15-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Жұмыр құрттардың құрылысымен жылқы аскарида арқылы танысу.
Тип Nemathelminthes – Жұмыр құрттар
Класс Nematoda – Нағыз жұмыр құрттар
Класс тармағы Secernentea – Сецернеттер
Өкілі Parascaris equorum – Жылқы аскарида.
Мақсаты: Аскариданың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырма: Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.
Құралдар: Фиксацияланған аскаридалар, көлденеңінен кесілген гистологиялық препараттар.
Тапсырмаға түсініктеме: Фиксацияланған аскариданы табақшаға салып, су құйып, алдын ала бас жағын тауып алып, екі жағынан табақшадағы парафинге бекітіп, иненің ұшымен аскариданың аналь тесігінен ауыз тесігіне дейін кесу керек. Ішкі мүшелерін көру үшін инемен тері бұлшық ет қапшығын қарама-қарсы бағытта түйреп ашу керек. Қарауға ыңғайлы болу үшін инені көлбей шаншиды. Бұдан соң табақшаға су құйып, аскариданың ішкі құрылысын таза су астында қарап зерттейді. Жыныс органдарын тауып, аскариданың аталық не аналық екенін анықтау керек. Аскариданың көлденен кесіндісінен бұлшық ет клеткаларын, гиподерма және китикуланың, дененің алғашқы қуысының құрылысымен танысу керек.
Сұрақтар:
1.Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
2.Алғашқы дене қуысы дегеніміз не?
3.Аскариданың бұлшық ет системасының өзгешеліктері қандай?
4.Аскариданың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай?
5.Жұмыр құрттардың маңызы.
16-шы ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Жұмыр құрттардың алуан түрлілігі, қылқұрттар, коловраткалар. Скребнилердің сыртқы құрылысы.
Тип Nemathelminthes – Жұмыр құрттар
Класс Nematomorpha – Түкті құрттар
Класс Rotatoria – Коловраткалар
Тип Acanthocephales – Скребнилер
Класс Acanthoccphals – Скребнилер