ОгюстенЖан Френель 1785 ж. Нормандияда сәулетшілер отбасында туылған. Шығармашылық жолына кедергі болған әлсіз денсаулығына қарамастан 16-дан асқанда политехникалық мектепке түседі. Көп уақыт бойы Френель өзіне тән емес жол және көпір құрылысымен айналысады. Тек 1815 ж. ол өзін ғылыми жұмысқа арнайды.
Френельдің бір уақыттарды философия да, дін іліміне де, химия және техника да қызықтырады. Бірақ бірінші орында оптика тұрды. 1815 ж. бастап Френельдің бірінен кейін бір естелікнамалары шықты.
Олар оған әлемдік атақ берді. 1823 ж. ол акдемик атанды, бірақ келесі жылында дерті О.Френельді ғылыми жұмыстан кетуге мәжбүр еткізді. О.Френель 1827 ж қайтыс болды.
Иозеф Фраунгофер. XIX ғ. ғалым – оптиктардың есебінде И. Фраунгофердің атын еске түсірмеу мүмкін емес. Ол барварлық кедей әйнекшінің ұлы болған және еңбек өмірін бала шақтан бастаған. 14 жасына дейін Фраунгофер мүлдем сауатсыз болған. 12 жасында тақыр жетім болады, және де ол осы кезде апатқа ұшырайды. Үй қираған кезде бүкіл тұрғындары қайтыс болады, ал кішкентай Иозеф ауыр жарақатталады. Апаттың куәгері болған банкир Утцшнейдер ұлға көмек береді және ол соңында білікті шебер оптик болып шығады. 1806 ж. ол Утцшнейдер басқаратын оптика-механикалық институтқа келеді.
Шеберлік пен дарыны Фраунгоферді жылдам қызметтік көтерілу мен бизнестік жетістіктерге әкелді.
1811 ж. ол барварлық оптикалық өнеркәсіптің бастығы болады. Ал олар құрған «Утцшнейдер мен Фраунгофер» фирмасы әлемде ең танымал жақсы оптикалық құралдар шығаратын болды. Осылай, ол сауатсыз жетімнен профессор, академик және әлемдік атақтағы фирма бейлеушісі болады.
Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:
1. Геометриялық оптиканы құрушылар және олардың жетістіктері.
2. Телескоптың тарихы: Галилейден осы заманға дейінгі аралық.
3. Микроскоптың тарихы.
4. Жарық табиғаты туралы ұғымдардың даму тарихы (толқындар мен бөлшектер).
5. Дифракция туралы ұғымның даму тарихы.
6. Интерференция туралы ұғымның даму тарихы.
7. Поляризация туралы ұғымның даму тарихы.
8. Гюйгенс-Френель принципінің тарихы мен практикалық қолданылымы.
9. Фотометрияның даму тарихы.
10. Томас Юнгтің өмірбаяны және ғылыми жетістіктері.
11. Огюстен Жан Френельдің өмірбаяны және ғылыми жетістіктері.
12. Бейсызық оптика ұғымының пайда болу тарихы.
13. Қазіргі заманғы оптиканың мәселелері.