7 Зертханалық жұмыс. Тақырыбы:Өткізгіш ұлпа. Ксилема, флоэма элементтерінің құрылымы
Орындаған:Байсан Әсел 2\2
Қабылдаған:Мусаев Қ.Л
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университеті Жаратылыстану және география институты
Жоспар
Өткізгіш ұлпа
Ксилема және оның бөлімдері
Флоэма және оның бөлімдері
Қорытынды
Қоректік заттарды өсімдіктердің денесіне тарататын клеткалар тобын өткізгіш ұлпа деп атайды. Атқаратын қызметіне сәйкес өткізгіш ұлпа клеткалары іші қуыс түтікшелерден тұрады.
Ксилема құрамына трахеялар, трахеидалар, тірі паренхималық клеткалар және механикалық талшықтар енеді. Трахеялар мен трахеидалардан түзілген түтікшелер жүйесі тамыр арқылы қабылдаған қоректік заттарды өсімдіктің жер бетіндегі бөліктері сабағына, жапырағына қарай өткізеді. Бұл жолды "жоғарғы ағыс" деп атайды
Ксилема Пайда болуына қарай ксилема Алғашқы ксилема Төбе меристемасының прокамбийінен пайда болады.
Соңғы ксилема Камбийден пайда болады
Ксилеманың су өткізуші элементтерінің бірі- трахеидалар. Әрбір трахеида ұшы сүйірленіп келген өлі прозенхималық клеткадан тұрады. Трахеиданың ұзындығы мен көлденеңі әр түрлә. Мәселен, еменде ұзындығы 1-4 мм болса көлденеңі оның жүзден бір бөдігіндей.Трахеидалар сүйір ұштарымен жанасып өседі.
Трахеидалар Трахеялар
Трахеялар өсімдік мүшелерін бойлай тік бағытта бір бірімен түйісіп орналасқан тірі паренхималық клеткалардан пайда болады. Трахеялар пайда болу барысында олардың бунақтарының көлденең қабырғасында көлемі, пішіні әр түрлі саңылаулар пайда болып, олар перфорациялар деп аталады.Перфорациялардың 4 типі бар. Олар:1)қарапайым перфорация2)торлы перфорация3)сатылы перфорация4)эфедроидты перфорация
Ксилеманың келесі бөлігі- сүрек паренхимасы. Оның клеткалары трахея мен трахеиданың сору күшін жоғарылтады.
Келесі бөлігі- механикалық талшықтар. Бұл сүрек талшығы немесе либриформ деп аталады. Өсімдікте тіректік, мықтылық қызмет атқарады.
Өсімдіктердің жасының артуына байланысты сүректің трахея мен трахеидаларының қуысын оларды қоршай орналасқан тірі паренхималық тірі паренхималық клеткадан пайда болатын өскіндер жауып қалады. Оны тилл деп атайды.
Флоэма (тін)- өсімдіктердің өстік мүшелерінде флоэма ксилеманың сырт жағында, яғни қабық бөлімінде орналасады. Қоректік заттар негізінен жапырақтан төмен қарай жылжитындықтан, өткізгіш ұлпаның флоэма элементтерінен тұратын тармағын "төменгі ағыс жолы" деп атайды. Флоэма өзінің жаратылысына қарай алғашқы флоэма (протофлоэма)және соңғы флоэма (метафлоэма)деп бөлінеді. Алғашқы флоэма бой конусынан төмен төбе меристемасының прокамбий шоқтарынан, ал соңғы флоэма камбийден қалыптасады. Флоэма бөліктері: сүзгілі түтік және оның серік клеткалары, тін талшықтары, тін паренхимасы.
Флоэма
Қорытынды
Қоректік заттарды өсімдіктердің денесіне тарататын клеткалар тобын өткізгіш ұлпа деп атайды. Атқаратын қызметіне сәйкес өткізгіш ұлпа клеткалары іші қуыс түтікшелерден тұрады.
Ксилема құрамына трахеялар, трахеидалар, тірі паренхималық клеткалар және механикалық талшықтар енеді.
Флоэма бөліктері: сүзгілі түтік және оның серік клеткалары, тін талшықтары, тін паренхимасы.
Пайдаланылған әдебиеттер
Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова Ботаника Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы Алматы
Иманқұлова С.К ӨАМ зертханалық практикалық сабақтар
Интернет желісі