Орындаған:Абилкасимова Жасмин
Таулы топырақтар
- Таулы топырақтар
- ТМД елдерінде таулы топырақтар 62,7 млн.га немесе жалпы территорияның 29,5% алып жатыр.
Таулы ауданның топырақтарының таралу заңдылықтары В.В.Докучаев ашқан тіктік таралу заңдылығына бағынады.Тіктік зоналдық деп топырақтың жердің биіктігіне байланысты алмасуын айтады.
- Таулы топырақтар мынадай типтерге бөлінеді:таулы тундралы,таулы шалғынды,таулы шалғынды-далалы,таулы күлгінді және таулы тоңды-тайгалы,таулы тоңды-тайгалы карбонатты,таулы шымды-карбонатты,таулы орманды қоңыр,таулы сор топырақтар,таулы қоңыр,таулы қара топырақтар,таулы қара-қоңыр,таулы боз топырақтар,биік таулы шөл топырақтар.
Таулы топырақтардың көп типтерінің гентикалық белгілері жазықтық топырақ типтерімен өте ұқсас болады.Бірақ көбіне олар қалыңдылығы аз және қиыршықты құрамы мен бөлектенеді.Ал таулы-шалғынды топырақ типі жазық жерлерде мүлде кездеспейді.
- Таулы-тундралы топырақтар. Таудың ең биік жерлерінде орналасқан. Олар биік таулар климаты-қысқа өсу кезеңі, ауаның жоғары ылғалдылығы және төмен температурада қалыптасады. Бұндай жағдайда биологиялық және химиялық мүжілу баяу, ал физикалық мүжілу жедел өтеді. Жоғары сатылы өсімдіктер жақсы дамымайды, ал мүк пен қына көп тараған болады. Микробиологиялық үрдістері қарқынды болмауы нәтижесінде өсімдіктер қалдықтары әлсіз ыдырайды. Сондықтан таулы-тундра топырақтарының жоғарғы қабаттарында толық шірімеген органикалық заттар - шымтезек көп болады және қарашірінді құрамында фульвоқышқылдар мол кездеседі. Шымды қабаты жұқа, реакциясы қышқыл, сіңіру сыйымдылығы төмен болып келеді. Топырақ тастылығымен және қаңқалығымен ерекшеленеді.
- Таулы шалғынды және шалғынды далалы топырақтар
- Бұл топырақтар дербес ерекше жоғары таулы топырақтар типі.Олар жауын-шашын мөлшері көп жағдайда альпілі және субальпілі шалғынды шөптердің астында әр түрлі аналық тау жыныстарында пайда болады.Карбонатты жыныстарда қалың және гумусты топырақтар қалыптасады.
- Таулы шалғынды топырақтар жақсы жетілген шым тезектенген шымды,оның астында қалыңдылығы 20-40 см қоңыр түсті тезектенген,майда-дәнді немесе тоңды-кесекті түйіртпекті көп жағдайда темірдің тотығы кездескендіктен,татты-түсті болып келеді.Таулы шалғынды және шалғынды-далалы топырақтардың кескіні қиыршықты және карбонаттан шайылған болады.Бұл топырақтар да гумустың мөлшері 12-30% құрамында фульво қышқылы гумин қышқылынан басым.Сондықтан топырақтың сіңіру кешені негіздермен қанықпаған және реакция ортасы әлсіз қышқыл.Таулы шалғынды және таулы-деңгейі,сілтісізденген гені және қиыршықтылығы бойынша бөлінеді.
- Таулы шымды субарктикалық топырақтар.
Бұл топырақтар шөптесін өсімдігі бар сирек ормандар астында қалыптасады.Гумус 10% және одан да жоғары мөлшерде кездеседі,реакция ортасы өте қышқыл және негіздермен қанықпаған.Күлгінденудің сыртқы белгілері көп жағдайда байқалмайды.
Таулы шымды субарктикалық топырақтар.
Таулы күлгін және тоң-тайгалы топырақтар.Солтүстік белдеудегі таулы жүйелерде кең тараған топырақтар.Олар қылқан жапырақты ормандар астында теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте қалыптасады.Топырақ пайда болған жыныстардың ішінде қалыңдығы әр түрлі массивті-кристалды жыныстардың үгілу продуктілері кездеседі.
Таулы күлгін топырақтардың кескіні айқындалған А0,А1,А2,В және С қабаттарынан тұрады.А0 қалыңдығы 5-10 см,шымтезектенген жартылай шіріген мүкті,орман төсеніші.А1 қалыңдығы 3-5 см тұрпайы гумусты қабат.А2 ақшыл түсті,қалыңдығы 5-15 см күлгінденген қабат.В қоңыр,тығыз, қалыңдығы 20-25 см иллювиальді қабат.Таулы-күлгін топырақтың кескіні 40-50см қалыңдықтан артпайды.
Таулы-күлгін топырақтар негіздермен қанықпаған,реакция ортасы қышқыл,алюминий мен темірдің жылжымалы формаларына бай болады.А қабатында гумус мөлшері 5-10% жетеді.
- Таулы тоңды тайгалы топырақтар.
Бұл топырақтар тайгалы ормандар астында массивті кристалды жыныстардың үгілу продуктілерінде,айқын континентальдімклимат жағдайында,көп жылдық тоң қабат жақын орналасқан жерлерде пайда болады.Бұл топырақ типінің ерекшелігі күлгіндену белгілерінің аздап байқалуы немесе мүлде кездеспеуі,сіңіру кешенінің негіздермен қанықпауы, реакция ортасының қышқылдығы,темір жылжымалы формасының кескінінің беткі қабатында көп мөлшерде жинақталуы,гумустың аз мөлшері және оның құрамында фульво қышқылының басым болуы.Глейлі-тоңды-тайгалық топырақтарға тән қасиет олардың беткі қабатының глейленуі.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |