7 Дәріс тақырыбы. Жылу, оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы Мақсаты



бет6/8
Дата06.01.2022
өлшемі236,98 Kb.
#14570
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс.№.7-8

Физиологиялық ноль 0)–өсімдіктердің тұқымының,же-місінің, бүршектерінің өсе бастауына керекті алғашқы темпера-тура деңгейі. Мысалы, жаздық бидай, арпа, сұлы тұқымы +1-+3°С-та, күріш +10-+12°С-та өніп өсе бастайды. Яғни, бидай, арпа, сұлының физиологиялық ноль температурасы 0°С, күріш-тікі +10°С (11-сурет).


1,3-тұқымнан өніп шыққан өскін биомассасы;


2,4-өскін биомассасының тәуліктік өсімі (фотосинтетикалық алаңға есептелінген салыстырмалы мөлшер)
11 – сурет. Бидай және күріш өсімдіктерінің өсіп дамуыныңтемпературалық көрсеткіштері.
Өсімдіктер – пойкилотермді организмдер, яғни олардың де-несінің температурасы қоршаған орта температурасымен сәй-кестенеді. Олардың өсіп дамуы кезеңі ішінде немесе белгілі бір кезеңде қабылданған керекті температураны анықтайтын көрсеткішті температуралар қосындысы немесе тиімді температуралар қосындысы (∑t°)деп атайды. Ол салқынға тӛзімдіөсімдіктер (дақылдар) үшін +5°С-тан жоғары температуралар қосындысы, қоңыржай климатта өсірілетін дақылдар үшін +100С-тан, жылы сүйгіш дақылдар (өсімдіктер) үшін +150С-тан жоғары тәуліктік орташа температуралар қосындысы алынады. Қоңыржай аймақта өсетін табиғи шөптесін өсімдіктер үшін +5°С-тан жоғары температура көктемгі құбылыстарды туында-татын температура деп есептеледі.

∑ t0 ═ (t° – t°а ) · n ,


мұнда, ∑t0 – тиімді температуралар қосындысы; t° – белгілі кезеңдегі тәуліктік орташа температура; t°а – шартты түрде алын-ған (мысалы, +5°С, +10°С, +15°С) температура деңгейінен жоғары тәуліктік орташа температура; n – кезең аралығы, күн саны.
Тиімді температуралар қосындысы әрбір дақылдар үшін әр-түрлі және белгілі деңгейде айырмашылықтары бар. Мысалы, бидайға керекті ∑t° – 1550-1850°С, күріш үшін ∑t° – 3500-4000°С. Сондықтан Қазақстандық Арал өңірінде бидайды нау-рыз айында және сәуір айының басында себеді, ал күрішті ма-мыр (1-25) айында егіп суға бастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет