7-сынып Физикалық



бет6/10
Дата23.09.2023
өлшемі2,41 Mb.
#109991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
6. Суретте көрсетілген үйкелістің түрлерін анықтаңыз.

___________________ ________________ ___________________ __________________

7. Денеге бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытта 800 Н және 100 Н күш әсер етеді. Тең әрекетті күштің модулі мен бағытын анықтаңыз және күштерді график арқылы көрсетіңіз.

19


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл



Білім алушы

«Инерция», «масса», «салмақ», «ауырлық күші» ұғымдарын түсіндіреді

1

инерция құбылысын анықтайды

1

2

салмақты анықтайды

1

3

массаның өзгерісін анықтайды

1

салмақтың өзгерісін анықтайды

1

«Серпімді деформация» түсініктеріне мысалдар келтіреді және оларды ажыратады

4

1-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

2-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

3-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

4-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

Гук заңын пайдаланып есептер шығарады

5

серіппенің созылуына анықтама береді

1




физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді

1

серіппеге түсірілген күшті анықтайды

1




Гук заңын қолданып серіппенің бастапқы ұзындығын есептейді

1

Үйкеліс түрлерін сипаттайды

6

тыныштық үйкелісін ажыратады

1

домалау үйкелісін ажыратады

1

сырғанау үйкелісін ажыратады

1

Күштерді график арқылы көрсетіп, тең әрекетті күштің модулі мен бағытын анықтайды

7

тең әрекетті күштің модулін табады

1

тең әрекетті күштің бағытын анықтайды

1




күштерді график арқылы көрсетеді

1

Жалпы балл

18

20

«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

«Инерция», «масса», «салмақ», «ауырлық күші», «пластикалық деформация» ұғымдарын түсіндіреді

Инерция құбылысын анықтау, салмақты есептеу, массаның өзгерісін анықтау, салмақтың өзгерісін анықтау қиындық туғызады

Инерция құбылысын анықтау/ салмақты есептеу/ массаның өзгерісін анықтау/салмақтың өзгерісін анықтау кезінде қателіктер жібереді

Инерция құбылысын дұрыс анықтайды, заттың салмағын есептейді, масса мен салмақтың өзгерісін дұрыс анықтайды

«Серпімді деформация» түсініктеріне мысалдар келтіреді және оларды ажыратады

Деформация түрін анықтау қиындық туғызады

Деформация түрлерін анықтайды, бірақ ажырату кезінде қателіктер жібереді

Деформация түрін дұрыс анықтайды

Гук заңын пайдаланып есептер шығарады

Гук заңын пайдаланып есептер шығару қиындық туғызады

Серіппенің созылуына анықтама береді, Гук заңын түрлендіреді, серіппенің бастапқы ұзындығын есептеу кезінде қателіктер жібереді

Гук заңын пайдаланып, есептер дұрыс шығарады

Үйкеліс түрлерін сипаттайды

Үйкеліс түрлерін сипаттау қиындық туғызады

Тыныштық/домалау/сырғанау үйкелісін ажырату кезінде қателіктер жібереді

Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелісін дұрыс ажыратады

21


Күштерді график арқылы көрсетіп, тең әрекетті күштің модулі мен бағытын анықтайды

Тең әрекетті күштің модулін анықтау, бағытын анықтау, күштерді график арқылы көрсету қиындық туғызады

Тең әрекетті күштің модулін және бағытын анықтайды, күштерді график арқылы көрсету кезінде қателіктер жібереді

Тең әрекетті күштің модулі мен бағытын дұрыс анықтайды, күштерді график арқылы көрсетеді

22

3-тоқсан



«Қысым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Орындау уақыты
7.3.1.2 Қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау
7.3.1.5 Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану 7.3.1.9 Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
7.3.1.13 Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

Білім алушы
Қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін анықтайды
Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіреді
Есептер шығару кезінде Архимед заңын қолданады

Білу және түсіну Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары

15 минут




Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
a) Қысым деген не? (Қатты дене үшін)

b) Қатты дене үшін қысым қалай анықталады? Қысымды қалай азайтуға болады?

c) берілген суреттерді салыстырып, қай жағдайда баланың жерге ең көп қысым түсіргенін анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

23


2. Суретте сынапты барометрдің қарапайым түрі көрсетілген.

Атмосфералық қысым артқан кезде Х және Ү деңгейлері қалай өзгереді? a) Х деңгейі ___________________________


b) Ү деңгейі ___________________________ c) Себебін түсіндіріңіз.

3. Ардақ алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін оның салмағын ауада және суда өлшеді. Өлшеу нәтижелері:
рауа= 36,4 Н; рсу= 32,6 Н;
а) Неліктен ауадағыға қарағанда алқаның судағы салмағы аз?
b) Алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін келесі шамаларды анықтау керек. 1) алқаның массасы _____________________________________________________ 2) алқаға әсер ететін кері итеруші күш _____________________________________ 3) алқаның көлемі ______________________________________________________ 4) алқаның тығыздығы _________________________________________________ c) Кесте бойынша ρкүміс=10500 кг/м3. Ардақ қандай нәтижеге келді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет