№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013



Pdf көрінісі
бет15/44
Дата27.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#2837
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44

Қорытынды.  Қазақ  халқында  7  саны  –  ерте  замандардан  киелі  сан  болып 
есептеледі. Ол дегеніміз – 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, əлемнің 
7  кереметі,  аптаның  7  күні,  кемпірқосақтың  7  түсі,  Жетіқарақшы  жұлдыз  т.б. 
Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз … т.с. сияқты болып кездеседі. 
Бастапқыда 
балалар 
қазақ 
тілінде 
аптаның 
жеті 
күнін 
еске 
түсірді. Халқымыздың  ежелгі  дəстүрінің  бірі,  бала  туғаннан  кейін  7  күннен  кейін 
тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 
ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым 
бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының 
өміріне  қауіп  төніп  тұрғанын  сезініп,  киелі  жұма  күні  –  7  шелпек  пісіреді.  Бұл  7 
шелпекті  7  үйге  таратып  беру  керек.  Сондай-ақ  шелпекті  жеген  адам:  «Қабыл 
болсын», - деп, ал берген адам: «Əумин», - деп айту керек. Осы тұрғыда, қазақтарда 
«Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске 
алып  отырса,  адамның  өмірде  жолы  болып  отырады,  аруақтар  қолдап,  қоштап 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
117
жүреді  деген  мағына  береді.  Сол  себепті  де  7  саны  сəттілік,  ырыс-береке  əкелетін 
киелі сан болып есептеледі. 
Ақыртас  жөніндегі  аңыз  бойынша,  аса  зор  денелі  де  күшті  құрылысшы 
кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, «Алпамыс 
батыр»  эпосында  Байбөрі  мен  Аналық  бір  бала  көтеру  үшін  дүниенің  жарымын 
аралап, жеті əулиенің зираттарына түнеп жүріп, армандарына жеткен… 
Иə, шынында да біздің əлемде қызықты əрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. 
Ал, тарих дəстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші! 
 
Əдебиеттер 
1 Бəрі де сандар туралы. – Алматы: Алматыкітап, 2008. 
2 Қазақ энциклопедиясы. – 3 т. – Алматы, 2011. 
3 Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – 1 кітап. 
4 Интернет материалдарынан. 
5 Джонни Болл. Бəрі де сандар туралы. – Алматы: Алматыкітап, 2006. 
6 Оқушының анықтамалығы. – Алматы: Алматыкітап, 2007. 
7 Математикалық ойашар. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. 
8 Сиқырлы пішіндер мен сандар əлемінде. – Шымкент: Шикула и К, 2005. 
 
ІСКЕНДІРОВ Жамбыл Мұханбетқалиұлы, 
Аграрлы-техникалық колледжінің «Электрик» мамандығы бойынша 
1 курс студенті, Жосалы кенті, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: СҮЛЕЙМЕНОВА Айгүл Тұраққызы, 
Аграрлы-техникалық колледжі «Математика» пəнінің оқытушысы, 
Жосалы кенті, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: ӨТКЕЛБАЕВА Айжан Орынбекқызы, 
Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің доктаранты, 
Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы  
 
БАРХАН ҚҰМЫ НЕГІЗІНДЕ ГИПСОБЕТОН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Кіріспе.  Жаңа  технологияларды  қолдану  негізінде  табиғи  шикізаттарды  жəне 
қайтарма ресурстарды кешенді өңдейтін жаңа өндіріс орындарын жобалау жəне іске 
қосу  «Қазақстанның  2030  жылға  дейін  даму  стратегиясында»  көрсетілген  құрылыс 
материалдары  өндірісінің  тиімді  экономикалық  жəне  экологиялық  даму  бағыты 
болып  табылады.  Осындай  өндірістердің  бірі  дүние  жүзінің  көптеген  елдеріне 
тараған  гипсті  бетоннан  жасалатын  бұйымдар  мен  конструкциялар  өндіретін  жаңа 
өндіріс орындары екендігі мəлім болып отыр. 
Гипсті бетонның құрылыс тəжірибесінде қолданылуы оның жоғары тиімділігін 
көрсетті.  Гипсті  бетон  тұрғын,  өндірістік  жəне  ауыл  шаруашылық  үйлер  мен 
ғимараттардың  ішінде  жақсы  микроклимат  қалыптастыруға,  құрылыс  нысандарына 
сан  алуан  сəулеттік  сымбатты  пішін  беруге,  конструкциялар  мен  іргетасқа  түсетін 
жүкті  азайтуға  мүмкіндік  береді.  Мұның  өзі  құрылысты  индустриялық  жолмен 
жүргізуге,  шикізатты  еңбек  жəне  энергетикалық  ресурстарды  үнемдеуге, 
экологиялық жағдайды жақсартуға тиімді ықпал жасайды. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
118
Алайда,  жоғарыда  көрсетілген  тиімділік  аймақтың  шикізат  қорлары  мен 
пайдалану  жағдайларын  зерттеу  дəрежесіне,  құрылысшылардың  гипсті  бетонның 
ерекше қасиеттерін жəне оны қолдану əдістерін білуіне, тікелей байланысты болады, 
өйткені  гипсті  бетонның  технологиясы  мен  қасиеттері  сол  сияқты  құрылыс 
материалдарының  басқа  түрлерінен  өзгешелігімен  сипатталады.  Сондықтан 
жергілікті  шикізаттар  негізінде  гипсті  бетон  жəне  одан  бұйымдар  дайындау 
технологиясын  жасау  өзекті  мəселе  болып  табылады.  Біздің  жұмысымыз  «Бархан 
құмы негізінде гипсті бетон жасау технологиясы» тақырыбына орындалған. 
Жұмыс тақырыбының өзектілігі құрылыс материалдары өндірісі саласында 
жергілікті  шикізаттар  мен  өндіріс  қалдықтарын  пайдаланып,  гипсті  бетон 
технологияларын  жасау  мүмкіндіктерін  зерттеумен  анықталады.  Гипсті  шикізат 
бірнеше  есе  арзан,  оны  қайта  өңдеуден  өткізуге  көп  қаржы  жұмсалмайды.  Гипс 
материалына  тəн  техникалық  байланысу  қасиеті  өте  жоғары  (гипс  өнімдері  берік, 
отқа  төзімді,  ұзақ  мерзімге  пайдаланылады),  гипс  өнімдерін  қысқа  мерзімде 
дайындауға  болады,  олай  болса,  құрал-жабдықтардың  өзін-өзі  өтеу  айналымы  да 
жоғары болады. Осының барлығы, гипсті болашағы зор құрылыс материалы ретінде 
қарауға  мүмкіндік  береді.  Жұмыста  жергілікті  шикізат  негізінде  гипсті  бетон 
технологиясы жəне одан құрылыстық бұйымдар жасау мəселелері зерттелген. 
Жұмыс  жергілікті  шикізаттар  негізінде  жасалған  гипсті  бетон  жөніндегі 
зерттеулерді,  тəжірибелік  мəліметтерді  шолу  мен  жүргізілген  сынақ  жұмыстары 
негізінде орындалды. Жұмыста қолданылған əдістемелер мен есептеулер Қазақстан 
Республикасының  құрылыс  саласы  бойынша  нормативтік-техникалық  кесімдеріне 
негізделген. 
Авторлар мына мəселелерді талқыға салған: 
-  жергілікті  минералды  шикізат  базасында  суға  төзімділігі  жоғары 
композициялық ангидритті байланыстырғыш заттарды жəне бархан құмы негізіндегі 
бетонды алу технологияларын жəне жасалған құрамалар; 
-  ангидритті  байланыстырғыш  заттардың  физика-механикалық  қасиеттері 
негізіндегі  фосфогипсті  шикізатты  күйдіру  жағдайында  жүретін  күйдіру  режимі 
параметрлерінің  əсерін  жəне  структуралық  қайта  құрылымдар  сипатын  зерттеу 
қорытындысы; 
-  модификациялық  кешенді  қоспалардың  композициялық  ангидритті 
байланыстырғыштың  физика-механикалық  қасиеттеріне  əсерін,  соның  негізіндегі 
фосфогипс тастың қсаиетін жəне құрылымын зерттеу қорытындысы; 
-  композициялық  ангидритті  байланыстырғыш  заттар  негізіндегі  бетонның 
термоактивтелген  толықтырғыштың  физика-механикалық  қасиеттері  жəне  ұзақ 
мерзімді жарамдылығы. 
