β2=90 болғанда (қалақшалар радиалды бағытталған) tgβ2=∞. Соның әсерінен теңдеудің екінші мүшесі нөлге тең болады. Hт = , яғни Hт мен Qт арасындағы байланыс графигі абсциса өсіне параллель болатын және ордината өсінен Hт = кесіндесіне жоғары тұратын ІІ түзумен бейнеленеді.
β2>90° болғанда (қалақшалар алға қарай қайырылған) tgβ2<0. Теориялық арын (3.1) теңдеуінің екінші мүшесінің таңбасы минустан плюске ауысады. Бұл жағдайда су беру артқан сайын арын де артады. Hт мен Qт арасындағы байланыс графигі жоғары көтерілетін ІІІ сызықпен сипатталады. Qт =0 жағдайында ІІІ түзудің бастапқы ординатасы Hт = тең.
Графиктен байқайтынымыздай (7.2 сурет, ІІІ қисығы) қалақшалары алға қарай майыстырылған жұмыс доңғалақтары қалақшалары артқа қарай майыстырылған доңғалақтарға қарағанда едәуір артық қысым туғызады. Бірақ, қалақшалардың туғызатын динамикалық қысымын сораптың жұмыс доңғалағынан шығар жерде ағынның абсолютті жылдамдығын азайта отырып статикалық қысымға айналдыру энергияның үлкен шығынын қажет етеді. Сондықтан сұйықты айдамалауға арналған ортадан тепкіш сораптардың жұмыс доңғалақтарының қалақшаларын артқа қарай қайырып жасаған тиімді. Осының салдарынан суретте көрсетілген байланыстардың сораптағы шығындардың ескерілмейтін Qт—Hт теориялық сипаттамасы болып табылатын тек І сызығы ғана маңызды.
Сораптаң нағыз сипаттамасын салу үшін гидравликалық, көлемдік және механикалық шығындарға және қалақшаның санының шектеулі болуына байланысты түзетулер енгізу ұсынылады.
Теориялық арыннің кемуі қалақшалардың шекті санына байланысты енгізілетін түзету коэффициентімен k ескеріледі. Сондықтан қалақшалардың санының шектеулі болуына байланысты түзетуді ескеретін теориялық сипаттаманың сызығы (а түзуі) төмендеп, Н өсінде кесіндіні қияды.
немесе
Егер k коэффициенті су өтіміне байланысты емес болса, І түзуі мен а түзуі Q өсінде қиылысады (3.2 сурет), немесе егер ол су өтіміне байланысты болса Q өсіне төмен жерде қиылысады. Сұйық ағысының турбулентті қозғалысы кезінде кедергіге кететін шығын су өтімінің квадратына пропорционал, яғни hп=SQ2.
Сұйықтың шығар жерде қалақшаларға немесе бағыттаушы аппаратқа соқтығуы себебінен шығындар орташа жылдамдықтардың бағыттарын күрт өзгертеді.
Есептік су өтімі Qр үшін доңғалаққа кірер және шығар жердегі қалашалардың немесе бағыттаушы аппараттардың иілу бұрышын соқтығысу кезінде шығын болмайтындай етіп таңдау қажет, сонда hуд=0. Су өтімі өзгерген жағдайда соқтығуға кететін шығындар пайда болып, ол су өтімінің есептік шамадан ауытқу мөлшерінің квадраттарына пропорционал болып келеді.
.
Графикалық түрде бұл теңдеуге Qх=Qр жағдайындағы соққы болмайтын нүктеге hуд=0 сәйкес келетін параболалық қисық сәйкес келеді (3.2 сурет, в қисығы).
Бернулли теңдеуіне сәйкес статикалық (пайдалы) арынды көбейту үшін шыға берістегі ағыс жылдамдығын барынша азайту қажет.
в қисығын тұрғызу кезінде саңылаулар арқылы кететін судың ағын шығыны ескерілмеген. Егер ағып кетулерді ескеретін болсақ, онда алынған қысым сораптың төменгі су өтіміне сәйкес келіп, Q—Н нақты сипаттамасы солға қарай шамалы жылжиды (г қисығы). Ортадан тепкіш сораптардың қазіргі кездегі конструкцияларында ағып кету мөлшері 2—5% аспайтын болғандықтан, олардың әсерінен сипаттама болмашы қашықтыққа жылжиды.
Механикалық шығындарға доңғалақ дискісінің сұйыққа үйкелісі және подшипник пен нығыздағыштардың үйкелісіне кететін шығындар жатады. Бұл шығындар сораптың сипаттамасына елеулі түрде әсер етпейді, сондықтан оларды есептеу кезінде ескермеуге болады.
Берілген өлшемдер бойынша сораптардың сипаттамаларын теориялық тұрғызу кезінде үлкен қиындықтар ұшырасады. ВНИИГидромаш-та жүргізілген зерттеулер теориялық сипаттамаларды ең дұрысы құрамалы әдіспен, ПӘК оптималді мәнінде жүргізілген жанаманың есептік бағыты бойынша және доңғалақтың конструкциясы мен жүрдектік коэффициенті пS бірдей болатын сипаттамаларды салыстыра отырып алынатын бос жүрістегі нүкте арқылы тұрғызу керектігін көрсетті. Бірақ бұл жағдайда да дәл анықтауға болмайтын және оларды ескеруге тура келетін факторлардың көп болуына байланысты нақты сипаттаманы тұрғызу мүмкін емес. Сондықтан тұрмыста тәжрибе жолымен алынған сипаттамалар жиі қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Q—Н теориялық сипаттамасын қалай тұрғызады?
2. Сораптаң нағыз сипаттамасын қалай тұрғызады?
Ұсынылған әдебиеттер:
а) неізгі: Насосы и насосные станции: Учебник / Чебаевский В.Ф., Вишневский К.П., Накладов Н.Н., Кондратьев В.В.: Под ред. Чебаевского В.Ф. – М.: Агропромиздат, 1989. – 416 с.
Гидромашины: Учебное пособие / Бегляров Д.С., Беглярова Э.С., Козлов Д.В. – М.: МГУП. 1996. – 110 с.
б) қосымша: Проектирование насосных станций и испытание насосных установок: Учебное пособие / Чебаевский В.Ф., Вишневский К.П., Накладов Н.Н. – М.: Колос, 2000. – 376 с.
Гидравлические машины: Учебник / Кривченко Г.И. – М.: Энергоатомиздат, 1989. – 320 с.
Каталог насосов, применяемых в мелиорации. – М.: Росоргтехводстрой МВХ РСФСР, 1988. – 229 с.