6В07204– Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы



бет13/22
Дата27.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#110932
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Бақылау сұрақтар:

  1. Жоғары температурадан қорғауға арналған киімді жобалаудағы негізгі принциптері

  2. Материалдардың қорғаныс қасиеттері. Арнайы киімге қойылатын талаптар

  3. Жылуды сақтау қасиетіне материал мен киім конструкциясының әсері

  4. Қолданылу мақсатына қарай арнайы киімдерге қойылатын талаптар

Модульдік бірлік 10. Тұрмыстық киімдердің жылуға төзімділігін есептеу әдісі
Дәріс жоспары:
1. Арнайы киім классификациясы
2. Іш киім
3. Балаларға арналған киімдер

Адамның киімі әр түрлі. Ол 2 үлкен класс қа бөлінеді: тұрмыстық және арнайы.


Əр класс бірнеше киім подкласына, ал подкласс түрлерге бөлінеді. Тұрмыстық киім класына пальтолық, костюмді-көйлектік және іш киімдік бұйымдар жатады. Сырт киім подкласына пальто, жартылай пальто, матадан және үлбірден жасалған курткалар т.б. кіреді. Костюмді-көйлектік бұйымдарға пиджактар, жакеттер, курткалар, шалбарлар, көйлектер, белдемшелер т.б. жатады. Іш киім бұйымдарына күндізгі және түнгі жейделер, комбинациялар, грациялар.
Сондай-ақ киімдер уақытқа және қолдану орнына (салтанатты, күнделікті) қарай бөлінеді, мерзімге қарай (қыстық, жаздық, маусымдық), материалына байланысты (маталық, бейматалық, желімденген т.б.), талшыққа қарай (табиғи, жасанды, синтетикалық).
Арнайы киім классификацияланған. Қазіргі заманғы адам киімі көп қабатты (іш киім, жейде, көйлек, костюм, пальто т.б.). Əр киім қабаты қызметі және қолданылуы әр түрлі, сондықтан гигиенлық талаптар да оларға бірдей емес.
Іш киім. Іш киім бұйымдары адам денесіне тиіп тұрады және сондықтан оның маңызы зор. Іш киім денені кірден және суықтан қорғайды.
Теріде қан тамырлары, жүйке ұштары көп екені белгілі. Бүкіл тер бетінде шамамен 3млн тер бездері орналасқан. Олар терді, көмірқышқылды шығарады. Күніне тері бетінен 40г дене терісінің тері және 0,5-тен 1л дейін тері шығарады. Ыстық жыл мезгілінде тәулігіне 5-6л дейін өседі.
Шұлық процесінде іш киім осыларды жұтып, кірлейді және оның гигиеналық қасиеті нашарлайды. М/ы: кигеннен кейін апта аралығында ауа өткізгіштігі 20% төмендейді, салмағы 5-10% көтеріледі, қалыңдығы 20-30%.
Іш киім тазалық қызметін атқару үшін, іш киім маталары гигроскопиялы және ылғал өткізгіштік болу керек. Олар терінің шығуына, жоғалуына кедергі болмауы керек, ылғал кезінде теріге жабыспауы керек. Іш киіммен сіңірілген ылғал сыртқы ортаға тез шығуы керек.
Іш киімді жасау үшін мақта маталар, жібек, жасанды және синтетикалық талшықтар, маталар, әр түрлі қоспа талшықтары трикотаждың қолданылады. Табиғи мақта мата талшығынан жасалған іш киім жақсы гигиеналық қасиетке ие.
Кесте 10.1 - Іш киімге қойылатын гигиеналық талапар.

Көрсеткіштер

Іш киімді қолдану кезінде жіберілетін параметрлер

Қысқы киімде

Жазғы киімде

Қалыңдығы, мм

1,3-1,5

0,1-0,3

Ауа өткізгіштігі, дм³/(м²·с)

51-100

100 кем емес

Ылғал өткізгіштігі, г/(м²·ч)

52-56

56 кем емес

Іш киімді жасағанда көбінесе трикотаж жаймалары қолданылады. Олар үлкен ауа өткізгіштік, жұмсақтық, тез жуылу қасиетіне ие, жаймалары адам денесіне жабысып тұрады.


Іш киімдік трикотаж жаймалары ақ, боялған, сурет басылған болып шығарылады. Оларды әр түрлі табиғи және химиялық талшықтардан шығарады.
Іш киімдік трикотажды жасағанда талшықты қолданады – ацетаты, вискозды, полинозды. Іш киімді жасағанда ең көп таралған жасанды талшықтар – ацетаты талшықтар. Өйткені олар ылғалды жақсы сіңіреді.
Вискозды талшықтан жасалған іш киімдер жоғары гигроскопиялықпен (5,83%) және ауа өткізгіштік (294дм³/(м²·с) қасиетіне ие.
Штапельді вискозды мақта мата талшықтарының іш киімі – жоғары сорбциялық қасиетіне ие және аз ғана электрленеді.
Полиамидті талшықтан жасалған іш киім жаймалары өте мықты және созылмалы. Трикотажды іш киім жаймалары поливинилхлорид талшықтары жасандыларымен араласқан түрін қолданған өте тиімді. Өйткені олар жылу сақтағыш, сорбциялық қасиетке ие, осындай түрін суық жыл мезгілінде қолданған жөн.
Қорыта келе, химиялық талшықтар мен әр түрлі талшықтар қосындысынан жасалған іш киімдердің гигиеналық қасиеті де әр түрлі. Табиғи талшықтар көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді. Осыны жобалауда, өндірісте, іш киім бұйымдарын эксплуатациялау кезінде ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет