6В01707- ағылышын тілі және информатика бб 1-курс студенті Мамбетова Гүлсая



бет3/4
Дата09.02.2023
өлшемі1,87 Mb.
#66530
1   2   3   4
Байланысты:
Гүлсая практика кагаз пдф

Баяндама – есеп
Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма – педагогикалық практика. Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Кәсіби компоненттердің іскерлігі мен дағдыларын дәрісханада ғана отырып қалыптастыру мүмкін емес.
Педагогикалық практикадан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды. Тек ұзақ мерзімді практикада студенттердің бұрын меңгерген білімі мен қажетті білім қоры арасындағы қайшылықтары айқындалып, үздіксіз білім алу факторы туындайды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешеді.
Педагогикалық практика кезінде студенттер мұғалімнің кәсіби іс-әрекеттерінің мынадай белгілі бір бағыттарын жүзеге асыру білігін меңгеру міндеттерін шешеді:
- жеке жоспар құру;
- сабақтың жоспарын құру, мақсатын анықтап, оны жаза білу, оқу материалын, әдістерін және құралдарын іріктеп таңдай білу, оқушылардың оқу материалын меңгеруде мүмкін болатын қиыншылықтарды алдын-ала болжай білу, сабақтың түрі мен оның құрылымын анықтау және т.с.с. білу.

Педагогикалық(психологиялық) практикадан өту уақытында Ақтөбе қаласындағы №30 қазақ орта мектебінің 7 “В” сыныбы маған берілді. Сыныпта негізінен 21 оқушы, оның ішінде 9 ұл, 12 қыз оқиды. Жетекшісі Сатыбалдина Мейрамгул -қазақ тілі,әдебиет мұғалімі, 17 жылдық тәжірибесі бар ұстаз. Практика барысында сыныпқа ағылшын тілі, информатика сабақтарына және жетекшілік ретінде практиканы атқардым. Практика 16.01.2023 -27.01.2023 күндері аралығында болды.


Практика өтетін мектеп туралы қысқаша айтып өтсем, мектеп алғаш рет 1969 жылы №30 орыс орта мектебі болып ашылды. Тек 1996 жылы статусы ауысып, №30 қазақ орта мектебі болып қайта ашылды. Қазіргі уақытта мектепте 47 класс комплектісі бар. Мектепте қазіргі таңда 1076 бала білім алады. Сонымен қатар, мектепте асхана, 2 медбике кабинеті, 1 кітапхана оқу залымен, 1 акт залыжәне 1 спорт зал бар. Кабинеттер интератив тақтамен қамтамасыз етілген, 2 толық жабдықталған кабинет бар. Мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралиевна атты ұстаз. Педагогикалық(психологиялық) практика барысында 2 апта бойы жынымызда жүрген, барлық сұрақтарымызға жауап беріп, бар көмегін көрсетіп жүрген жетекшіміз, директордың оку ісі жөніндегі орынбасары Сулейменова Корлан Капановна – математика пәні мұғалімі, көптеген жетістіктері мен 36 жылдық тәжірибесі бар ұстаз. Бұл кісінің мектептің әлеуметтік өміріне сіңірген еңбегі өте зор.
Педагогикалық(психологиялық) практиканың негізгі міндеті жас педагог студенттерді болашаққа даярлап, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты сезіндіре білу және жас мамандар даярлау болып табылады.
Педагогикалық(психолгиялық) практикаға шықпас бұрын университеттегі жетекшіміз Мағзымова Жанат Салауатовна студенттерге конференциялар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Сонымен қатар, zoom платформасы арқылы практикадан өту барысында практика бағдармаласында көзделген тапсырмаларды толық орындау, практика күнделігін жүргізу; практикадан өтетін ұйымда ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін оқып, қатаң сақтау; педагогикалық практика бағдарламасында қарастырылған барлық жұмыс түрлерін уақытылы орындау; практика кезінде ол тәртіпті, ұйымшылдықты, әлеуметтік белсенділікті, педагогикалық мамандыққа терең қызығушылық пен балаларға деген сүйіспеншілікті көрсетуі, педагогикалық әдептілікті сақтау керек екендігі туралы айтылып, ескертілді.
Практиканың алғашқы күнінде мен педагогикалық(психологиялық) практика бойынша құрылған жоспар бойынша жалпы мектеппен және өзімнің жетекшіммен таныстым. Бұл күні маған ең бірінші мектепте өзіңді қалай ұстау керек және мектептің ішкі тәртібі туралы түсіндіріліп өтілді. Сонымен қатар мектептің қауіпсіздік техникасы мен санитария ережелерін оқып шықтым. Одан кейін мені осы практика бойы қадағалап, бағыт бағдар беріп жүретін жетекшіммен таныстырды. Сондай-ақ, мені мектептің директоры және оның оқу ісі жөніндегі орынбасарымен таныстырды. Таныстырып болғаннан кейін, мені өзіме тапсырылған сыныппен таныстырды. Маған екінші аусымның 7-сынып оқушылары тапсырылды. Мен өзіме тапсырылған сынып оқушыларымен жақын танысып, тез тіл табысып кету үшін танысу жұмыстарын ұйымдастырдым. Және де мен өз мақсатыма жетіп, оқушылармен тез тіл-табысып араласып кеттім.
Бұдан кейін маған жетекшім сабақтың тақырыптарын таныстырып, сабақтың өткізілу барысын түсіндіріп, сондай-ақ оқу бағдарламасын көрсетіп шықты. Менің жетекшім маған мектеп ішінде кішігірім экскурсия жасады, мені басқа да сыныптармен, мектеп кітапханасымен, психолог кабинетімен, спорт залмен, акт залмен және мединициналық кабинетпен таныстырып өтті.
Осылайша менің практикамның бірінші аптасы жоспарланған жұмыс бойынша орындалды. Бірінші күннен бастап мен мектептің директорымен және оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен әңгімелесуден бастап, өз оқушыларымен таныстырылып, мектеп бойынша экскурсия жасалып, мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайымен таныстым. Бірінші күннен бастап жоспар бойынша сабаққа қатысып, мектепің нормативтік құжаттарымен танысып және сынып жетекшінің тапсырмасын орындап жүрдім. Сыныпта әр жұма сайын тәрбие сағаты өткізіледі екен және маған бір тәрбие сағатын өткізуді тапсырды. Тәрбие сағатының тақырыбы «Отбасы-алтын діңгегім». Мен сабақты қызықты,ерекше өткізуге тырыстым. Түрлі көрнекіліктер,слайдтар,бейнероликтер арқылы оқушыларды қызықтыра алдым. «Ширату» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөліп, түстер арқылы олардың темпераментін анықтадық. Содан соң постер қорғап, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып,отбасы туралы сұрақтарға жауап берді.Топқа бөлгендіктен, оқушылар тапсырмаларды бір-бірімен бәсекелесіп орындады. Сабақ соңында оқушыларды қуанту мақсатында «Тілек ағашы» әдісі арқылы, оқушыларға тәттіге оралған тілек стикерін бердім. Барлығы қуанып, риза болып үйлеріне тарады.
Әр сабақтың алғашқы 15 минутында өткен сабақты қайталап, үй жұмысын тексеру жұмыстары болады. Кейін мұғалім жаңа тақырып түсіндіріп, сол тақырып бойынша оқушыларға тапсырма беріледі. Сабақты қайталау мен жаңа тақырып бойынша жұмыс барысында мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Практикамның соңғы күнінде оқушыларымды қимай-қимай қоштастым.
Қорытындалай кетсем, маған педагогикалық(психологиялық) практика ұнады. Практика барысында балалармен тіл табысуды, сабақты қызықты әрі тиімді өткізуді, түрлі әдіс-тәсілдерді үйрендім. Мен үшін өте жақсы әрі пайдалы тәжірибе болды. Болашақта осы практика барысында үйренгендерімнің көмегі тиетініне сенімдімін.

30 қазақ орта мектебінің




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет