Бөлшектік сан есімдер
Бөлшектік сан есімдерге қатысты анықтаманы оқулықтардың қай-қайсысынан да кездестіруге болады, Сол анықтамалар бойынша бөлшектік сан есімдер "белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін", "белгілі бір заттар мен құбылыстардың бөлшектік үлесін, бөлшегін ", "заттар мен құбылыстардың бөлшектік санын, үлесін " білдіреді. Олай болса, бөлшектік сандық ұғымның тілде бар екендігіне еш күмән жоқ.
Бөлшектік сан есімдер құрамы жағынан күрделі болып келіп, есептік сан есімдердің синтаксистік тәсілмен тіркесе айтылуы арқылы жасалады: бестің бірі, жүздің оны, төрттен екісі, жүзден бірі т.б. Осы сан атаулары морфологиялық құрамы жағынан күрделі және олардың бірінші сыңары- ілік септігінде, екінші сыңары- тәуелдік жалғауында (бестің бірі, жүздің оны), бірінші сыңары- шығыс септік жалғауында, екінші сыңары- тәуелдік жалғауында (төрттен екісі, жүзден бірі) тұр. Осы ерекшелікке байланысты бөлшектік сан есімдердің есептік сандардың синтаксистік тәсілмен тіркесе айтылып және белгілі бір грамматикалық тұлғалардың қосылып айтылуы арқылы жасалатындығы ғылымда дәлелденген жағдай. Атап айтқанда:
- бөлшектік сан есімдердің құрамындағы бірінші сыңары ілік немесе шьіғыс септіктің бірінде, екінші сыңары тәуелдік жалғаудың үшінші жағында тұрады: төрттің бірі, жиырманың үші, жүздің екісі, төрттен бірі, отыздан оны, мыңнан жүзі т.б.
-бөлшектік сан есімдердің құрамындағы бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септікте тұрады және көбіне "бөлігі" деген сөз тіркеседі. Мысалы, бестен бір, қырықтан төрт, мыңнан елу бөлігі, үштен бір бөлігі т.б.
-бөлшектік сандар жарым, жарты сөздерінің есептік сандармен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, бес ширек, мың жарым т.б.
3. Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
Есім сөз таптарының бірі - есімдік. Есімдік - өзінің аты айтып тұрғандай, басқа есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер. Мысалы, Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген (Ж.Молдағалиев). Қайткен күнде де бұл сый өте-мөте орайласа кетті:
Есімдіктерді жеке сөз табы деп танудың негізгі белгісі - лексика-семантикалық сипаты. Лексика-семантикалық сипаты жағынан есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болып келеді. Мәселен, кез келген адамды мен, сен, ол деп, кез келген затты сол, мынау, анау деп айта береміз.
Есімдіктер қай сөз табының орнына жұмсалса сол сөз табы сияқты түрленеді, сол сөз табы сияқты сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Есімдіктердің өздеріне тән түрленетін морфологиялық көрсеткіштері жоқ, дегенмен олар бәрібір түрленетін сөздер тобына жатады. Қай сөз табының орнында қолданылса, сол сөз табы сияқты түрленіп, сол сөз табының синтаксистік қызметін атқарады.
Сөздерді таптастырудың негізгі үш принципіне (ұстанымына) сай, есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық белгісі және синтактистік қызметтеріне байланысты өз алдына жеке сөз табы болып бөлінеді. Есімдіктерді жеке сөз табы деп тануда лексика-семантикалық ұстаным негізге алынады. Себебі есімдіктердің өзіндік мағыналық ерекшеліктері бар.
Есімдіктердің - мағынасы тым жалпы. Есімдіктердің дәл, нақты мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлем ыңғайына қарай білінеді. Мысалы, Біреудің қатесі - біреуге сабақ (Дж. Рей). Тамырымды соқ, қаным –ойларымның толғағы, Жүректегі отты әнім сен өлмесең болғаны (Н.Оразалин). Берілген сөйлемдердегі есімдіктердің қайсысын алсақ та мағынасы нақты емес. Алғашқы сөйлемдегі біреу деген сөзден тек бір адамның қатесінің екінші бір адамға сабақ болатынын аңғаратынымыз болмаса, ол адам кім? -Асан ба, әлде Асқар ма? ол жағы белгісіз. Ал соңғы сөйлемдегі сен дегеннің де мағынасы нақты емес, бірақ оның мағынасын сөйлемнің ыңғайынан байқауға болады. Мұндағы сен деген сөздің дәл не екенін бірінші сөйлемдегі әнін деген сөзден білеміз. Демек, есімдіктердің нақты мағынасын бұрын айтылған сөйлем ыңғайынан аңғаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |