6В07204– Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы



бет16/22
Дата27.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#110932
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Бақылау сұрақтар:

  1. Тұрмыстық киімдердің жылуға төзімділігін есептеу әдісі

  2. Әртүрлі материалдардың гигиеналық қасиеттері

  3. Тұрмыстық киімдерге қойылатын талаптар

  4. Тұрмыстық киімдер классификациясы

  5. Іш киімге қойылатын гигиеналық талаптар

  6. Балаларға арналған киімдерге қойылатын гигиеналық талаптар

Модульдік бірлік 11. Жоғары температурадан қорғауға арналған киімді жобалаудағы негізгі принциптері
Дәріс жоспары:
1. Жабық типті киімнің жылуқорғағыштық көрсеткіші
2. Материал пакетінің ауаөткізгіштігі


Жабық типті киімнің жылуқорғағыштық көрсеткіші (куртка, шалбар және комбинезон)
Желдік жағдайда киім бөлшектерінің есептік термикалық кедергісінің ерекшелігі – егер сол бөлшектер ауадағы қозғалыс әсеріне түссе, материал пакетінің қалыңдығы түзіледі. Осылайша, тыныш ауада материал пакетінің қалыңдығының өсуі иықта 23 -тен 36 мм-ге дейін есептік термикалық кедергі 15% жоғарылауына әкеледі. Ал 4 және 10м/с желдік жылдамдықта осы бөлшектің материал пакетінің ауаөткізгіштігі шамамен 40 дм³/(м²*ºс ) жазылады. Бұл жылуизоляциялық қабаттың қалыңдығының ұлғаюынан, конвекцияның күшеюінен болады.
Киімнің есептік термикалық кедергісінің дәрежесінің азаюы желдің жылдамдығына және материал пакетінің ауаөткізгіштігіне бағынышты болады. Осыған байланысты материал пакетінің белгілі ұзындығының ауаөткізгіштігі негізгі матаның немесе негізгі матаның арнайы астарының көмегімен жасалады.
Осылайша, ауаөткізгіштігі 7дм³/(м²*с) комбинезонның эксплуатациясы кезінде желдің жылдамдығын 1м/с – қа көбейткендегі адам денесінің орташа жылулық ағыны 1,85 Вт/м²-қа артады,соған байланысты 24;40 және 58 дм³/(м²*с) ауаөткізгіштігі кезінде ол 3,24; 3,6; 6,8 Вт/м² артады.
Материал пакетінің ауаөткізгіштігі 7дм³/(м²*с) болатын комбинезон киген адамның денесінің орташа температурасы 10 м/с желдің жылдамдығын 1,8ºс – ға төмендейді, ал 24дм³ /(м²*с) ауаөткізгіштікте 3,8ºс тең. Жүрген кезде киімнің жылуизоляциясы жуықтап қосымша 5% –ға төмендейді.
Локальды ұзындықтардың анализі көрсеткендей, киімнің есептік термикалық кедергісінің желдің жылдамдығына бағынышты болғанда киімнің ауаөткізгіштігі тік сызық болады,ал үлкен ауаөткізгіштікте қисық сызық болады.
Желдің жылдамдығының өсуінен киімнің материал пакетінің ауаөткізгіштігінің жылуизоляциясы артады.
Төменде материал пакетінің ауаөткізгіштігі мен желдің жылдамдығына байланысты берілген (комбинезон, куртка және шалбар) киімнің термикалық кедергісінің төмендеу дәрежесін бағалайтын теңдігі берілген.
С=(0,07В+2)v+5
Мұнда С – киімнің орташа өлшенетін термикалық кедергісінің төмендеуі,%;
В – киімнің материал пакетінің ауаөткізгіштігі,дм³/(м²*с).
Ашық типті киімнің жылуқорғағыштық көрсеткіші ( пальто).
Адамның үстіндегі қыстық пальтоның жылуқоғағыштық көрсеткіштерін бақылаған кездегі нәтиже киімнің материал пакетінің ауаөткізгіштігі және желдік ағынның жылдамдығының артуынан адамның салқындауына куәгерлік етеді.
Алынған мәліметтердің анализі желдің жылдамдығы 2 м/с болғандағы пальтоның ауаөткізгіштігі 0-60 киімнің жылуизоляциялық көрсеткішінде аздап байқалады.
Жүрген кезде, пальтоны қосқандағы киім комплектісінің термикалық кедергісі қосымша 18% төмендейді.
Rсум.в.= 0,82R сум.шт.- (0,00018В+0,0093)v мұнда,
Rсум.в. - желдік жағдайдағы киімнің есептік термикалық кедергісі м²*ºС/Вт;
Rсум.шт. - қозғалыссыз ауадағы физикалық тыныштықта тұрған адамның киімінің есептік термикалық кедергісі м²*ºС/Вт;
В - пальтоның материал пакетінің ауаөткізгіштігі дм³/(м²*с);
V - желдің жылдамдығы м/с.
Келтірілген теңдеу киім комплектісінің есептік термикалық кедергісінің өзгеруін желдің жылдамдығы мен материал пакетінің ауаөткізгіштігіне бағыныштылығын қадағалауда мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет