6В01901-Арнайы педагогика мамандығы, 1-курс, «Невропатология және патофизиология негіздері» пәні
Дата 11.12.2023 өлшемі 17,92 Kb. #137354
Байланысты:
БӨЖ
6 В01 901 - Арнайы педагогика мамандығы, 1-курс, «Невропатология және патофизиология негіздері» пәні
Студенттің өзіндік жұмыстарды (СӨЖ) орындауы бойынша әдістемелік нұсқау
Тақырыбы
Мақсаты
Орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Бақылау нысаны
Тапсыру мерзімі, апта
Әдебиет
СӨЖ-1. Жұлын мен ми бағанасының анатомиясы бойынша альбом жасау
Білім алушылардың жұлын мен ми бағанасы құрылысы және қызметі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру
Тақырыпқа сай түрлі-түсті суреттер жинағын құрастыру. Осы суреттерден құрылым бөліктерін дұрыс тауып, көрсете білу, түсініктеме беру.
Альбомды тексеру
2 апта
№1 (50-58), №2 (56-66),
№6 [106-115]
№7 [32-35, 63-68, 81-86]
№8 [52-58, 86-90]
№4-5, №10-11, №13, №15-24
СӨЖ-2. Үлкен ми сыңарларының анатомиясы бойынша альбом жасау
Білім алушылардың үлкен ми сыңарларының құрылысы және қызметі туралы түсініктерін жинақтау
Тақырыпқа сай түрлі-түсті суреттер жинағын құрастыру. Осы суреттерден құрылым бөліктерін дұрыс тауып, көрсете білу, түсініктеме беру.
Альбомды тексеру
3 апта
№1 (11-28, 34-46), №2 (10-30, 37-51),
№6 [64-106]
№7 [13-32, 43-47]
№8 [58-81]
№4-5, №10-11, №13, №15-24
СӨЖ-3. Жүйке жүйесінің біртұтас құрылысы мен қызметі
Болашақ дефектолог-мамандарды баланың жүйке жүйесі қызметінің интеграциялық құрылымы мен қызметі жайлы ойландыру.
Эссе жазу арқылы жүйке жүйесінің қызметін бейнелі түрде немен салыстыруға болатындығы туралы өз ой-пікірін тұжырымдау және мысал келтіріп , түсіндіру.
Эссені тексеру
5 апта
№1 (46-50, 70-83, 107-116), №2 (51-56, 106-116),
№6 [50-58, 101-106, 126-172]
№7 [177-201]
№8 [100-152]
№4-5, №10-11, №13, №15-24
СӨЖ-4. Гендік және хромосомдық аурулар
Анамнез мәліметтерінің диагноз қоюдағы, баладағы патологияның себебін анықтаудағы маңызын ашып көрсету
Мына тізімде көрсетілген кез-келген бір ауруды таңдап , сол ауру бойынша топтық презентация дайындау:
Нунан синдромы; фенилкетонурия; галактоземия; амавроздық жанұялық идиотия; Дубовица синдромы ; Барде-Бидль синдромы; ауыз-бет-саусақ синдромы; Ваарденбург синдромы; Ушер синдромы; Пенред синдромы ; Альпорт синдромы; Кабуки синдромы; Хааба-Диммер синдромы; аниридия; криптофтальмия; Меесман ауруы (көздің қасаң қабығының эпителиальды дистрофиясы); пигменттік ретинит ; Фридрейх ауруы; Луи-Бар синдромы; Марфан синдромы; Дюшен бұлшық ет дистрофиясы; Мартин-Белл синдромы (сынғыш Х-хромосомасы синдромы); Патау синдромы ; «мысық айқайы» синдромы; Эдвардс синдромы; де Груши синдромы; Лежен синдромы; Реторе синдромы.
Топтық презентацияны қорғау
9 апта
№1 (116-121),
№6 [172-183]
№7 [87-120]
№8 [155-162]
№4-5, №10, №12, №14, №19, №21-27
СӨЖ-5. Эпилепсияның тырысусыз эквиваленттері.
Эпилепсия кезіндегі тырысу ұстамаларынан басқа эквиваленттеріне толығырақ тоқталу
«Эпилепсияның тырысусыз эквиваленттері (пароксизмдері) немесе ұстамалары» («Бессудорожные эквиваленты при эпилепсии») тақырыбындағы мақалаға талдау жасау. Осындай тырысусыз эквиваленттердің үлкен ұстамадан айырмашылығына, ерекшеліктеріне мән беру.
Жазбаша жұмыс
13 апта
№1 (147-189), №3 (18-48), №6 [255-292]
№7 [421-484]
№8 [182-211]
№4-5, №10, №12, №14, №19, №21-27
Достарыңызбен бөлісу: