Уақыт ұсталымы релелері және бағдарламалы релелер Уақыт ұсталымы релелері сигналды автоматиканың бір элементінен басқа элементіне бергенде белгілі уақыт кешігуін жасауға арналады.
Бағдарламалы реле (құрылғы) уақыт ұстамы релелерінің бір түрі болады және әдетте бірнеше тәуелсіз үлкен уақыт ұстамдарын беруге мүмкіндік тудырады.
Уақыт ұстамы релелері электрлік, механикалық, пневматикалық, гидравликалық және басқа баяулату құрылғыларымен дайындалады. Электрлік баяулату құрылғылы релелер кең таралған. Олар тұрақты немесе айнымалы ток сигналдарын сезінеді
K
K
K
K
-
+
+
+
+
R
КТ
D
KTUвх
KTUвх
С
КТ
В
7.2-Сурет. Тұрақты ток релесінің босатуын және іске қосылуын баяулатудың сұлбалық тәсілдері:
Орамасы актив кедергімен шунтталған сұлбада босатын жіберуде баяулату әдісінің мәні мынада: «К» ісітпен релені ажыратқаннан кейін оның орамасында пайда болатын өзіндік индукция ЭҚК-і токтың бұрынғы бағытта өтуін сүйемелдейді. Осы ток R шунттайтын R резистор арқылы тұйықталып, баяу кемиді, ал реленің якорі біраз уақыт тартылу күйінде қалады. Босату кезіндегі уақыт ұсталымы 0,4...5с болады. Шунттайтын резисторда қосымша қуат шығыны болады. Бұл кемшілік диодпен шунтталған сұлбада жойылған. Диод қоректендіретін керкеуге қарсы қосылған. Сонымен қатар, бұл сұлбада үлкен уақыт ұстамын алуға мүмкіншілік береді. өйткені, диод релені ажыратқаннан кейін оның орамасында пайда болатын өзіндік индукцияның ЭҚК-ін өткізетін бағытта қосылған.
Релені босатудың уақыт ұсталымы мына формула бойынша анықталады:
мұндағы Rр және L – іске қосылған жағдайдағы реле орамасының актив кедергісі және индуктивтілігі;
Iт – босату кезіндегі реле якорінің қозғалу тогы.
«В» сұлбада К кілтті тұйықтағаннан кейін С конденсаторды зарядтайтын айтарлықтай ток өтеді, ал Uвх кернеуі толық дерлік R резисторда өшіріледі. С конденсатор зарядталу кезінде реле орамасында Uс кернеу.
заңы бойынша Uср мәніне дейін өседі, реле іске қосылады.
Электронды автоматиканың электр сұлбаларында секундтың жүздеген үлесінен ондаған минутқа дейін уақыт ұсталамын жасау үшін конденсаторлық уақыт ұсталымы релелері кең пайдаланылады.
-
+
KV
Uca
C
R
Ua
- +
Л
SA
+
R1
C
R
R2
KV
Л
а)
б)
Сурет 7.3. Конденсаторлық уақыт ұсталымы релелерінің негізгі сұлбалары: а - электронды; б-тиратронды.
Электронды уақыт ұсталымы релесінде (а) вакуумды шамның анодтық тогы тордағы теріс потенциалдың мәніне тәуелді болады. SА кілт тұйықты болғанда конденсатор С шамды жабатын Uсо теріс кернеуге дейін зарядталады. Егер SА кілт ажыратылған болса, С конденсатор R резистор арқылы зарядсызданады, ал торлық кернеу заңы бойынша кемиді.
Шамның анодтық тогы біртіндеп электр-магниттік реленің КV іске қосылу тогына дейін жоғарлайды. Реленің іске қосылуы конденсатордағы кернеу Uс ср болғанда жүзеге асырылады. Уақыт ұсталымы былай анықталады:
Электрондық уақыт ұсталымы релесі тиратрондық және жартылай өткізгіштік релелерге қарағанда күрделі. өйткені, мәні бойынша әр түрлі үш қоректендіру кернеуін қажет қылады: қыздыру тізбегіне, анодтық тізбекке және басқару тізбегіне, ал айналымы ток торабынан қоректендірілгенде – трансформаторларды немесе қосымша кедергілер пайдалану керек болады.
Тиратрондық реле сұлбасының (б-сурет) бастапқы жағдайында SА кілтімен R1 зарядсыздандыратын резисторға тұйықталған конденсатор С толық зарядсыздандырылған. Релеге U кернеуін бергенде конденсатор С резистор R арқылы зарядталады. Зарядталу нәтижесінде конденсаторда кернеу жоғарлайды. Және біраз уақыттан кейін кернеу тиратронды тұтандыру потенциалына дейін өседі. Тиратрон тұтанады және содан соң реле КV іске қосылады. Резистор R2 тор мен анод арасындағы солғын разряд ток күшін шектейді.
Механикалық құрылғымен баяулатылатын релелерде уақыт ұсталымы сағатты механизмнің немесе синхронды электр қозғалтқыштың көмегімен жасалады.
«а» суретте сағатты механизмі бар уақыт ұсталымы релесінің сұлбасы келтірілген. Реленің құрамында (1) ток пайда болғанда оның (реленің) якорі тез тартылады да серіпені (2) созады. Сектор (3) серіппе (2) әрекетінен түйіспемен бірге қозғалысқа келеді. Сектордың қозғалыс жылдамдығы баяулататын механизмнің 4,5,6 элементтерімен анықталады. Ораманы ток көзінен ажыратқаннан кейін реле бастапқы қалпына келеді. Іске қосылу уақыты сектордың (3) алғашқы тұратын орнымен шкалада тағайындалады.
Б-суретте бағдарламалы реленің негізгі сұлбасы берілген. «К» түйіспе тұйықталғанда синхронды қозғалтқыш «Д» айнала бастайды. Электр қозғалтқышпен бір уақытта электрмагнит ЭМ іске қосылады және 9,10 тісті дөңгелектерді іліністіреді. Бас білікте тісті дөңгелекпен (9) бірге бір немесе бірнеше жұдырықшалар 8 бекітілген.
Қозғалтқыш жұдырықшаларды айналдырады. Жұдырықшылардың бетімен рычагтар 7 сырғанайды. Олар 11...15 түйіспелерді ауыстырып қосады. Берілген бағдарламаның соңында 7 рычагтардың бірі 8 жұдырықшаның кертпешіне (уступ) кіреді де 14 және 15 түйіспелерді ажыратып электр қозғалтқышты электр торабынан айырады. «К» түйіспені ажыратқанда электромагнит қоректендіру көзінен ажыратылады, П1 серіппенің әрекетінен 9 және 10 тісті дөңгелектер іліністен босатылады. Осының нәтижесінде П2 серіппесінің әрекетінен жұдырықшалар айналып алғашқа қалпына қайтып келеді.
Магнитті басқарылатын түйіспелі реле (Геркондар)
Геркондар ішінен ауа сорып алынған шыны ампула түрінде дайындалған вакуумды геркондар немесе іші инертті газбен толтырылған геркондар болып бөлінеді. Ампулаға жіңішке серпімді ферромагниттік пластиналар (электродтар) дәнекерленген. Олар түйіспелер, серпімді элементтер рөлін атқарады. Пластинаның бір бөлігіне токты жақсы өткізетін материалдардан (күміс, алтын, родий) қаптама жалатылады. Орам арқылы ток өткенде магниттік ағын пайда болады. Ол пластина арқылы шарғы ішінде тұйықталады. Пластиналар арасында тарту күштері пайда болады. Сигналды алғанда пластиналар орындарына қайтады.