software) келесі құралдардан тұрады (сурет 2):
-жазба кітапшасы (SMART Notebook);
-бейнежазба құралы (SMART Recorder);
-бейнеплеер (SMART Video Player);
-маркерлік құралдар (Floating Tools);
-виртуалды пернетақта (SMART Keyboard ).
Бұл құралдардың барлығы да жеке немесе бірлесіп пайдалануға негізделген.
Интерактивті тақта жабдықтарымен
Жазба кітапшасы мәтіндер мен графикалық объектілер дайындауға арналған графикалық редактордан тұрады. Бейнежазба құралы тақтада орындалған барлық іс-әрекеттерді AVI форматындағы бейнефайлға жазады. Бейнеплеер бейнефайлға сақталған ақпаратты тақтаға шығарады. Маркерлік құралдар қолданылып жатқан бағдарламалық қосымшаға тәуелсіз жұмыс істейді, тақтада кескінделген қандай да бір объектіні ерекшелеуге (тақта бетінің кез келген нүктесіне түрлі белгілеулер салуға) арналған. Мұнан соң орындалған іс-әрекеттерді сақтап қоюға болады. Виртуалды пернетақта оқытушының интерактивті тақта арқылы компьютердегі мәліметтермен жұмыс істеуіне арналған. Яғни, компьютердің стандартты пернетақтасының аналогы болып саналады.
Интерактивті тақтаның қарапайым тақтадан айырмашылығы:
-статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық материалдар дайындауға болады;
-әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен графиктерді жылдам салуға мүмкіндік беру арқылы уақыт үнемдейді;
-оқушылардың зейінін нақты, қажетті ақпаратқа аудару үшін сол ақпараттарды ерекшелеуді, оқшаулауды жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;
-ұсынылған ақпаратты педагог немесе оқушы бүкіл сабақ бойында бірнеше мәрте қайталап көре алады;
-жұмыс алаңы ауқымды аймақты қамтиды;
-экранға шығарылатын слайдтардың саны шектеусіз;
-оқу материалына дыбыстық қосымша енгізуге болады;
-сабақ барысында пайдаланылып, файл түрінде сақталған ақпараттың электрондық немесе баспалық нұсқасын оқушыларға көшіріп беруге болады;
-интерактивті тақтаның бейнедатчиктермен жабдықталуы экран бетіндегі кез келген нүктеге берілетін әсерлерді бірмезетте жылдам анықтайды, соның нәтижесінде тақтада бірнеше пайдаланушылар бірмезгілде жұмыс жасай алады;
-экрандағы басқару батырмалары интерактивті тақтадан проекторді ажырату арқылы, оны қарапайым тақта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Кең тараған интерактивті тақталарға StarBoard және Walk-and-Talk сериялы тақталарды жатқызуға болады.
Электрондық қаламсапты пайдалану кезінде тақтаның металл қабаты бүлінбеуі үшін StarBoard сериялы интерактивті тақта инфрақызыл және ультрадыбыстық технологияға негізделіп жасалады. Ал, Walk-and-Talk сериялы интерактивті тақта сенсорлық технологияға негізделіп жасалғандықтан, онда маркер ретінде саусақты да пайдалануға болады.
Интерактивтi тақта бiлiм беру салаларымен қатар, көрмелерде, пресс-орталықтарда көлемдi экрандардың қызметiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi
Кесте ұяшықтарын қалай біріктіруге, бөлуге болады?
Ұяшықтарды қосу және біріктіру, өшіру.
Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшытарды белгілеп, Таблица – Объединить ячейки командасын таңдау қажет.
Ұяшықтарды бөлу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица – Разбить ячейки командасын таңдау қажет.
Ұяшықтарды қосу үшін Таблица – Вставить - ячейки командасын таңдау қажет.
Қатар және баған қосу үшін Таблица – Вставить командасын таңдау қажет.
Ұяшықтар мен қатарлар мөлшерін тағайындау және сызықтар қосу үшін кестенің ұяшықтары мен бағандарының қиялысқан жеріне мауысты белгілеп жылжыту қажет. Содан кейін Таблица – Свойства командасын таңдау қажет
Информатика оқулығынан анықтамалар мен негізгі ұғымдарды игеруге арналған есептер жүйесін құру.
Информатика пәнінің ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды анықтауды жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынады.
Информатика оқу-әдістемелік құралдың құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәнінің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау — осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады.
Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулықтың мазмұны мен құрылымын А.Құсайынов, Ұ.Асылов, Қ.Молдабек т.б отандас ғалымдар аша білді. Ал білім мазмұнының мәні, зерттеу нысаны, оған қойылған дидактикалық талаптар мен ұстанымдар, әдіснамалық мәселелер М.Скатин, И.Лернер, В.Краевский, Ю.Бабанский, Б.Лихачев, В.Леднев, А.Хуторский ғылымдардың зерттеулерінде орын алды. Мектеп оқулықтарының пәндік мазмұнын жетілдіруге Қ.Аймағамбетова, Г.Уәйісова, Т.Оспанов, Ш.Құрмнәлина, С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Қайыңбаев, К.Ерешов т.б ғалымдарымыз өз үлестерін қосып келеді.
Оқулыққа қойылатын талаптар:
— Ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
— Бағдарламаға сәйкестігі;
— Мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;
— Әлеуметтік-мәдени құндылығы;
— Ұсынылған материалдың тарихилығы;
— Оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;
— Мазмұнының жүйелігі, бірізділігі;
— Сабақтастық принципінің сақталуы;
— Еліміздің экономикалық даму ерекшеліктерінің сәйкестігі;
— Мектептердің компьютермен жабдықталуының ескерілуі;
— Компьютерлік оқытушы программалар пайдалануының ескерілуі;
— Практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестігі;
— Тапсырмалардың жүйелі түрде таңдап алынуы;
— Оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын пайдалануға ыңғайлылығы.
Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.
Оқулық пен оқу құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игеруді білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.
Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
Әрбір сыныпқа арналған информатика оқулықтардың мазмұнына тоқталамыз.
7-сыныпта информатиканы оқытудың негізгі мақсаты — оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.
Алгоритмдік мәдениет дегеніміз – алгоритмді құру, түсіну және атқару іскерлігі арқылы бейнеленетін ойлау мәдениеті.
Оқытудың мазмұны — шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.
Информатиканың мамандыққа баулу курсы ретінде оқытуда оқушылардың операциялық жүйемен, PAINT графикалық редакторымен, WORDPAD мәтіндік редакторымен жұмыс жасауды, электрондық поштаны іске қосуды меңгерту сияқты және тағы басқа мәселелер қамтылады.
7-сыныпқа арналған «Информатика» оқулығы 2007 жылы қайтадан өңделіп шығарылды. Бұл оқулықта дәл сол тақырыптар қамтылған. Тек айырмашылығы – ескі оқулықтағы кейбір қазақша нұсқасымен берілген терминдер қайта орысшаға аударылған, кейбір тарауларға деректер қосылса, кейбіріннен, керісінше, материалдар алынып тасталған және суреттер мен кестелер өзгертілген.
1 — бөлім информатиканың теориялық негізгі іргелі ұғымдары – ақпарат, ақпараттық үрдістер ұғымдарына кеңінен түсініктеме беріліп, ақпаратты қабылдау және өңдеу мәселелері жан-жақты қарастырылады. Бұл бөлімде “ақпарат” сөзіне “ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы” деген түсініктеме берілген. Адам ақпаратты сақтай алады, жеткізе алады және өңдей алады. Бұл әрекеттер ақпараттық үрдістер деп аталады. Жаңа кітапта ақпараттық үрдістер сызба түрінде кескінделген. Бұл бөлімнің 2-тақырыбы “Ақпаратты кодтау(таңбалау)” деп аталады. 2003 жылы шыққан оқулықта кодтау – ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну деп берілсе, 2007 жылы шыққан оқулықта кодтау – ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Мысалы, ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Бұл үрдісті кодтау деп атайды деп толықтырылған. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код – ASCII, американдық ақпарат алмасудың стандартты коды болып табылады. 2007 жылы шыққан оқулықта да оның кодтау кестесі берілген.
2-бөлім ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары – есептеу техникасы, оның даму тарихы, архитектурасы зерттеуге арналған. Бұл тақырып бойынша «Дидактикалық материал. Практикум» құралында әр түрлі кестелік және мәтіндік тапсырмалар берілген. Мысалға «ЭЕМ буындары мен олардың сипаттамалары» кестесін келтіруге болады және оның дұрыс жауаптары мұғалімге арналған оқыту әдістемесінде жазылған.
2003 жылғы кітаптың 3-бөлімінде Windows’98, ал жаңа оқулықта Windows ХР оқытылады және мағлұматтар жаңартылған. Оның мәтіні келесідей: Қазіргі кезде Windows – барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows-тің кең таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады.
PAINT графикалық редакторы 4-бөлімде қарастырылған. Бұл бөлімде программасын іске қосу, сурет салу кезеңдері, редактордың құралдары жайлы өте жақсы жазылған. Сонымен қатар оқушыларға тапсырмалар берілген.
WORDPAD мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама жайлы мағлұмат 5-бөлімде беріледі. Мұнда бағдарламаны іске қосуды, құжат құруды, мәтінді пішімдеу, мәтінге күн мен уақытты кірістіруді және т.б. үйретеді.
6-бөлімде блокнот және калькулятор программалары ұсынылған. Бұл бөлімде блокнот пен калькулятордың мүмкіндіктері, калькулятордың түрлері мен батырмалары суреттерімен түсінікті етіліп жазылған. Сондай-ақ тақырып соңында практикалық тапсырмалар берілген.
8-бөлім компьютерлік желілер деп аталады. 2003 жылы шыққан оқулықта компьютерлік желі – бұл әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы деп беріледі. 2007 жылы шыққан оқулықта қор сөзі ресурс, бағдарлама сөзі программа деп аударылып жазылған. Сонымен қатар, ақпарат алмасу, желілік ақпараттық технологиялар сызбалары кескінделген. Одан әрі жалпы желі, электрондық пошта ұғымдары кең көлемде ашылып жазылған.
Сонымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарының мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында бір-біріне жақындықтары байқалады. Бірақ айырмашылықтары да кездеседі. 2007 жылы шыққан оқулықтың 2003 жылы шыққан оқулыққа қарағандағы жетістігі – көптеген тақырыптарға жаңа деректер қосылып, сызбалар сызылған және суреттер көркемделіп салынған. Ал кемшілігі – қазақша терминдер орысша нұсқада берілген. Сондықтан қайсы оқулықпен оқыту керек екендігін таңдау өз қалауларыңызда.
8 сыныпта оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.
Оқытудың мазмұны – шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.
Есептің мазмұнымен танысу.
Есептің мазмұнымен таныстыру дегеніміз — оны оқып шығып, онда келтірілген жайттардың өмірде болатын ситуацияларын көз алдына келтіру. Есепті әдетте балалар оқиды. Мұғалім есепті тек балаларда есептің тексі жоқ жағдайда немесе олар оқи алмайтын кезде ғана оқиды. Есепті дұрыс оқи білудің маңызы зор: сан міндерді және амалды таңдап алуға қажетті сөздер: «бар еді», «кетіп қалды», «қалды», «бірдей болды» сөздерді баса айтып, есепке қойылатын сұрақты дауыс көтере айту.
Егер есептің тексінде түсініксіз сөздер кездессе, онда оны түсіндіру керек немесе есепте айтылатын нәрселердің суреттерді көрсету керек. Есепті оқу (мұғалімнің, бір оқушының, хормен, оқушылардың жастарына қарай іштен), кейде қайталап оқу да қолданылады.
Содан кейін сұрақтар бойынша есепті талдау басталады:
- есепте не (кім) туралы айтылған?
- есепте не белгілі?
- не белгісіз?
- белгіле ме?
« 8 артық (кем)», «3 есе артық (кем)», «сонша», «теңдей» нені білдіреді, яғни терминдердің мәнін анықтау.
Есептің шығару жолын іздеу, яғни есепті шығару жоспарын құру.
.Есепті шешудің басты мәселесі – жоспар. Яғни іс-әрекет кезеңдерінің схемасы болып табылады. Есепті шешудің жоспары – бұл шешу кезеңдерінің реттелген тізбегін эвристикалық стратегияның амалдардың шындыққа жақын пайымдаулардың және логиканың негізінде құру. Жалпы жағдайда жоспарды құру эвристикалық стратегияны табудан басталады.
