Сабақтың тақырыбы: «Тілден артық қазына жоқ» Сабақтың мақсаты: Білімділік: тілге байланысты тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, жазуға дағдыландыру, тақырыпты қаншалықты менгергендігін байқау.
Дамытушылық: оқушылардың тіл туралы білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, ой шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетелдіру, ой бөлісе отырып, сөз еркіндігіне баулу.
Тәрбиелік: патриоттық тәрбие беру, ана-тілін жетік білуге, ұлтжанды болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тірек сызбалар, кестелер, кәртішкелер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тілден артық қазына жоқ».
2. Мына сызбаны толтырайық!
- Тіл дегеніміз не?
халықтың кешегісі, бүгінгісі,ертеңі халық тағдыры ұлттың жаны тәрбие басы игі істің басы таусылмас қазына, тәрбие басы қасиеттіТІЛ мұра Ұлтаралық қарым қатынас құралы қарым-қатынас әнұран, елтаңба, ту
Қазақ тілі қазір мемлекеттік тіл. Ол ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі түркі тілдеріне, оның ішінде қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілі барынша дамыған, бай, көркем тіл. Қазақстан Республикасының барлық тұрғындары мемлекеттік тілді меңгеруі, білуі керек. Бүгінгі күні кешегіден жарқын, себебі қазақ тілін меңгерушілер көп.
Тілді білу, халықты, тарихты сыйлау. Тіл – халықтың, ұлттың жаны. Тілді құрметтей білу керек. Қос тіл – қос қанаттың. Неше тіл білсең, сен сонша рет адамсың. Қазіргі заманда полиглот болу өмір талабы.
Мәтінге байланысты тапсырмаларды орындандар. 3 – деңгей: Мәтіндегі сын есімдерді теріп жаз, олармен сөйлем құрастыр.
2 – деңгей: Мәтіннен антоним, синоним сөздерді теріп жаз, мәтінге жоспар құрастыр.
1 – деңгей: Мәтінге тірек сызба сыз, сұрақ құрастыр.