Жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыс-ғылыми пәндері кафедрасы Омыртқасыздар зоологиясы 6В01510 - Биология
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Семей 2024
1 ӘЗІРЛЕНДІ Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қуанышбаева М.Ғ.
28.05.2024 жыл
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ Жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының отырысында, Хаттама №10, 28.05.2024 жыл
Кафедра меңгерушісі Рахимжанова А.М.
Жаратылыстану математика факультетінің Сапаны қамтамасыз ету комиссиясының отырысында
Хаттама №6, 06. 06. 2024
Төраға Желдыбаева Б.С.
3 БЕКІТІЛДІ Факультет деканы Мукаев Ж.Т.
1-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. Тақырыбы: Микроскоптың құрылысы. Қарапайым жануарлардың құрылысымен танысу. Амеба. Патшалық тармағы Protozoa – Қарапайымдылар. Тип Sarcomastiqophora – Саркомастигофоралар. Класс Sarcodina – Саркодиналар. Класс тармағы Rhizopoda – Тамыраяқтылар. Отряд Amoebina – Амебалар. Өкілі Amoeba proteus – Кәдімгі амеба.
Мақсаты: Микроскоптың құрылысымен танысу. Саркодиналар класының өкілдерінің құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырма: Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференцациясына көңіл аудару. Органоидтарын анықтап (ас қорыту, зәр шығару, денесінің осмос қысымын реттеу, экто- және эктоплазмалық құрылысын салыстыру).
Құралдар: Микроскоптар. Тірі амебалар, (уақытша препараттар, тұрақты препараттар).
Тапсырмаға түсініктеме: бір тамшы судың тамшысынан амебаны тауып, микроскоптың ұлғайтылған әр түрлі өлшемдерімен қарау. Амебаның қозғалысын, қоректену, көбею процестерін бақылау. Амебаның ядросын тұрақты боялған препараттан қараған жөн. Амебаның суретін салып, барлық белгілерін көрсету.
Сұрақтар: 1. Амеба цитоплазмасының ерекшелігі неде? 2. Амебаның қандай органоидтары тіршілік үшін маңызды роль атқарады? 3.Амебаның құрылысындағы қарапайымдылығы неде? 4. Сұйық заттар, амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректенуі? 5.Амебаның көбеюі. 6. Амебалардың тіршілік ету (өмір сүру) ортасы? 7. Бақалшақсыз амебалардың алуан түрлілігі? 8. Паразиттік амебалар және оның маңызы? 9. Цистаға айналудың биологиялық маңызы және оның қоректенуі.
2-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. Тақырыбы: Бақалшақты амебалардың құрылысы. Патшалық тармағы Protozoa – Қарапайымдылар. Тип Sarcomastiqophora – Саркомастигофоралар. Класс Sarcodina – Саркодиналар. Класс тармағы Rhizopoda – Тамыраяқтылар. Отряд Testacea- Бақалшақты амебалар. Өкілдері 1) Arcella sp.- Арцелла. 2) Difflugia sp.- Диффлюгия. Отряд Foraminifera-Фораминифералар. Өкілі Бір және көп камералы фораминифералар. Мақсаты: Бақалшақты амебалардың құрылысымен тіршілік ету әрекеттерімен танысу. Тапсырма: Бақалшақты амебалардың тұлғасымен, құрылысымен қоректену және қозғалу қабілетімен танысу. Фораминифералардың қарапайым және күрделі бақалшақтарының суретін салу. Құралдар:Тұщы суда мекендейтін тірі бақалшақты амебалар және препараттар. Фораминифералар тұрақты препараттар. Тапсырмаға түсініктеме: Су тамшысынан тұщы суда тіршілік ететін бақалшақты амебалардың әр түрлі өкілдерін табу,олардың кеңістіктегі қозғалысын , қоректенуін, цитоплазманың айналуын бақылау.Тұрақты препараттардан алуан түрлі фораминифера лардың пішінімен және құрылысымен танысу. Арцелла , диффлюгия , бір камералы және көп камералы фораминифералардың даму циклімен танысу, суретін салу. Сұрақтар: 1.Бақалшақты және бақалшақсыз амебалардың ұқсастығы және айырмашылығы неде? 2. Амебалардың бақалшақтарының құрылысының табиғаты. 3. Бақалшақты амебалар мен фарминифералардың көбею жолдары. 4.Даму циклі дегеніміз не? 5. Фораминифералардың тіршілік ету ортасы және қоректенуі.
3-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Талшықтылардың құрылысы . Жасыл эвглена және паразиттік талшықтылар. Патшалық тармағы Protozoa – Қарапайымдылар. Тип Sarcomastiqophora – Саркомастигофоралар. Класс Mastigophora- Талшықтылар. Класс тармағы Phytomastigina-Өсімдік тектес талшықтылар. Отряд Euglenoidea - Эвгленалар. Өкілi Euglena viridis - Жасыл эвглена. Отряд Kinetoplastida – Кинетопластидалар. Өкілі Trypanosoma sp. – Трипанозома. Мақсаты: Жасыл эвгленаның құрылысымен, тіршілік әрекетімен танысу Тапсырма: Эвгленаның және трипанозоманың құрылысымен танысу. Қоректену жүйесінің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарынжәне жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу. Құралдар: Тұщы суда тіршілік ететін тірі эвгленалар , тұрақты препараттар. Тапсырмаға түсініктеме: Уақытша препараттан тірі эвгленаны тауып алып, кеңістіктегі қозғалысын бақылау.Эвгленаның суретін салып, құрлымын көрсету. Тұрақты препараттардан трипанозомаларды тауып, құрылысымен танысып, суретін салу. Цисталанып жатқан қарапайымдыларға көңіл бөлу керек.Егер су тамшысында эвгленалардан басқа талшықтылардың түрлері болса , оларды жасыл эвгленамен салыстырып, ерекшеліктеріне көңіл аударыңыз. Сұрақтар: 1. Талшықтылардың қозғалыс тәсілі қандай? 2. Цистаға айналу себептері неде? 3. Талшықтылардың дене симметриясы туралы не айтуға болады? Симметриялардың түрлері неге байланысты? 4. Талшықтылар мен саркодиналардың ұқсастығы мен айырмашылығы? 5. Талшықтылардың зат алмасу, қоректену әдістері және олардың филогенетикалық маңызы? 6. Стигманың функциясы? 7. Трипанозомалардың туғызатын аурулары және оларды табиғаттағы тасымалдаушылары?