Шешім – бұл бірден қол жеткізуге бола бермейтін мақсат. Сондықтан мақсатқа жету үшін мүмкін боларлық әрекеттердің жүйесі ретіндегі шындыққа сәйкес келетін жоспарды құрып алу қажет. өзіміз білетін іс-тәжірибе негізінде мақсат оған жетудің құралын көрсетіп беруге қабілетті. Бұл жерде пайымдаулардың мынадай тізбегі құрылуы мүмкін:
Бізге А-ны табу қажет. мұны В-ның көмегімен жасауға болады. Алайда В-ны егер С болса алуға болады. Мұндай тізбекті былайша бейнелеуге болады:
А егер В болса
В егер С болса
С егер D болса
D егер Е болса
Егер де соңғы шарт Е есептің берілгендерінде бар болса, онда тізбек үзіледі. Жалпы жағдайда оның тізбектерінің саны N, обьектілерінің саны N+1 болады. Қарапайым есептерді тізбек логикалық тұрғыдан байланысқан пайымдаулардың айқын тізбегі ретінде қатарласа тұрады. Мұнда кез келген өту (переход) бірмәнді анықталған. Стандартты емес есептеулерде өтулер таңдау мәселесін білдіреді. Олардың шешімі үшін эвристикалық пайымдаулар жүргізіледі. Осы пайымдаулардың негізінде есептер тізбегін құру жоспарды құру әрекетін білдіреді. E-ден D-ға, D-дан C-ға қарай әрекет ете отырып, жоспарды жүзеге асыратын боламыз. өйткені Е есеп шартында, яғни біздің қолымызда болады. Есепті шешу жоспарын іздеуде эвристикалық пайымдаулардан қорықпау керек. Бірақ бұл көзқарасты жоспарды жүзеге асыруға өте отырып өзгертуге міндеттіміз. Енді біз тек айқын, қатаң дәлелдерді ғана қолдануымыз тиіс. Жоспарды жүзеге асыруда әрбір қадамымызды қаншалықты мұқият қадағаласақ, оны құруда эвристикалық пайымдауларды соншалықты еркін пайдаланатын боламыз. Жоспарды құру және оны болашақта жүзеге асыру қарама-қарсы бағытта жүреді. Егер де А мақсатына жылжуды тура бағыт ретінде қарастыратын болсақ, онда жоспарды құруда қарама-қарсы бағытта жылжитын боламыз. Есептерді шешудің мұндай стратегиясын жоспарды кері бағытта құру немесе соңынан басына қарай жылжу деп аталады. Мұндай жоспарды анализ тәрізді есепті шешу жоспары деп аталады. Егер де біз Е-ден А-ға қарай кері бағытта жылжысақ, онда мұндай стратегияны жоспарды тура бағытта құру немесе басынан соңына қарай жылжу деп аталады. Бұл стратегияны синтез тәрізді есепті шешу жоспарын білдіреді. Осылайша шешімді эвристикалық іздеу анализ негізінде жүргізіледі. Егер мақсатқа жетуге қажетті әрекеттер тізбегі есепті шығарушыға белгілі болса, онда ол жоспарды синтездің негізінде тура бағытта құрады. Шешудің мұндай жолы алгоритмдік әрекеттердің жүйесінде жүзеге асырылады.
7.Компьютерлік вирустардың түрлерімен танысу.
Қазіргі кезде 10000 шамасында компьютерлік вирустар белгілі. Оларды әдетте мақсатына, жұмыс логикасына, көлеміне және жұмыс істеу аумағына қарай топтарға жіктейді.
“Ұстауыш — вирустар” –бағдарламалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлелсіздіктерді пайдаланады. Көлемді бағдарламаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп бағдарламаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.
“Логикалық бомбалар” ( баяу әсер ететін “бомбалар”) – қарапайым бағдарламаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн – ай мерзімінде немесе уақытта, программа орындалуының белгілі кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп бағдарламаларға “жұғуға” тырысады.
“Құрттар” – жүйелік программалаушылардың информациялық – есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау бағдарламаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т. с. с.
“Троян аттары” – қарапайым қолданбалы бағдарламаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді ( жасырын информацияны оқып жария етеді, жедел жадтағы информацияларды “басқа жаққа” жіберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.
Мақсаттарына қарай вирустар мынадай 4 бөлікке бөлінеді:
“Бейсауат” (гуманды) – онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.
“Шантаж жасаушы” – мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын “баяу әсер ететін бомбалар”.
“Насихатшы” – “өзін көрсету” мақсатында жасалған.
“Мағынасыз” – атынан-ақ әсері түсінікті.
Бізде кең тараған Aids антивирустық бағдарламаларының авторы Д.Лозинскийдің ұсынысы бойынша вирустарды көлеміне қарай жеті топқа жіктеуге болатыны белгілі.
8.Вирустармен күресуге арналған программалармен танысу.
Компьютерлік вирус –«көбеюге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік программа.
Пайдаланушы файлдар мен операциялқ жүйенің ақпараттық қауіпсіздігін вирустан қорғау программалары арқылы тексеріп отыру керек. Вирустан қорғау программалары компьютердегі вирустарды табуға, жоюға және одан дер кезінде сақтанып отыруға мүмкіндік береді. Ондай программалар бірнеше түрлері бар.
Детектор-программа (вирустан зақымдалған файлдардың бірін табуға негізделген);
Доктор-программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін тауып қана қоймай, оны «емдеуге» арналған);
Фильтр-программа (компьютермен жұмыс жасау барысында вирустың бар болуын алдын ала хабарлауға негізделген);
Ревизор-программа (вирустан белсенді әрі сенімді түрде қорғауға арналған).
Вирустар үнемі өзгеріп, жаңа вирустар пайда болуда, яғни детектор-программасы мен доктор-программасы тез ескеруде, сондықтан олардың жаңа нұсқаларын жүйелі түрде жаңарту талап етіледі. Вирус программасы еңгізілген программа зақымдалған программа болып табылады.
Вирустан қорғау программаларының бірнеше түрлері бар. Оның ішінде кең тараған программалардың түрлері
Вирустан және басқа да зиянды программалардан қорғау үшін Microsoft корпорациясы келесі программаларды жасады: Windows 8 және Windows RT-такіріктірілген Windows және Windows Smart Screen қорғаушы (5сурет). Олар компьютерді вирустан, лицензиясыз көшірілген программалық жабдықтамадан және зиянды программалардан нақты уақыт режимінде қорғауға көмектеседі. Windows Қорғаушы автоматты түрде танымал зиянды программаларды қарап отырады.
Антивирустық программалардың ерекшеліктерін анықтау.
Өмірдегі сияқты компьютер әлемінде де көптеген кедергілер кездеседі. Программалардың ашпай қалуы, компьютердің дұрыс жұмыс істемеуі және т.б сияқты. «Вирус» — көбімізге әлі биологиялық термин. Солай болуы да тиіс. Індет қоздырушының осынау бір атауы, компьютер саласына өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында ене бастады. IT тарихшылары оларды әу баста қалжың үшін жазылған кодтар дейді. Ол рас болса, ойынымыз осылды деген осы: жыл сайын вирустар миллиардтаған доллар шығын әкеледі.
Алғашқы вирустар өте қарапайым болыпты. Әрі кетсе басқан қарпіңнің орнына басқа қаріп шығатын болса керек. Ол вирустарды қолданушы өзі қолымен жойып тастай алатындай қарапайым болыпты.
Уақыт өте келе вирус жазушылардың біліктілігі артып, енді вирустан құтылуға жекелеген адамның қабілеті жете бермеген көрінеді. Алдымен тек бір вирустың түрін жоятын программалар шығыпты. Сосын вирус тым көбейіп кеткесін олардың әрқайсысын жоюға бөлек программа жаза беру мүмкін болмағандықтан, вирустар қоры бар программалар шығыпты. Енді, міне, антивирус жазу софтвеер өндірісінің бір бағытына айналды. Бұның барлығы вирустардың әсерінен болады. Вирустар дегеніміз бұл арнайы жазылған шағын көлемді программа. Олар басқа программмалардың алдына, не соңына қосымша жазылады да ол программаны бүлдіруге кіріседі. Бұл вирус жұққан программалар «зақымдалған» немесе «бүлінген» деп аталады.
Вирустың пайда болу белгілері:
· Программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.
· Экранда бөгде символдар , хабарламалар шығады.
· Компьютер баяу жұмыс істейді.
· Кейбір файлдардың бұзылуы.
· Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар.
Вирустар 3 типке бөлінеді.
1. Мекендеу ортасына қарай.
2. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай.
3. Мақсатына қарай.
Мекендеу ортасына қарай вирустар: файлдық, жүктейтін, макровирустар.
Файлдық вирустар-қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде орындалады.
Жүктейтін вирустар- негізгі жүктейтін жазбаға және жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Яғни операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.
Макровирустар- Word құжатына және Excel электрондық кестесі құжатына вирус жұқтырады. Құжат файлын ашқанда жұғу орындалады. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай вирустар- троян аттары, логикалық бомбалар, ұстауыш вирустар, құрттар деп аталады. Бұл вирустар қолданбалы программаларға еніп соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайды. Бұлар программалардың қателіктері мен сәйкессіздіктерін пайдаланатын вирустар.
Мақсатына қарай – насихаттаушы, мағынасыз, шантаж жасаушы,бейсауат деген вирустар бар. Вирустардан қорғану үшін қазіргі кезде антивирус программалары бар. Олар осы вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программалар. Антивирустар тек вирустарды тауып қана қоймай, оларды жояды. Антивирустардың бірнеше түрі бар.
Детектор программалар- бұлар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, ал кейінгі вирус түрлеріне дәрменсіз болып келеді.
Доктор программалар- бұлар вирус жұққан программалар мен дискілерден вирус әсерін алып тастау арқылы емдеп, бастапқы қалпына келтіреді.
Ревизор программалар- бұлар ең алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, оны әлсін-әлсін кейінгісімен салыстырып отырады да сәйкессіздікті анықтаса дереу программа иесіне хабарлайды
Доктор-ревизорлар- бұл доктор программалар мен ревизор программалардың арасынан шыққан гибрид. Бұлар файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оны автоматты түрде емдеп, бастапқы қалпына келтіреді. Полифагтар немесе фагтар, бұлардың қызметі вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программадан жою.Өте қуатты полиграф-сканерге Данилов құрған Dr.Web программасы жатады. Бұл программа вирустарды жақсы айырып таниды. Касперский зертханасы құрған Kasperski антивирусы да сенімді антивирустардың бірі ретінде әлемге аян. Сүзгі программалар- бұлар компьютердің оперативті жадына тұрақты түрде орналасып вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап, оны программа иесіне хабарлайды. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты.Тағы айтып кететін жай қазіргі таңда көптеген антивирусты программалар бар.Олар:
1) Avast! Free Antivirus 6.0.1352 бұл антивирусының негізгі ерекшеліктері:
- Вирусқа қарсы тексеру өте жылдам және компьтердің ресурстерін көп қажет етпейді.
- руткиттерге қарсы қорғаныс
- шпиондық программалардан қорғаныс.
2) Cognitive CuneiForm 12.
CuneiForm — бұл программаның көмегімен сіз кітаптан, газеттен, басқа жерден сканер арқылы алған мәтінді ворд прогараммасына түсіріп, сол жерде өңдей аласыздар. Айталық сізге тез арада үлкен көлемде ақпаратты жазып, өңдеу керек, ал уақыт болса тапшы. Не істеу керек?Әрине бұл программа осындай тапшы адамдарға арналған.
Өндіруші: Cognitive Technologies Ltd.
Лицензиясы: Freeware
Қолдайтын системалары: Windows XP, Vista, Win7
Интерфейс тілі: Орысша
3) PC Tools AntiVirus 2012
PC Tools AntiVirus Free Edition программасы шпиондық және басқа да вирустарды тауып жояды. Бұл антивирустың бір қасиеті ол автоматты түрде сіздің компьютеріңізді бақылап отырады және сізге вирус кірсе оны бірден тауып жояды.
PC Tools Antivirus сізге вирустардан және трояндар мен зиянкестерден жақсы қорғаныс ұсынады. Антивирустық базасын тез жүктейді.
4) AVG AntiVirus Free
AVG Anti-Virus Free Edition — танымал антивирус, үйде пайдаланушыларға толық тегін. Вирустық базасын өте тез жүктеуімен, қолдануының қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
AVG Anti-Virus Free Edition мына компонентерінен тұрады: сканер, монитор, электрондық поштаның сканері және автоматты түрде вирустық базасының жаңартылуы.
Өндіруші: Grisoft Inc
Лицензия: Freewar
Қолдайтын системалар: Windows XP, Vista, Win7
Интерфейс тілі: Орысша
5)Delete doctor
Delete doctor әмбабап программалардың бірі болып табылады. Ол арқылы сіз неше түрлі өшірілмейтін файлдарды жоя аласыз. Мысалы:аты дұрыс жазылмаған, бүлінген, қорғалған, вирустар қалдырған файлдарды жоюға болады. Пайдалану өте қарапайым
10.Формулалар редакторы не үшін керек?
Формулалар редакторы (Редактор формул; equation) — Word мәтін процессоры құрамындағы математикалық формулалар мен символдар енгізетін сервистік программа. Мәтін арасына формула енгізу үшін керекті позицияны тандап алып, Кірістіру-Объект-Microsoft Equation командасын орындау қажет. Сонда формула теруге мүмкіндік беретін математикалық таңбалар тақтасы бар терезе ашылады. Формула теріліп болған соң, бос кеңістікте тышқанды басу — бұрынғы мәтіндік режімге қайтарады.
11.Формулалар редакторын қалай іске қосамыз?
Microsoft Word мәтіндік редакторында формулалар редакторының көмегімен құжат мәтініне математикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады. Формулалар редакторының көмегімен жазылатын обьектілерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көпмүшелер және т.б. жатады.
Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, Кірістіру⇒Обьект⇒Microsoft Equation (Вставка⇒Обьект⇒Microsoft Equation) әмірін орындау керек немесе стандартты құрал саймандар мен пішімдеу жолағынан белгішесін басамыз. Сонда экранда “Формула” атты шаблондар панелі шығады. Осы шаблондар арқылы біз математикалық формулаларды жаза аламыз.
Мысалы: ах2 + вх + с = 0 квадрат теңдеуінің түбірін табу формуласын жазайық. Оның түбірін табу формуласын жазбастан бұрын осы теңдеудің өзін біз компьютерде қалай теретінін қарастырайық. Бұны теру үшін формулалар редакторы керек пе, жоқ па дегенге тоқталайық. Оны біз жоғарғы индексілі х2 белгісін қолдану арқылы оңай жаза аламыз. Олай болса біреуіміз осы формуланы компьютерде теріп көрсетейік. (теңдеуді бір оқушы компьютерде жазып көрсетеді)
12.Обьектілер тізімінде Формулалар редакторы жоқ болған жағдайда не істеу керек?
Мəтіндік редактормен жұмыс істегенде сіз реттелген мəліметтерді жиі кездестіресіз. Мұндай мəліметтерді құжатта сақтаудың ең тиімді жолы кесте болып табылады. Сонымен бірге кестені сіз əртүрлі тізім, финанстық мəліметер жəне де өзге де мəліметтер үшін қолдана аласыз. Кесте
ақпараттың түсінікті берілуі үшін де қолданылады.
Кесте құжаттық мəтіннің кез келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бip немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Мұндай жағдайда сіздер кесте тақырыптарын əpбip беттің жоғарғы жағына автоматты түрде орналастыра
аласыздар.
Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте=>Кестені енгізу командасын немесе стандартты Құрал-саймандар тақтасының Кестені енгізу батырмасын пайдалану керек.
Кесте даярланған соң, ұсынылған стандартты форматтардың жиынынан бізге қажетті форматты таңдап алу үшін Кесте=>Кестені автоформаттау командасын пайдаланған жөн. Бұл тəсіл Кестелерді форматтау процесін анағұрлым жеңілдетеді. Кестені даярлаудың қарапайым жолы — Кестені енгізу батырмасын пайдалану. Мұнда бағаналар еш мəтін жолының толық ені мен бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден тағайындалады. Қажет болса, əрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгерте аласыз.
Сонымен, алғаш рет кестені даярлау үшін төмендегі əрекеттер орындалады:
- даярланатын кестенің сол жақ жоғарғы шетіне (бастапқы нүктeci) курсорды алып бару;
- тышқанмен Құрал-саймандар тақтасындағы Кестені енгізу батырмасын басып енгізу
нəтижесінде экранға кесте көрінісі пайда болады;
- кесте көрінісіндегі кез келген ұяшықты тышқанмен белгілеңіз де, тышқанның батырмасын
босатпаңыз. Кесте көрінісінің төменгі бөлімінде ағымдағы жолдар мен бағанлдар саны бейнеледі
(мысалы, 3х5);
- курсорды кестенің кажетті мөлшеріне дəл келетін оң жақ төменгі торына жылжытып апарыңыз. Егер курсорды оңға немесе төменге жылжытатын болсаңыз, онда торлар саны да (сызықтар арқылы) соған байланысты өсіп отырады;
- керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жіберіңіз. Мəтіннің курсормен керсетілген жерінде кажетті өлшемдегі кесте пайда болады.
13. Электрондық кестелер не үшін қажет, олардың қандай білесің?
Электрондық кесте дегеніміз жолдар мен бағаналардан тұратын кесте түрінде реттелген ақпаратты өңдеу программалары. Электрондық кесте функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізеді, түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттейді, тиімділеу мәселелерін шешеді, белгілі бір шартты қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алады, графиктер мен диаграммаларды тұрғызады, мәліметтерді статистикалық талдайды.
Місrosoft фирмасының Ехсеl программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Ехсеl жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Олкез-келген ақпараттың құрылымын реттеудің, сипаттаудың және өңдеудің арнайы моделі. Ехсеl программасы кестелік есептеулерді орындауға, кестеде берілген ақпараттар негізінде әртүрлі диаграммалар құруға, мәліметтер базаларын құрып, олармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндіктер береді.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Ехсеl программасында 65536 жол және 256 бағана бар. Электрондық кестенің негізгі элементі – ұяшық. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысында тұрған торкөз. Оған мәтін, сан немесе формула енгізуге болады.
Ехсеl программасы енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ әріп немесе " " (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Теңдік "=" белгісінен басталса, онда ол ұяшыққа формула енгізілетінін білдіреді.
Мәтін - кез-келген символдар жиынтығы. Егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді " символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа орналасады. Егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында толық сақталады).
14. Баған, жол атаулары дегеніміз не?
кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.
Жол - көршілес ұяшықтардың бірлестігі.
Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.
Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.
15. Жұмыс кітабы деген не? Жұмыс беті деген не?
Жұмыс кітабы. Жұмыс парағы.
Жұмыс кітабы. MS Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының (Лист - 1, Лист - 2,...) жұмыс парағынан тұрады. Таңбашаны ашып, жұмыс кітабының ішінде парақтан - параққа ауысуға болады.
16. Ағымдық ұяшық деген не?
Ағымдағы ұяшықты немесе ерекшелінген ауқымдағы мәліметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім ► Ұяшықтар (Формат ►Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзету, қарпін өзгерту, символдардың жазылуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметрлерді енгізуге болады.
17. Ұяшық өлшемдерін өзгерту тәсілдер
Кестелермен жұмыс жасау кезінде пайдаланушылар ұяшықтардың өлшемін өзгерту қажет. Кейде деректер ағымдық өлшем элементтеріне сәйкес келмейді және оларды кеңейту керек. Парақта жұмыс орнын үнемдеу және ақпаратты орналастырудың ықшамдылығын қамтамасыз ету үшін ұяшықтар көлемін азайту қажет болған кезде жиі кері жағдайлар болады. Біз Excel бағдарламасындағы ұяшықтардың өлшемін өзгертуге болатын әрекеттерді анықтаймыз.
Сонымен қатар оқыңыз: Excel бағдарламасында ұяшықты қалай кеңейту керек
Бірден айта кету керек, табиғи себептерге байланысты бір ұяшықтың мөлшерін өзгерту жұмыс істемейді. Парақтың бір элементінің биіктігін өзгерту арқылы біз ол орналасқан барлық жолдың биіктігін өзгертеміз. Оның енін өзгерту - біз ол орналасқан бағанның енін өзгертеміз. Жалпы, Excel бағдарламасында ұяшықтың өлшемін өзгертудің көптеген нұсқалары жоқ. Мұны шекараларды қолмен сүйреу арқылы немесе арнайы пішінді қолдана отырып сандық өрнектегі белгілі бір өлшемді көрсету арқылы жасауға болады. Осы нұсқалардың әрқайсысы туралы толығырақ білейік.
1-әдіс: жиектерді апарып тастау
Жиектерді сүйреу арқылы ұяшықтың өлшемін өзгерту ең қарапайым және интуитивті нұсқа болып табылады.
Ұяшықтың биіктігін жоғарылату немесе төмендету үшін біз ол орналасқан сызықтың тік координаталық тақтасында сектордың төменгі шекарасына қарай апарамыз. Жүгіргі екі бағытта көрсеткілерге айналуы керек. Тінтуірдің сол жақ батырмасымен қыстырғыш жасаймыз және жүгіргіні жоғарыға қарай тартамыз (егер сіз оны кішірейтуді қаласаңыз) немесе төмен қарай (егер оны үлкейту керек болса).
18. Интернет желісі дегеніміз не
INTERNET ЖЕЛІСІ
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қафрапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society — Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |