Тақырыбы: Себеп, мақсат, шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет1/10
Дата13.05.2023
өлшемі243,51 Kb.
#92751
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11-апта. Дәріс. Сөзжасам.

Тақырыбы: Сан есімнің сөзжасамы.

Мақсаты: Сан есімдер сөзжасамының есім сөздер сөзжасамы ішіндегі ерекшелігіне көңіл аудару, туынды сан есімдер қатарының шектеулігін аңғару, көне тәсіл мен қазіргі сөзжасамның тәсілдерін салыстыру. Сонымен бірге сан есім сөздерден басқа сөздердің жасалатындығына көз жеткізу.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Сан есімнің сөзжасамына қатысатын тәсілдер: 1) синтетикалық тәсіл; 2) аналитикалық тәсіл; 3) лексика-семантикалық (бүтін, бөлшек, жарым, жарты, ширек, см, мм, гектар, тонна).

2. Сан есім сөзжасамының ерекшелігі.

Зерттелу жайы. Қазақ тіл білімінде туынды сан есімдердің жасалуына қатысты ой-пікірлер басқа сөз таптарына қарағанда мол. Мысалы, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ә.Төлеуов, Ә.Ибатов, Н.Оралбай, Ғ.Қалиев, А.Салқынбай, Б.Қасым, Г.П.Шаһарман, т.б. ғалымдар мен зерттеушілер атын атауға болады.

Зерттелу жайы. Қазақ тіл білімінде туынды сан есімдердің жасалуына қатысты ой-пікірлер басқа сөз таптарына қарағанда мол. Мысалы, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ә.Төлеуов, Ә.Ибатов, Н.Оралбай, Ғ.Қалиев, А.Салқынбай, Б.Қасым, Г.П.Шаһарман, т.б. ғалымдар мен зерттеушілер атын атауға болады.

Әр кезеңдегі зерттеулер тіл білімі дамуының көрсеткіші. Сондықтан А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінен бастап туынды сан есімнің жасалу жолдары үнемі назарда болғанын көреміз. Бірақ таза сөзжасам теориясының көріністері соңғы жылғы зерттеулерден ғана көрініс табады.

Сан есімнің сөзжасам жүйесінің басқа сөз таптарынан ерекшелігі бар. Сан есім басқа сөз табынан жасалмайды, сан есім сөзжасамы өз ішінен шықпайды. Көне заманнан келе жатқан сандық атаулар. Олардың толығу арнасы жоқ (тек екі, үш сөз). Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде сан есімнің сөзжасамы белгілі дәрежеде қалыптасқан ондықтар екі атаумен екон – жиырма, төртон – қырық. Бізде қазір 1- ғана сақталған. Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы белгілі бір қосымшаларға байланысты. Қосымшаларға кедей сөз табы. -ншы, -нші, -ыншы, -інші. Көне қосымшалардан -ыз, -із (сегіз, тоғыз), -ты, -ті (алты, жеті) этимологиясы белгісіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет