7 І. Теориялық бөлім



бет14/14
Дата06.01.2022
өлшемі0,92 Mb.
#12808
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Басталуы

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру 5-минут


Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

Ал қанекей балалар

Бері қарай қарайық.

Қажет құрал, кітапты,

Алдымызға алайық.

Алаңдамай басқаға,

Сабаққа назар салайық.

Дұрыс жауап шешімін,

Мұқиятпен табайық
Топтарға бөлу. «Сөз таптары »

Қағазда жазылған сөз таптарын таңдайды.


9-жаттығу.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, өлеңді көшіріп жаз.

Өс-өс,балам,өсе бер,

Батыл бол палуан білекті,

Батыр бол таймас жүректі,

Саусағыңды созайық,

Аяғыңды жазайық.


Семантикалық жұмыс

Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

қалам













биік













бардым













отыз















1-топ:


Зат есім

2-топ: Етістік

3-топ: сын есім

4-топ:Сан есім





Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Кім болам?» ойыны бойынша оқушылар топпен мамандықты таңдай отырып,қысқаша әңгіме құрайды.Сөз таптарын табады.

10-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.

Шағала көлін қорғайды,

Шопан төлін қорғайды.

Егінші жерін қорғайды,

Батыр елін қорғайды.

Өлеңдегі кім?не?сұрағына жауап беретін сөздерді табу.


Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы

10 минут



Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Дәптермен жұмыс.

1-топ: 11-жаттығу.Өлеңді қатесіз көшіріп жаз

Ұл-қызыңа ерген

Немереңбіз,әже.

Немереңнен өрген

Шөбереңбіз,әже.

2-топ:


Анаңның әкесі – ... .

Анаңның анасы – ... .

Өзіңнен кіші қыз болса – ... .

Өзіңнен кіші ұл болса – ... .



3-топ «Сәйкестендіру»
Кім?

оқыды Не істеді?

Қандай? сиыр



ойнады қысқа

парта

Асан әпке



Не?

әнші сұлу Қанша?
4-топ «Ребус шешу»

НЫ


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер




Сергіту сәті

2 минут


Сергіту сәті "Көңілді күн"



видеожазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


«Рефлексия»

3 минут


«Ортадан қалам алу» стратегиясы

. Бұл стратегияда оқушылар өз топтарының ортасына қаламдарын қояды. Мен кез келген қаламды алып таңдаймын. қаламның иесі мен айтқан тапсырманы орындайды. Тапсырма: Мен зат есімді атаймын. Оқушы сол зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстырады, тіркестіреді. Мысалы: зат есім+сын есім, зат есім+сан есім, зат есім+етістік. Көйлек - қызыл көйлек, төрт көйлек, көйлек тікті.

Бұл стратегияны «бағдаршам түстері» арқылы бағалаймын.

1. Егер саған сабақ ұнаса,барлық тапсырмаларды сәтті орыдасаң бағдаршамды жасыл түсті белгіле.

2.Егер қиындықтар болып,оларды жеңе білсең бағдаршамды сары түсті белгіле.

3.Егер қатты қиналсаң,менің көмегім қажет болса бағдаршамды қызыл түсті белгіле.




Бағалау
5 минут




Бағалау парақшасы





Үйге тапсырма: №13,45-бетте.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағыахуал қандайболды?

Мен жоспарлаған саралаушаралары тиімді болдыма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздімжəне неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Қорытынды

Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.



Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет екендігі айқын.Функционалдық сауаттылықтың маңызын түсінген оқушы әрбір пәндегі берілген білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы ретінде қабылдауы тиіс .Осыған байланысты елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс- қимыл жоспары бекітілген.Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету, қалыптастыру, меңгерту. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.

Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – бастауыш сынып пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып бойынша өлеңдер, «Сөз ойла, көп ойла», «Өлең шығарайық», «Бес жолды өлең» құрастыру жұмыстарын жүргіземін. Оқушылардың ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «Аквариумдағы алтын балық», «балық сүйегі» әдістерін қолдануға болады.



«Қазақ тілі» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады: оқушылардың дүниетанымы мен ұлттық болмысын қалыптастыру үшін ана тілінің мүмкіндіктері мен сөз өнерінің әлеуеттерін терең меңгеруіне көмектеседі. «Қазақ тілі» пәні бастауыш сынып оқушыларының таным кеңістігін ана тілі арқылы кеңейте отырып, өз елінің тарихы мен рухани-мәдени мұраларын құрметтеуге, өз Отанын мақтан етіп, халқына қызмет етуге ынталандырады.

Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Оқу бағдарламасының мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.

Теорияны зерттей келе бастауыш сыныпта сөз таптарын сын тұрғысынан ойлау жобасының негізінде оқытудың оқушылардың функционалдық сауаттылығын  қалыптастырудағы ықпалы үлкен болады деген тұжырымға болжам жасаймын. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды ояту ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады. Қызығушылықты оятудың екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды, яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі «Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Тақырып бойынша «Ой толғаныс» бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. СТО бағдарламасының философиясын терең түсініп, әдістерін тиімді пайдаланған кездегі жеткен жетістіктерім:

1.Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады;

2. Оқушылар өз бетінше ізденуге, үйренгенін өмірде пайдалана білуге  үйренеді;

3. Сұрақ қойып, сұрақтарға өз бетінше жауап беруге машықтанады;

4. Тақырыпқа деген жан – жақты түсінігін аңғара отырып, ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасайды;

5. Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері және сын тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланады;

6. Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты,жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты.// Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.

  2.  Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2009. - 23 б.

  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. - 2004. - №2

  4. Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 2012.

  5. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, №11 (28235) 18 қаңтар сенбі 2014. - 34 б.

  6. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты // http://www.akorda.kz -27- 012012zh

  7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2011, маусым – 10. - 52 б.

  8. Бастауыш сынып №10, 2013ж  «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қазақ тілі сабақтарында  пайдаланып оқушылардың шығармашылығын арттыру» Ә.Рысбаева.

  9. «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы. Бастауыш мектеп (2-4 сынып) (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)

  10. Ұстаз №1 2013ж  «Қазақ тілі сабақтарында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерарқылы   оқушылардың сауаттылықтарын арттыру» А.С.  Батыркаирова А.С

  11. Б.А.Тұрғынбаева, Дамыта оқыту технологиялары,   \\ Бастауыш сынып әдістемесі\\ №8, 2011 ж

  12. Абилова. Ж. Т Жаңа технологияның пайдалану тиімділігі. \\Бастауыш сынып әдістемесі \\ №3(22), 2016ж

  13. E-mail:45minut.kz. Бастауыш сыныпта оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер.

  14. Төлегенова. У. Жаңа технологияны сабақта қолдану. \\Бастауыш мектеп №5-2006

  15. Хисметова. С. Оқу – тәрбие үрдісінде, оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалана отырып, оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру. \\Қазақ тілі мен әдебиеттер орта мектепте № 10(57)-2013

  16. Қуанаева. Б. С. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын арттыру жолдары. \\ Ұстаз Ғылыми әдістемелік журнал №1 (54) 2017.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет