7 дәріс Автоматика элементтері



бет1/3
Дата29.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#144671
  1   2   3
Байланысты:
7 дәріс

7 дәріс

Автоматика элементтері.


4
Электрлік, механикалық
1
2
Магниттік, жылулық
3
5
Реле - әр түрлі автоматтандырылған жүйелердің ең кең тараған элементі. Реле өзіне сыртқы физикалық факторлар (себепкер шарттар) әрекет еткенде өзінің жағдайын секірмелі түрде өзгертеді де шықпалық шаманың соңғы мәнін алады. Релелерді өздерінің сезінетін физикалық шамалардың түріне орай топтастырылады:
Химиялық
6
Оптикалық
Радиоактивтік
Акустикалық
Ауылшаруашылық автоматикасында электрлік релелер кең қолданылады. Электрлік релелердің құрамында мынадай үш функционалдық элементтерді көрсетуге болады: қабылдағыш, аралық, атқарушы.
Қабылдағыш элемент сыртқы бақыланатын параметрін сезінеді де оны реленің әрі қарай жұмыс істеуіне қажет физикалық шамаға түрлендіреді (мысалы, түйіспелік релелерде механикалық күшке түрлендіреді). Сонымен, қабылдағыш элемент электр-магниттік, электр-динамикалық, индукциялық принципті орындалған қозғағыш орган болып шығады.
Аралық элемент (түйіспелік релелерде - серіппе) қабылдағыш элементтен түрлендірілген сигналды алады да оны берілген шамамен салыстырады. Егер ауытқу болса релені іске қосу әмірін қалыптастырады (құрастырады).
Атқарушы элемент (түйіспелер жүйесі) басқарылатын тізбекке әрекет етіп, оның параметрін өзгертеді.
Жұмыс істеу принципінің және құрастырылымының әр түрлі болуына қарамастан релелер бірнеше ортақ параметрлермен сипатталады.
Релелердің негізгі параметрлері:
Іске қосылу параметрі – реленің іске қосылатын кезіндегі кірмелік сигналдың ең кіші мәні. Бұл параметр реленің сезгіштігін сипаттайды.
Босату параметрі – реленің бастапқы жағдайына қайтып келетін кезінде кірмелік сигналдың максимал мәні.
Босату параметрлерінің Ротп іске қосылу Рср параметрлеріне қатынаса қайта келу коэффициенті деп аталады.
Электр-магниттік релелерге К(ҚКв)=0,4…0,9,
электрондық релелерге К(ҚКв)=0,98…0,99.
Жұмыс параметрі (Рр) – реле ұзақ уақыт бойы номинал жұмыс режимде болатын кездегі кірмелік параметрдің ең үлкен мәні.
Іске қосылудағы қор коэффициенті – жұмыс параметрінің іске қосылу параметріне қатынасы.
Бостаудағы қор коэффициенті – босату параметрінің жұмыс параметріне қатынасы.
Іске қосылу уақыты τср – қабылдағыш элементке сигналдың берілу моментінен басқарылатын тізбекте сигналдың пайда болу моментіне дейінгі уақыт.
Осы параметрдің мәніне орай релелерді былай бөледі:
  • инерциясыз τср (τі.қ)<0,001с;
  • тез әрекет ететін τср (τі.қ)<0,05с;
  • әдеттегідей τср (τі.қ)<0,05...0,15с;
  • баяу әрекет ететін τср (τі.қ)<0,15...1,0с;
  • уақытты ұстау релесі τср (τі.қ)>1,0с.

  • Босату уақыты τб (τотп) – сигналды алу моментінен түйіспелердің басқару тізбегіне әрекет етуі тоқталған моментке дейінгі уақыт.
    Қызмет ету мерзімі – реленің іске қосылуының шекті мүмкіндік саны (103...107).
    Реленің сенімділігі негізінде түйспелермен анықталады. Түйіспелер токтың, кернеудің, қуаттың шекті мәндерімен және іске қосылу санымен сипатталады.
    Автоматикада электр-магниттік реле кең пайдаланады.
  • Электр-магниттік реле

  • Реле орамымен өтіп жатқан ток күшін сезінеді. Орамның магниттік өрісінің әрекетінен ферромагниттік якорь (өзек) тартылады. Якорь тартылғанда оған бекітілген түйіспелер тұйықталады. Тоқ жоқ болғанда серіппенің қарсы әрекетінен якорь және түйіспелер бастапқы орнына қайтады.
    Қалдықтық магнит өрісінің әсерінен якорь өзекке тартылу жағдайында қалмас үшін оған биіктігі 0,1...0,2мм ШТИФТ бекітілген. Якорь және өзек жұмсақ магниттік материал ШТИФТ магниттік емес материалдан (мыс немесе жез) дайындалады.
    Ток түріне орай тұрақты токтың, өндірістік жиілікті айнымалы токтың және жоғары жиілікті айнымалы токтың релелері болады.
    Полярленген тұрақты ток релелерінде сигналдың полярлігіне байланысты якорьге әрекет ететін күштің бағыты өзгереді.
    Арналмына орай релелер негізгі және қосымша болып бөлінеді. Қосымшаға аралық релелер жатады.
    Релелердің дұрыс және сенімді жұмыс істеуі тарту күшінің және механикалық сипаттамаларының cәйкестірілінуі байланысты келеді.
    Тарту күшінің сипаттамасы электр-магниттік күштің электр-магниттік реленің өзегі мен якорінің арасындағы ауа саңылауының өлшеміне тәуелділігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет