Тақырыбы: Лавр ағашы жапырағы мен үрмебұршақ тұқымының көлемдері бойынша вариациялық қатар мен вариациялық қисық орнату. Реакция нормасын орнату. Мақсаты



бет1/3
Дата24.01.2023
өлшемі236,53 Kb.
#62578
  1   2   3
Байланысты:
№3 ЗЖ МӨ (1)


Зертханалық жұмыс №3
Модификациялық өзгергіштік
Тақырыбы: «Лавр ағашы жапырағы мен үрмебұршақ тұқымының көлемдері бойынша вариациялық қатар мен вариациялық қисық орнату. Реакция нормасын орнату.
Мақсаты: Лавр жапырақтары мен үрмебұршақ тұқымдарын пайдалана отырып, вариациялық қисық сызық пен вариациялық қатар құру.
Болжам: Егер лавр жапырақтары мен үрмебұршақ тұқымдары арқылы вариациялық қисық сызық пен вариациялық қатар сапалы құрылса, берілген реагенттердің қаншалықты модификациялық өзгеріске ұшырағанын анықтай аламын.
Құрал- жабдықтар: лавр жапырақтары 50 дана,
үрмебұршақ тұқымдары 60 дана,
сызғыш,
таразы,
қағаз,
қарындаш.
Қауіп көзі:



Қауіп көзі

Ықтималдығы

Алдын алу

Қағаз

Төмен

беттерді абайлап ашу

Қалам, қарындаш

Төмен

сілтемеу, қатты баспау

лавр жапырағы

Орташа

Жұмыс істеу барысында лавр жапырақтарын абайлап ұстау. Себебі кептірілген жапырақтар сынып кетуі мүмкін.



Теориялық матрица:
Өзгергіштік құбылысы бүкіл тірі организмге тән қасиет. Бір түрге жататын дарақтардың арасындағы айырмашылықты өзгергіштік деп атайды.
Модификациялық өзгергіштік деп гендердің, хромосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен белгілі бір гендердің көрінуін, осылай фенотиптің өзгеруін айтады. Сыртқы орта факторларына: температура, ылғал, жарық, қоректік заттар, т.б. жатады.
Сандық өзгергіштікті статистикада санау, өлшеу және химиялық анализдер арқылы зерттейді. Сандық өзгергіштік екіге бөлінеді: үздікті және үздіксіз. Үздікті өзгергіштікті санау арқылы зерттейді, ал үздіксіз өзгергіштікті санау, өлшеу, химиялық анализдер жасау арқылы зерттейді. Үздікті өзгергіштікте особьтардың арасы бүтін санға тең болу керек, ал үздіксіз өзгергіштікте зерттелінетін обьектілердің арасы бөлшек сандарға да тең болуы мүмкін.
Зерттеуге алынған обьектілерге қойылатын басты талаптардың бірі – олардың біркелкілігі, яғни, бір түрдің немесе бір сорттың өкілдері болуының қажеттілігі.
Белгінің сандық көрінісін вариант деп атайды.
Төменнен жоғары немесе жоғарыдан төмен бағыттарда орналасқан варианттар вариациялық қатар түзейді.
Вариациялық қатарды график арқылы өрнектеуді вариациялық қисық деп атайды.
Модификацияға ұшырамайтын белгі не қасиет болмайды, бірақ организмнің әрбір белгісінің өзгеруінің белгілі бір шегі болады, оны өзгергіштіктің реакция нормасы деп атайды. Организмдегі әр түрлі белгілердің реакция нормасы түрліше болады.
Жұмыс барысы:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет