Мақсаты:Өзен шаянының сыртқы құрылысымен танысу.
Тапсырма:Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап,сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек.Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып,оларды ретімен орналастырып,суретін салу.
Құралдар:Фиксацияланған өзен шаяны.
Тапсырмаға түсініктеме:Өзен шаянын табақшаға салып,арқа жағынан оның дене бөлімдерін ажырату бас-көкірек,құрсақ бөлімдерін.Денесінің әр сегментінің склерит,тергит,плейритке бөлінуіне және денесін жауып тұратын хитиніне көңіл бөлу қажет.Өзен шаянын табақшаға шалқасынан жатқызып аяқтарын ажырату керек.Ең алдымен құрсақтың соңғы сегменттегі аяғынан бастап,құрсақтағы барлық жүзу аяқтарын кесіп алу керек.Көкіректегі 5 жұп жүру аяқтары мен 3 жұп жақ аяқтарын кесіп алып,Петри табақшасына құйылған суға салып,аяқтың түбінде орналасқан желбезек тармақтарын көру керек.Бас бөліміндегі-үш жұп жақ және 1 жұп мұртшаларының орналасу тәртібін анықтаңыз.Мүшеленген аяқтардың суретін салыңыздар.
Сұрақтар:
1.Өзен шаянының сыртқы құрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілер қандай?
2.Буынаяқтылардың аяқ құрылысы және гомондық немесе гетерономдық сегменттердің айырмашылықтары.
3.Буынаяқтылардың онтогенезінің айырмашылығы.
4.Шаян тәрізділердің негізі белгілері.
21-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы:Өзен шаянының ішкі құрылысы.
Тип Arthropoda-Буынаяқтылар
Тип тармағы Branchiata -Желбезектыныстылар
Класс Crustacea -Шаян тәрізділер
Класс тармағы Malascostraca -Жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділер
Отряд Decapoda-Онаяқтылар
Өкілі Potamobius asfacus-Өзен шаяны
Мақсаты:Өзен шаянының ішкі мүшелерінің құрылысымен танысу.
Тапсырма:Өзен шаянын сою.Ішкі мүшелерін қарау.Өзен шаянының бұлшық ет,ас қорыту,тыныс алу,қан айналу,жыныс,зәр шығару,жүйке жүйелерін көріп,оларды белгілеп,сойылған өзен шаянының суретін салу.
Құралдар:Фиксацияланған өзен шаяны.
Тапсырмағы түсініктеме:Өзен шаянын арқа жағынан сою керек.Перибранхиальды қыртыстың бойын қайшымен кесіп,желбезек қуысын ашып,тыныс алу аппаратының құрылысын көру керек.Көкірегі мен басының үстіңгі қабатын жайлап алып,оның астындағы органдарды көру керек:жүрегін,асқазанын,бауырын,ішегін,зәр шығару органын,жыныс мүшелерін.Жүйке тізбегінің құрылысын көру үшін-артқы ішекті анықтап көрген соң,оны қарынның бұлшық етімен қоса алып тастау қажет.
Сұрақтар:
1.Өзен шаянының ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері?
2.Зәр шығару мүшелерінің ерекшеліктері.
3.Буылтық құрттармен салыстырғанда өзен шаянының қан айналу жүйесінде қандай өзгешеліктер пайда болды?
4.Өзен шаянының тыныс алу жүйесі.
5.Өзен шаянының жыныс жүйесі.
6.Буылтық құрттар мен өзен шаянының нерв жүйелерін салыстыру.
22-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы:Желбезекаяқты шаяндардың ішкі және сыртқы құрылысы.
Тип Arthropoda-Буынаяқтылар
Тип тармағы Branchiata -Желбезектыныстылар
Класс Crustacea -Шаян тәрізділер
Класс тармағы Branchiopoda-Желбезекаяқтылар
Отряд Phyllopoda-Жапырақаяқтылар
Отряд тармағы Notostraca-Қалқаншалар
Өкілі Triops sp.-Қалқанша
Отряд тармағы Cladocera-Тармақмұрттылар
Өкілі Daphnia sp.-Дафния