3)проприоцептивтік алаң - ағзалар орналасқан дене қабырғасы қабатынан.
Адамның біртұтас нерв жүйесі организмнің екі негізгі - ішкі және жануар бөлігіне сәйкес шартты түрде екіге бөлінеді:
1. Вегетативті немесе автономды нерв жүйесі барлық ішкі ағзаларды, эндокринді жүйе мен тері бұлшық еттерін, жүрек пен тамырларды, яғни организмнің ішкі ортасын түзетін ағзаларын нервтендіреді.
2.Анималды нерв жүйесі қаңқа мен кейбір ішкі ағзалардың (тіл, көмей, жұтқыншақ) ерікті бұлшықетін нертендіреді.
Вегетативті нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық боп 2 - ге бөлінеді. Симпатикалық жүйе организмнің барлық бөліктерін, ал парасимпатикалық тек белгілі бір аймағын нервтендіреді.
Нерв жүйесі топографиялық принцип бойынша орталық және шеткі бөлімдер немесе жүйелер деп 2-ге бөледі. Орталық нерв жүйесіне сұр және ақ заттан тұратын жұлын мен ми, ал шеткі нерв жүйесіне барлық қалғаны, яғни нерв түбіршіктері, түйіндері, өрімдері, шеткі нерв ұштары, т.б. жатады.
Жұлын мен мидың сұр заты - нерв жасушаларының жиынтығы. Ақ зат дегеніміз - миелмн қабығымен (осыдан оның түсі ақ) жабылған және жеке орталықтарды өзара байланыстыратын нерв талшықтары (нерв жасушаларының өсінділері), яғни өткізгіш жолдар.
Нерв жүйесінің организмдегі бүкіл тіршілік үрдісін басқаратын жоғарғы бөлігі-ми қыртысы