№7 дәріс тақырыбы: Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы


- Студентке тақырыпты таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін,  зерттеу әдістемелерін анықтауға көмектеседі;  -



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата29.10.2022
өлшемі422,3 Kb.
#46128
түріДиплом
1   2   3   4   5
- Студентке тақырыпты таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін, 
зерттеу әдістемелерін анықтауға көмектеседі; 
- Студентпен біріге отырып, жұмыстың күнтізбелік жоспарын құрады 
және тапсырмаларды, кеңес беретін күндерді анықтайды; 
- Студентті курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар және 
нұсқаулармен таныстырады (жұмыстың негізгі кезеңдері, кезең 
бойынша жұмыс мазмұны, есеп беру түрі, т.б.); 
- Тақырып бойынша әдебиеттер, материалдар жинастыру үшін кеңес 
береді; 
- Психологиялық-педагогикалық 
бақылау 
мен 
экспериментті 
ұйымдастыру және өткізуге көмектеседі; 
- Алынған зерттеу материалдарының сапасын тексереді; 
- Курстық жұмыстың орындалу барысын бақылайды; 
- Жұмыс аяқталғанда пікір береді
- Қорғауды ұйымдастырады.
 
Курстық жұмысты жазуды мақсаты: 
Әрбір студент өзінің болашақ мамандығын қалыптастыратын пәндерді 
оқып-үйрену барысында алған теориялық білімдерін одан әрі тереңдетіп, 
жетілдіре беруі үшін күнделікті болып жатқан экономикалық және 
әлеуметтік процестерді басқарудың тәжірибесін мемлекеттік, салалық және 
аймақтық тұрғыдан жеткілікті талдап, соның арқасында басқару 
тәжірибесінің салыстырмалы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай 
отырып, соңғыларын одан әрі болдырмаудың жолдары мен әдістерін 
ғылыми-методологиялық және ұйымдастырушылық-құқықтық жағынан 
негіздей білуге тиіс. Сондықтан дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін осы пән 
бойынша курстық жұмыс жазу керектігі оқу жопарында әдейі қаралған. 
Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды 
формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады. 


Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық 
мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты 
білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен 
байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен 
байланыстыруға үйренеді. 
Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті экономикалық 
әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне 
ие болып, экономикалық және басқару құбылыстарын талдау мен 
жалпылауға үйренеді. 
Курстық жұмыстың орындалуы оны жазудың өзара байланысты 
кезеңдерінен құралады: 
1. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту 
2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау 
3. Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі 
талаптар 
4. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері 
5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу 
6. Курстық жұмысты рецензиялау. 
7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет