7 дәріс Автоматика элементтері


Релелер мен ауыстырып қосқыштардың түйіспелері



бет2/3
Дата29.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#144671
1   2   3
Байланысты:
7 дәріс

Релелер мен ауыстырып қосқыштардың түйіспелері. Релелер мен ауыстырып қосқыштардың сенімділігі және коммутациялау қабілеті негізінде түйіспелермен анықталады.
Түйіспелерді мына эксплуатациялық параметрмен сипаттайды:
  • токтың шекті мәнімен;
  • кернеудің шекті мәнімен;
  • қуаттың шекті мәнімен;
  • іске қосылу санымен.

  • Шекті мүмкіндік ток Iп түйіспелердің қызу температурасымен анықталады. Сол температурада түйіспелер әрі жұмсармайды және қажетті физикалық – механикалық қасиеттерді сақтайды. Шекті мүмкіндік кернеу Uп түйіспелер изоляциясының тесілу кернеуімен және ажыратылған түйіспелер арасындағы аралықтың тесілуімен анықталады.
    Шекті мүмкіндік токты өсіру үшін түйіспелердің кедергісін азайту және олардың салқындау бетін үлкейту керек. Түйіспелер кедергісі олардың жанасқан жерлеріндегі кедергімен анқыталады және түйісетін денелерді бір-біріне қысатын күшке тәуелді келеді. Кіші мәнді токтарға арналған релелерге күш Ньютонның жүздеген үлесіне тең, ал 3...10А токтарға арналған түйіспелерге бұл күш 1 Ньютонға дейін болады. Сонда түйіспелердің кедергісі 10-5...10-3 Ом болады.

Шекті мүмкіндік қуат түйіспелерді ажыратқаннан кейін олардың арасындағы электрлік доганы сөндіру шартымен анықталады, яғни бұл параметрлер түйіспелердің материалына, пішініне, және өлшемдеріне, түйіспелік қысымға және арнаый доға сөндіретін құрылғылардың болуына тәуелді болады.
Доға түйіспелердің материалына байланысты токпен кернеудің белгілі минималь мәнінде пайда болады. Мысалы, мыс пен күміс түйіспелерде доғалық разряд ток 0,5А-ден көп болса және кернеу 12В-тен жоғары болса пайда болуы мүмкін. Кернеу 300В-тен жоғары болса, ал ток 0,5А -ден кем боса түйіспелер ажыратылғанда ұшқындау байқалады.
Егер ажыратылатын тізбекте индуктивтік болса, тізбектің ажыратылу моментінде түйіспелердегі кернеу индуктивтіліктегі өзіндік индукция ЭҚК-нің әсерінен сол тізбекте қоректендіретін кернеуден ондаған есе жоғары болуы мүмкін.
Ұшқындау құбылысы тұрақты ток тізбектерінде жиі байқалады. Өйткені, индуктивтіліктерде жиналған электр-магниттік энергия, тізбек ажыратылғанда жоғала бастап, ажыратыла бастаған түйіспелер арқылы бұзып-жарып өтеді де ауалық аралықты теседі. Бұл түйіспелерде эрозия құбылысын тудырады, яғни метал бөлшектері бір түйіспеден екінші түйіспеге тасымалданады, түйіспелер тотығады және бұзылады. Осы себептен шекті мүмкіндік қуат Рп айнымалы ток тізбектерінде тұрақты ток тізбектеріне қарағанда 2...3 есе көп болады.
+
КV
KV
R
a)
б)
в)
г)
д)
+
+
+
+
С
R
KV
KV
KV
R
KV
KV
C
KV
KV
VD
R
Сурет 7.1. Ұшқындауды азайту үшін реленің түйіспелерін және орамаларын шунттау сұлбалары.
Қуатты ажыратқыштар түйіспелерін (бірнеше жүз кВт) арнайы доға сөндіретін камерамен жабдықтайды. Оларды түйіспелердің үстіне орналастырады. Доға пайда болғанды жылу ағыны немесе электр-магниттік күштер әрекетінен доға камераға сорылады, қысқа доғаларға бөлінеді немесе ұзатылады және тез сөнеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет