Мақсаты: Түкті құрттардың, коловраткалардың, скребнилердің құрылыстарымен танысу.
Тапсырма: Түкті құрттардың сыртқы құрылысымен танысып, тіршілік циклінің схемасын салу. Тамшы суда коловраткалардың тіршілік циклін қарап, ішкі және сыртқы құрылысының суретін салу керек. Гетергония процесіне көңіл аудару қажет. Скребнилердің сыртқы құрылысына қараңдар.
Құралдар: фиксацияланған түкті құрттар және скребнилер, тірі коловраткалар.
Тапсырмаға түсініктеме: Тамшы судан коловратканы тауып, оның кеңістікте жылжуына, қоректенуіне, айнымалы шайнау құралына – мастакске көңіл аудару керек. Денесінің үш бөлімінен: айнымалы құралдан, дене және аяқтан тұратындығын көру керек. Сабақта скребнилер тек көру материалдары ретінде беріледі.
Сұрақтар: 1.Түкті құрттың тіршілік циклінің ерекшеліктері қандай?
2.Жұмыр құрттардың өкілдерінің маңызы? Коловраткаларға қандай тіршілік тән?
3.Коловраткалардың сыртқы құрылысында басқа жұмыр құрттардың өкілдерімен салыстырғанда қандай өзгешеліктер бар?
4.Партеногенез дегеніміз не?
5.Аталық коловраткалардың тіршілік және дене құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
17-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Буылтық құрттар типімен көп қылтандылар құрттар арқылы танысу.
Тип Annelida – Буылтық құрттар
Тип тармағы Aclitellata – Белдіксіздер
Класс Polychaeta – Көпқылтандылар
Класс тармағы Erranita – Кезбелер
Өкілі Nereis sp. – Нереис
Класс тармағы Sedentaria – Отырғыштар
Өкілі Arenicola sp. – Құмқазар
Мақсаты: Көпқылтандылар класының сыртқы құрылысымен танысу.
Тапсырма: Буылтық құрттардың жоғарыда айтылған өкілдері арқылы сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Тотальдық препараттан – бас бөлімінің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлердің құрылысымен танысып, суретін салу керек.