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: 
- фосфорит базасында жəне соның негізіндегі бетоннан суға төзімділігі жоғары 
жаңа композициялық ангидритті байлансытырғыш алынды; 
-  400-1000
0
С  температура  интервалында  фосфогипсті  термиялық  өңдеу 
жағдайында жүретін структуралық қайта құрылымдар сипаты анықталды; 
-  композициялық  ангидритті  байланыстырғыш  заттар  негізіндегі  фосфогипсті 
тастың  жұмсару  коэффициенті  жəне  модификацияланған  қоспалар  компонентінің 
беріктік  көрсеткіштеріне  əсерін  көрсететін  тəуелділіктен  анықталды,  олардың 
гидратациялану  дəрежесін  əсері  жəне  гипсті  тастың  кеуекті  құрылымының  сипаты 
зерттелді; 
-  ангидритті  байланыстырғыш  заттардың  қату  активизаторы  ретінде  оларды 
пайдалану үшін фосфогипсті күйдірудің оптималды режимі анықталды; 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
119
- тұнба жыныстарынан алынған минералды толықтырғыш түріндегі ангидритті 
байланыстырғыш  негізіндегі  гипсті  тас  құрылымына  жəне  беріктігіне  əсері 
зерттелді; 
-  термоактивтелген  гипсті  толықтырғыштың  композициялық  ангидритті 
байланыстырғыш заттар негізіндегі бетонның физика-механикалық қасиетіне əсерін 
зерттелді. 
Жұмыс  тақырыбы  бойынша  жалпы  мəліметтер.  Гипсті  бетон  өндірісінің 
жəне  қолданылуының  ғылыми  практикалық  негіздері.  Қазіргі  кезеңде  гипсті 
өнімдерді  өндіруді  дамыту  маңызы  зор  іске  айналуда.  Біздің  елімізде  гипстің  мол 
қоры бар. 
Гипсті  материалдар  мен  өнімдерді  құрылыста  пайдалану,  бұл  оның 
техникалық-экономикалық  тиімділігіне  байланысты,  гипсті  шикізат  бірнеше  есе 
арзан, оны қайта өңдеуден өткізуге көп қаржы жұмсалмайды. Гипс материалына тəн 
техникалық  байланысу  қасиеті  өте  жоғары  (гипс  өнімдері  берік,  отқа  төзімді,  ұзақ 
мерзімге пайдаланылады), гипс өнімдерін қысқа мерзімде дайындауға болады, олай 
болса,  құрал-жабдықтардың  өзін-өзі  өтеу  айналымы  да  жоғары  болады.  Осының 
барлығы, жартылай сулы гипсті, болашағы зор құрылыс материалы ретінде қарауға 
мүмкіндік  береді.  Соның  негізінде  гипсті  прокатты  панельдер,  дайын  жұқа 
қабырғалар, гипсті акустикалық жəне қаптама өнімдері, құрғақ сылақ материалдары, 
қабырға блоктары жəне т. б. дайындалып шығарылады. 
Өткен  ғасырдың  30-жылдарынан  бастап,  əсіресе  40-жылдары  еліміздің  түрлі 
аудандарында сыртқы қабырғалары гипстен жасалған түрлі ғимараттар бой көтерді: 
тұрғын  үйлер,  мектептер,  ауруханалар  жəне  өндіріс  орындары.  Өнімдерді  шығару 
үшін  кəдімгі  құрылыстық  жəне  беріктігі  жоғары  гипс,  сонымен  бірге  ангидритті 
цемент пайдаланылды. Гипсті үнемдеу үшін шлак жəне басқа қоспалары бар, гипсті 
бетондар қолданылды. 
ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдары салынған ғимараттар жағдайын зерттегенде, 
олардың  қанағаттанарлық  жағдайда  екені  анықталды.  Қазақстанның  бірқатар 
аудандарында  тұрғын  үйлерді  жəне  ауыл  шаруашылық  ғимараттарын  салғанда 
құрылыстық  гипс  пайдаланылады.  Майда  тастармен  бірге,  бұл  жерде,  ірі  көлемдегі 
өнімдер  (блоктар,  панельдер)  кең  түрде  пайдаланылады.  Гипсті  бетонды  құрылыс 
тəжірибесі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ағаш үгітіндісінен жəне 
басқа органикалық қоспалары бар гипсті бетонды тастар мен блоктарды бір қабатты 
тұрғын  үй  құрылысында  қоршау  конструкциялары  үшін  ғана  пайдалануға  болады 
жəне сыртқы қабырғалары екі жағынан да, міндетті түрде сылау керек. 
Гипсті  байланыстырғыш  материалдар  шетел  құрылыстарында  (Польша, 
Германия,  Франция,  Швеция,  АҚШ  т.  б.)  пайдаланылады.  Оның  негізгі  көп  бөлігі 
түрлі  құрылыс  өнімдерін  өндіруде  пайдаланылады;  аз  бөлігі  сылақ  жəне  кірпіш 
кірпіш арасына құйылатын лай дайындауда қолданылады. 
Гипстің бастапқы құрылыс материалы ретінде, жағымсыз қасиеттері де бар, ең 
алдымен  суланған  жағдайда,  беріктігінің  төмендеуі  (2-2,5  есе)  түскен  салмаққа 
байланысты  үгілуі,  суыққа  төзімділігінің  төмендеуі,  жұқа  қабырғалы  элементтерде 
қолданғанда  тез  сынады.  Сондықтан,  ғимарат  ішіндегі,  гипс  өнімдері  ауа 
ылғалдылығы 60-75% болған жағдайда ғана қолданылады. 
Құрылыстың  тиімді  болуы  жəне  құрылыс  материалдарын  үнемдеп  пайдалану 
үшін олардың қасиеттерін жəне ерекшеліктерін жақсы білу керек. Гипс өнімдерінің 
қасиеттері қолданылып отырған бастапқы материалға байланысты анықталады. Гипс 
өнімдерінің  қасиеттерін  жақсарту  үшін  көп  əдістер  қолданылады,  ең  алдымен 
олардың  суға  төзімділігін  арттыру  сонымен  бірге,  үгілгіштігін  төмендету.  Осындай 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
120
міндеттерді  шешу  үшін  гипсті  гидравликалық  қоспалармен  комбинациялау 
жолдарын іздестіру керек болады. 
П.П.  Будников  басшылығымен  өткізілген  зерттеулер  механикалық  беріктігі 
жоғары  гидраликалық  тұтқыр  түйірлі  домна  шлактары  негізінде  алуға 
болатындығын анықталды. Сульфатты шлакты цементтер алу процесінде, жартылай 
сулы гипс негізінде, жылдам қататын тұтқыр шығаруға мүмкіндігі пайда болды. А.В. 
Волженский комбинацияланған тұтқыр шығаруға ұсыныс жасады, оның құрамында 
жартылай  сулы  гипс,  түйірлі  домна  шлагы  жəне  əк  болды.  Осы  жүйеде  алынған 
материалдардың суға төзімділігі жəне қысқа мерзімді қату уақытындағы беріктігі өте 
жоғары. Осындай жүйелерді одан əрі зерттеу кезінде гипстің суға төзімділігіне жəне 
оның  берік  болуына  комбинациялы  қоспалар  жақсы  əсер  ететіні  анықталды,  олар 
түйірлі шлак, кремнозем жəне əк. 
Бірқатар  зерттеушілер,  өз  тəжірибелерінде,  гипске  қосымша  ретінде 
портландцементті пайдаланған. Құрамында 10% портландцементі бар гипсоцементті 
композициялар  қасиеттерін  зерттеген  А.В.  Волженский  жəне  Р.В.  Иванникова, 
олардың  үлгілерінің  ылғалдану  əсерінен  бүлінетіндігін  анықтады.  Бұл  саладағы 
басқа  да  зерттеулер  жартылай  сулы  гипс  (салмағы  бойынша  50-75%), 
портландцемент  (30-15)  жəне  белсенді  минералды  қоспалардан  тұратын 
композициялардың гидравликалық қату қасиеті болатындығын көрсетті. 
Портландцементтің гипс суға төзімділігіне жəне оның беріктігіне əсері туралы 
қарама-қайшы  мəліметтер  гипстің  портландцементтік  клинкер  помпоненттерімен 
араласқанда  жағымды  структура  құраушы  гидролиз  жəне  гидротация  өнімдері  мен 
бірге  жағымсыз  гидросульфоалюминаттар  жəне  кальцийдің  гидросульфофериттері 
түзіледі, бұлар қатқан жүйені əсіретуі немесе бұзуы да мүмкін. 
Гидравликалық қоспалардың гипспен үйлесім табуы таңдап алынған қоспалар 
құрамына 
байланысты 
болады. 
Портландцемент, 
барлық 
шлакты 
портландцементтер,  гидравликалық  əк,  гидравликалық  күл,  шлактар  жəне  т.  б. 
күйдірілген  гипске  ғана  аз  мөлшерден  қосылып  отырады.  Сондықтан,  қосылатын 
қоспалар мөлшеріне жəне оның түріне жоғары талаптар қойылады. 
Егер, қоспа құрамына жəне қату шартына байланысты белгіленген мөлшердегі 
қосымша  қосылатын  болса,  онда  ол  гидротацияны  тездетеді,  бастапқы  беріктікті 
нығайтады жəне көбінесе, əсіресе тұрқыр массасына қарай 2-4% цемент қосылатын 
болса,  ылғалды  гипсті  бетонның  үгітілу  жылдамдығы  азаяды.  Егер  мөлшері  жəне 
қоспа  белгіленген  көлемнен  көп  болса,  онда  қоспа  құрамындағы  гипс,  су  жəне 
гидроалюминаттар арасындағы реакция салдарынан деструктивті процестер жүреді, 
олар  ісінеді,  көпіршиді  жəне  беріктігі  төмен.  Алайда,  белгілі  бір  шартты 
жағдайларда  мысалы,  гипс-портландцемент-су  жағдайында,  тіпті  портланцемент 
қоспасы  оптималды  шамадан  жоғары  болса  да  қату  процесі  бірқалыпты  жүретіні 
анықталған. 
Мұндай  жағдайлар  жоғары  негізді  кальций  алюминаттары  жоқ  цементті 
пайдаланғанда  іске  асырылады,  бірақ  бұл  шартты  орындау  қиын  немесе  тұрақты 
үштіктің  –  кальций  тетрагидроалюминатының  түзілуіне  себеп  болатын  жағдайды 
болдырмау  керек.  Оған  қол  жеткізу  үшін  0,2-0,3  г/л  сұйық  фазадағы  СаО  қатысты 
есептеуге  байланысты  калций  тотығы  гидратының  концентрациясы  төмендетіледі. 
Əктің керекті түрде төмендетілген концентрациясын алу үшін пуццолан қосылады. 
ТМД-да 
пуцциолан 
ретінде 
тұндырылған 
силикатты 
материалдар 
пайдаланылады  (тренел,  диатомит)  гипсоцементті  материалдардың  қату  процесіне 
белсенді  кремноземнің  əсері  туралы  көп  зерттеулер  жүргізілген.  Бұл  зерттеулерге 
А.В.  Волженский,  З.С.  Краснослободский,  Г.С.  Коганом,  А.В.  Ферронской  жəне 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
121
басқа  ғалымдар  басшылық  жасаған.  Кейінірек  В.Б.  Ратинов,  Т.Н.  Розенберг,  Г.Н. 
Книгина жəне басқа ғалымдар осы салада жұмыстар жүргізді. 
Гипстен жасалған өнімдер, толықтырғышсыз да, цементтен жасалған өнімдерге 
қарағанда  айырмашылығы  –  көлемінің  тұрақты  болуы.  Осы  жағдайды  ескере 
отырып, гипсті толықтырғыш пен комбинациялаудың қажеті жоқ деп айтуға болады. 
Алайда, гипсобетоннан өнім дайындау процесінде майысқақтық қасиеті жақсарады, 
отыруы  төмендейді,  тұтқырлық  шығын  үлесі  азаяды,  формаланатын  қоспа 
ылғалдылығы төмендейді. 
Гипс  –  толықтырғыш  бөлігі  бетінде,  гипс  қатқанда  химиялық  реакциялар 
жүрмейді  жəне  гипсті  матрицадағы  толықтырғыш  түйірлері  механикалық 
салдарынан  байланысады.  Осы  себепті,  сонымен  бірге  гипсті  матрица  беріктігінің 
төмен  болуына  байланысты  беріктілігі  жоғары  гипсті  бетон  шығарылмайды.  Ауыр 
толықтырғыштар  ретінде  гравий,  құм  жеңіл  толықтырғыштар  –  шлакты  ұнтақтар, 
керамзит  немесе  опилка  пайдаланылады.  Алайда,  кеуектік  жəне  жеңіл 
толықтырғыштардың  су  сіңіргіштік  қасиетіне  қарай,  жұмысшы  қоспалардан 
формалық  ылғалдылығын  төмендетуге  мүмкіндік  жоқ,  бірақ  тұтқырлықтың 
салмағын азайтуға болады. 
Гипсоцементті  пуццоланды  бетондар  үшін  құрамы  түйірлі  толықтырғыштар 
елеуіштің  қисық  жұмысшы  жағында  болуы  мүмкін.  Гипсті  бетондар  тұтқырлық 
қатынасы  жоғары  (0,7  көп)  тұтқырлық  қатынасы  аз  толықтырғыштар  болып 
бөлінеді,  гипсті  технологиясы  бойынша,  индустриалы  түрде  өнімдер  шығарғанда 
майда  түйіршікті  бетон  түрінде  пайдаланылады  жəне  суды  сіңіру  қатынасы  төмен 
бетон (0,7 аз) бұлар ірі көлемді өнімдер өндіру үшін əлі игерілмеген. 
Орта  Азия  жəне  Оңтүстік  Қазақстан  аймақтарында  ГОСТ  талаптарына  сай 
келетін  шектеулі  құм  қорлары  бар,  сондықтан  өткен  ғасырдың  30-жылдары-ақ 
бархан құмды лайлы батпақ жəне бетондарды толықтырғыш ретінде пайдалану үшін 
зерттеу жұмыстары жүргізе бастады. 
Бархан  құм  құрамын  минералогиялық  жəне  химиялық  зерттеу  оның 
полиминералды  құмға  жататынын  көрсетті,  құрамында  дала  шпаты,  слюда, 
карбонаттар  сазды  заттар  бар  екені  белгілі  болды.  Құм  құрамында  бетон  үшін 
қауіпті,  монтморилонт  жəне  монотермит  типіндегі,  ісінетін  саздар  жоқ  болып 
шықты.  Бархан  құмының  химиялық  құрамы    тұнба  түріндегі  табиғи  белсенді 
минералды қоспалардың химиялық құрамын еске түсіреді. 
Бархан  құмының  минералогиялық  жəне  химиялық  құрамы  гипсті  бетонда 
жүретін физика-химиялық процестерге ерекше əсер етуі мүмкін жəне толықтырғыш 
болып қана қоймай, сондықтан бархан құмды пайдалану гипсті бетон өндірісі үшін 
ерекше маңызды сипат алуда. 
ТМД  елдерінде  73  гипс  кен  орындары  бар,  олардың  63-і  ірі  өнеркəсіптік 
маңызы  бар.  Бұл  жердегі  гипс  жəне  ангидрит  қорлары  1,83  млрд.  т.  құрайды,  бұл 
гипс  зауыттарының  205  жыл  бойы  жұмыс  жасауына  жетеді.  Бұдан  басқа,  жалпы 
қоры  2  млрд.  т.  Құрайтын  резервті  ірі  кен  орындары  зерттелген.  Түркімен 
Республикасында  Красноводск  –  ірі  резервті  кен  орны  болып  саналады,  оның 
баланстық  қоры  5441  мың  т.,  бұл  кен  орнындағы  СаSO4*2H2O  құрамы  95-97% 
құрайды. Гаудар кен орны қоры 1953 мың т. шамасында. Керчиги кен орнында 4649 
мың  т.  руда  бар.  Түркімен  Республикасының  шекарасында  гипстің  пайдалануға 
берілген  Шаршар  кен  орны  бар,  оның  баланстық  қоры  6747  мың  т.,  Өзбекстан 
Республикасында Мама-Джургаты кен орны бар – баланстық қоры 2229 мың т. Жыл 
сайын осы кен орындарында гипс ангидрит өндіру,  əр кен орнына сəйкес, 109 мың 
жəне 54 мың т. құрайды. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
122
Фосфогипс өндірістік қалдықтары Түркімен Республикасын гипс шикізатымен 
қамтамасыз етуді жақсарта алады (Чаржау зауытының фосфогипсі). 
Осы  мəліметтерге  сүйене  отырып,  қолдағы  бар  ресурстар  гипсті  тастарды 
өндіру көлемін көп есе көбейтуге мүмкіндік беретінін байқауға болады жəне соның 
негізінде  Түркімен  Республикасының  аймақтарында  гипсті  тұтқыр  жəне  құрылыс 
материалдарын  көптеп  өндіруге  мүмкіндік  бар.  Белгіленген  техникалық  жəне 
физика-химиялық  қасиеттері  бар  өнім  алу  үшін  гипс  композицияларына  қоспалар 
қосылады.  Негізінен  бұл  қоспалар  қату  мерзімін  жəне  лайлы  гипстің  біркелкі 
қоймалжыңдығын  реттеу  үшін  қосылады,  бұл  жағдайда  қоспа  əрекеті  қатпаған 
қоспалардың өңделу мерзімімен ғана шектелмейді. 
Өндірістік мақсаттар үшін баяулатқыштар ретінде қамыр тектес немесе құрғақ 
əк органикалық клей, глютонды клей, кератинді баяулатқыш, сульфитті-ашытқылар 
ВРП-1  қоспасы,  шөп-ағаш  қабықтары  қайнатпасы,  бура  жəне  т.  б.  қолданылады. 
Органикалық  баяулатқыштар  дəн  қабықтарына  аунатылып  алынады  жəне  ол  судың 
өтуіне кедергі болады. 
Баяулатқыштардың  көбісі  пластификаторлар  болып  табылады,  гипстің  суды 
қажет етуін азайтады. Гипсті қоспаның қасиеті бірінші жағынан, белгіленген талапқа 
сай қасиеттері бар құрылыс элементтерін алу үшін жасалған рецептіге байланысты, 
екінші  жағынан,  дайындау  процестерінің  сапасына  жəне  қалыптастырып  отырған 
гипсті  қоспаны  жəне  өнімді  өңдеуге  байланысты  болады.  Араласу  процесіндегі 
қоспаның  əрекеті,  ең  алдымен  қоспаның  осы  консистенциядағы  компоненттердің 
максималды  түрде  гомогенизациялануымен  сипатталады.  Араласу  процесіндегі 
қоспа  қасиеттері  өзгеруі,  гомогенділік  араласу  сапасының  көрсеткіші  болып 
табылады.  Сонымен,  араласу  процесі,  барлық  уақытта,  бөлінумен  қатар  жүреді. 
Жылдам араластырғыш аппараттар гипсті қоспаның гемогендігін арттырады. 
Гипсті  қоспа  бір-бірімен  ұстасқанша  аз  уақыт  аралығында  ақпа  жағдайында 
болады,  ұстасу  ақырында  гипс  қоспасы  қатқан  затқа  айналады.  Сондықтан  өнім 
беретін формалау жəне тегістеу процестері ұстасудың басындағы сəттерде аяқталуы 
керек,  гипс  өнімдерін  формалау,  ылғалды  жағдайдағы  максималды  беріктікке 
жеткенде,  гидратациялану  аяқталғаннан  кейін  жүргізіледі.  Гипсті  құймалар 
қуыстарында  гипс  ұстасқаннан  кейін  калиниярлы  ылғал  қалады.  Бұндай  ылғал 
материалдан буландыру арқылы шығарылады. Өнімді кептіргеннен кейін ғана оның 
беріктігі ең жоғарғы мəнге ие болады. Ұстасқаннан кейін гипсті жəне гипсті бетонды 
өнімдер  кеуекті  денелер  түрінде  болады,  ондағы  гипс  кристалдары  каркасты 
құрайды.  Бұндай  кристалды  каркас  қуыстары  түйірлі  қышқыл  кальцийдің  сулы 
ерітіндісімен  толтырылған.  Бұндай  ерітіндіні  кептіргенде  майда  гипс  кристалдары 
бөлініп  шығады,  олар  бұрын  түзілген  гипстің  жеке  кристалдарымен  жанасу 
нүктелерінде тұнады, оларды цементтейді, бір-бірімен біріктіре отырып, берік тасты 
массаға айналады, осы процесс өнімдегі артық су толық буланып шыққанша жалғаса 
береді. 
Өнімді  арнайы  кептіргіштерде  кептіру  олардың  беріктігінің  жоғары  болуын 
тездетеді  жəне  өнімді  дайындау  мерзімін  қысқартуға  мүмкіндік  береді.  Гипс 
өнімдері  қолдану  жағдайына  байланысты,  монтаждауға  дейін,  ылғалдылығы  1-12% 
болғанша кептірілуі керек. 
Майда түйірлі бетондардың жəне əсіресе тозаңды, бархан құмды бетондардың 
көптеген  құрылыстық  қасиеттері  əлі  зерттелмеген.  Бұл  бетондар  жоғары  су 
шығындары  жəне деформациялануымен сипаталуы тиіс. Бұндай бетондар құрамын 
іріктеудің  ерекше  ғылыми  əдісі  жоқ,  оларды  дайындаудың  технологиялық 
ерекшеліктері жеткілікті түрде зерттелмеген. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
123

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет