6В01707- ағылышын тілі және информатика бб 1-курс студенті Мамбетова Гүлсая


Оқу практиканың жұмыс жоспар-кестесі



бет2/4
Дата09.02.2023
өлшемі1,87 Mb.
#66530
1   2   3   4
Байланысты:
Гүлсая практика кагаз пдф

4. Оқу практиканың жұмыс жоспар-кестесі

Уақыты







Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

13:45-14:25

1-сабақ

Математика

Ағылшын тілі

Информатика

Денешынықтыру

Математика

14:30-15:10

2-сабақ

Жаратылыстану

Математика

Ағылшын тілі

Ағылшын

Қазақ тілі

15:20-16:00

3-сабақ

Қазақ тілі

Көркем еңбек

Математика

Қазақстан тарихы

Көркем еңбек

16:10-16:50

4-сабақ

Қазақстан тарихы

Қазақ әдебиеті

Жаратылыстану

Математика

Музыка

16:55-17:35

5-сабақ

Дене шынықтыру

Дүниежүзі тарихы

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

Орыс тілі

17:40-18:20

6-сабақ

Орыс тілі

Орыс тілі

Дене шынықтыру









5. №30 қазақ орта мектебі туралы мәлімет
Мектеп атауы: №30 қазақ орта мектебі
Мектептің мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 70А
Телефон: 44-58-98
Индекс: 030020
1969 жылы №30 орыс орта мектебі болып ашылды.
1996 жылы статусы ауысып, №30 қазақ орта мектебі болып ашылды.
Мектепте қазіргі уақытта 47 класс комплектісі бар. Бала саны-1076.
Мектепте асхана, 2 медике кабинеті, 1 кітапхана оқу залымен, 1 акт зал, 1 спорт зал бар.
2 интерактив тақта, 2 толық жабдықталған кабинет бар(физика, химия).

Мектеп әкімшілдігі
Мектеп директоры - Амитжанова Индира Базаралиевна
Оқу ісі жөніндегі орынбасары- Сулейменова Корлан Капановна
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Мукатова Мирагіл Миргалиевна
Әдістеме ісі жөніндегі орынбасары- Абдикалыкова Газима Шораевна
Бастауыш класстар жөніндегі орынбасары- Сейткамалова Гулбагда Зейноллавена
ЖББ жөніндегі орынбасары- Қобландина Майра Жұмақызы

6. Күнделік толтыру
16.01.2023 – 27.01.2023

Күндер



Оқу жұмыстарын жоспарлау

16.01.2023

«№30 орта мектебі» КММ
Мен 16.01.2023-27.01.2023ж.ж аралығында психологиялық-педагогикалық практикадам өттім. Өз мамандығымның біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген тәжірибе орны Ақтөбе қаласы «№30 орта мектебі» болды. Практика кезіндегі мен мектептің 7 «В» сыныбына сынып жетекшісі болып бекітілдім. Сыныпта 21 оқушы бар,оның ішінде 12 қыз, 9 ұл бала. Сынып жетекшісі Сатыбалдина Мейрамгүл Маратқызы.7-ші сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамуға тырыстым.
Алғашқы күнім болғандықтан балаларға жат адам секілді болып, тілдесе алмадым. Оларда маған жат көзқараспен қарады. Сабақтың өту барысын, мұғалімнің сыныпқа кіргеннен бастап, шығып кеткеніне дейін әр сөзін, әр қимылын қалт етпей бақыладым.

17.01.2023

Бүгін практикамның екінші күні. Сағат 13:45-те ішке қоңырау соғылды.Өзіме берілген сыныптың барлық сабақтарына қатысып оқушылармен жақын таныса бастадым.Олардың бір-бірімен қатынасын бақылап,көшбашыларын анықтай бастадым. Оқушылардың қызығушылықтарымен бөлісіп, нені қалайтының, ненің ұнамайтының біле бастадым.

18.01.2023

Бүгін практикамның үшінші күні. Оқушылар толық қатысты. Алғаш өткен сабақты қорытындылау есебінде, мұғалім оқушыларға "сұрақ-жауап" ұйымдастырды. Тақтаға шығарып картамен оқушыларға жұмыс жасатты. Оқушылар бірін-бірі шапалақтау арқылы бағалады. Өткен сабақты қорыту алғашқы 15 минут уақытты алды. Кейін жаңа сабаққа көшті. Мұғалім оқушыларға интерактивті тақта арқылы бейне-сурет, видео тамашалатты, кейін 3 топқа бөлді. Топтарға тапсырма берілді, тапсырма орындалып, қорғалғаннан кейін топтар арасында бір-бірінің жауабына 10 балдық жүйеде баға берді. Сосын ағылшын пәніне кірдім. Сабақ басталғанында алғашқы минуттарында әдеттегідей үй тапсырмасы тексерілді. Тақырыпқа қатысты мәтін оқылды, бейне ролик көрді. Оқып болған соң, әңгімеге байланысты мұғалім әр оқушыға 5 сұрақ берді, оны көршісімен талқылап, айтуы тиіс. Барлығы түгел айтып болғаннан кейін, жаттығуды ауызша талқылап, кейін оқушылар дәптерге жазып, тақтаға шығып орындады.

19.01.2023

Бүгін практикамның төртінші керемет күні.7-ші сыныбының сабақ кестесі бойынша мен геометрия,орыс тілі, қазақ әдебиеті, география,ағылшын,көркем еңбек, дене шынықтыру, сабақтарына қатыстым. Бірінші сабақ орыс тілі пәні болды. Орыс тілі пәнінен алғашқы минуттарында үй тапсырмасын тексеріліп, кейін сынып жұмысы жүрді.Қазақ әдебиеті мұғалімі үй тапсырмасын тексеріп,жаңа тақырып түсіндірді. Геометрия пәнінен жаңа тақырып өтіп есептер шығарылды. Ағылшын тілі пәнінен бірінші мұғалім алдыңғы сабақтағы жаңа сөздерді қайталатты. Кейін оларға карточка берді, карточкада «quiz» ұйымдастырылған.

20.01.2023

Бүгін практикамның бесінші куні.1-ші пән Алгебра болды. Тақырыбы:a2 – b2 = (a – b)(a + b) формуласын қолданып, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.Миримхан Бағжан мен Қалижанова Аружан тақтаға шығып есеп шығарды.2-ші пән қазақ тілі болды.Қайталау сұрақтарын берді.Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндірді. Жаттығуларды мысал арқылы түсіндірді. 3-ші пән қазақстан тарих, ал 4-ші пән ағылшын болды. Оқушылар тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап берді. 5-ші пән биология болды. Мұғалім оқушылардан үй жұмысын сұрады. 6-шы сабақ тәрбие сағаты болды.Тәрбие сағатын өткізу барысында мұғалім бізге көмек берді, сырттан бақылап тұрды. Тәрбие сағатының тақырыбы «Адалдық-адамдықтың белгісі». Оқушыларды 3 топқа бөліп, тақырыпқа сай көптеген тапсырмалар бердім, оқушыларға интерактивный тақтадан адалдық туралы видео-ролик көрсеттім, сұрақ-жауап ұйымдастырдым. Оқушыларға сабақ ұнады. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе болды.

23.01.2023

Бүгін менің практикамның алтыншы керемет күні. Сабақ ойдағыдай сағат 13:45 те басталды. Бүгін оқушыларға 7 сабақ. Бірінші сабақ қазақ тілі одан кейінгі сабақтар физика, алгебра, қазақстан тарих, биология, ағылшын және дене шынықтыру сабақтары өтті. Барлығы сабаққа түгел қатысты.

24.01.2023

Бүгін менің практикамның жетінші күні. Сабаққа барлық оқушы түгел қатысты. Бүгін химия, геометрия, дүниежүзі тарих, орыс тілі, дене шынықтыру және қазақ әдебиет сабақтары өтті. Сабақтар қызықты өтуде, балаларға ұнап жатыр.Екінші сабақтан кейін сыныптағы балалар асханаға барды. Оқушылар келгенен соң сабақ басталды. Сабақ үстінде сергіту сәтін өткіздік. Балалардың көңіл күйі жақсы, сабаққа деген қатысымы тамаша.

25.01.2023

Практикамның сегізінші күні. Бүгін орыс тілі, физика, алгебра, қазақ тілі, география, информатика сабағы болды. Ағылшын тілі пәнінен кітаппен жұмыс болды.Информатика пәнінен оқушылар Python программасы арқылы есептерді шығарды.

26.01.2023

Бүгін практикамның тоғызыншы күні болды. Бүгін 7 «В» сыныбына 7 сабақ:Орыс тілі, әдебиет, геометрия, ағылшын, көркем еңбек, география, дене шынықтыру сабақтары болды. Сабаққа барлық оқушы түгел қатысты.Сабақ ойдағыдай сағат 13:45 те басталды.Сабақтар қызықты өтуде балалар сабаққа жақсы араласуда. Ағылшын пәнде оқушылар кітаппен жұмыс жасап, жаңа сөздер жазып отырды. Сұлтанғалиева Гүлсана өте жоғары деңгейде мұғалімнің сұрақтарына жауап берді. Оның жақсы көретін пәні ағылшын тілі.

27.01.2023

Бүгін практиканың соңғы күні. Оқушыларға сондай бауыр басып, үйреніп қалған кезім. Бүгін “Отбасым-алтын діңгегім” тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Оқушыларды түстер арқылы топтарға бөліп, әр баланың түсіне қарай темпераментін анықтадым. Отбасы құндылықтары жайлы бейнеролик көрсеттім және сол бейнероликтен ұққандарын постерге жазғыздым.Отбасы тақырыбына сәйкес мақал-мәтел, өлең жолдары, суреттерді тақтаға көрнекілік ретінде ілдім. Және сабақ соңында оқушыларға тілек ағашынан, тәттіге оралған тілек стикерлерін таратып бердім.Мен осы уақыт аралығында не үйрендім,не түйдім соны жаза кетейін. Өзіме бекітілген сыныптың оқушыларының жеке тұлғасын және жалпы балалар ұжымын зерттедім. Жалпы сыныптың жәнеде бір оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастырдым. Мектептін оқу тәрбие жұмыстарының жоспарын күндізбелік тақырыптық күделікті сабақ жоспары, тәрбие жоспарымен таныстым.Өткізілетін оқу тәрбие жұмыстарын зерделедім, әр жастағы оқушылар топтарымен жұмыс жасауға кәсіби дайындығымды шындадым. Мен мектептегі жұмыстарды орындау барысында іс-тәжірибе жоспарына сәйкес тәжірибе жинақтадым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет