6В01510 Биология зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар


Мақсаты:Жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділердің класының алуан түрлі өкілдерімен танысу. Тапсырма



бет16/24
Дата12.10.2024
өлшемі62,9 Kb.
#147867
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
file-1533

Мақсаты:Жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділердің класының алуан түрлі өкілдерімен танысу.
Тапсырма:Алуан түрлі өкілдерін көріп,денесінің сегменттенуіне және аяқтарының құрылысының ерекшеліктеріне көңіл аудару.
Құралдар:Фиксацияланған жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділер класының өкілдері.
Тапсырмағы түсініктеме:Отрядтардың денелерінің сегменттелуіне қарай салыстырмалы таблица құру.Сегмент бойынша аяғының бөлінуі туралы мәлімет беру.Әр отрядтың негізгі белгілеріне қарап қорытынды жасау.
Сұрақтар:
1.Жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділердің дене құрылысының негізгі белгілері қандай?
2.Жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділер класының әр отрядтарының негізгі белгілерінің айырмашылықтар.
3.Жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділердің тәжірибедегі маңызы.


25-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысы мен алуан түрлілігі
Тип Arthropoda- Буынаяқтылар
Тип тармағы Chelicerata – Хелицералылар
Класс Arachnida – Өрмекші тәрізділер
Отряд Scorpiones – Құршаяндар
Отряд Solifugae- Сольпугалар
Отряд Pseudoscorpiones- Жалған құршаяндар
Отряд Opiliones – Пішеншілер
Отряд Aranci- Өрмекшілер
Отряд Acari – Кенелер
Мақсаты: Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуін, ауыз аппаратының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп, танысу.
Тапсырма: Құрашаяндардың сыртқы құрылысын қарап, денесінің сегменттелуін, хелицера аппаратынан анықтап қарап суретін салу. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын анықтап, суретін салу.
Тапсырмаға түсініктеме: Хелицералилардың денесі: бас, көкірек және құрсақ бөлімінен тұрады және мұртшалар мен антенуллардың жойылып кетуіне көңіл бөлу қажет. Баскөкірегінің бірінші жұп аяқтары хелицераға, ал екінші жұп аяқтары педипальпаға айналған.
Хелицералылардың әр алуан өкілдерін қарап, салыстырмалы түрде айырмашылықтарының, ұқсастықтарының неде екенің айтыңыздар.

Сұрақтар:


1.Тип тармағы мелицералылардың негізгі белгілері неде?
2.Қарапайым өрмекші тәрізділердің денесінің сегменттелуінің қандай ерекшеліктері бар?
3.Жоғарғы сатыдағы өрмекші тәрізділер өкілдерінің денесінің сегменттелу ерекшелігі қандай?
4.Жерде жүруге бейімделген өрмекшілердің неізгі белгілері неде?
5.Өрмекші тәрізділердің тәжірибедегі маңызы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет