71. Жамбас және сан артериялары


Лимфа өткізетін жолдар – лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, сабаулары, түтіктері



бет14/18
Дата05.02.2022
өлшемі18,91 Kb.
#24890
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Лимфа өткізетін жолдар – лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, сабаулары, түтіктері.

ІІ.Лимфоциттер дамитын жерлер:

Жілік майы және айырша без;

Шырышты қабықтардағы лимфоидты түзілістер: жекелеген және шоғырланған лимфа түйіншелері, бадамша түрінде лимфа тінінің түзілуі.

Лимфа тінінің соқыр ішекте жиналуы.

Көкбауыр ұлпасы.

Лимфа түйіндері.

Бұлардың бәрі бір мезгілде тосқауылдық қызмет те атқарады.

76.Көкбауыр, талақ (lien, splen) iш қуысында, сол жакта, кекеттiң астын да орналасқан, түсі қоңыр-қызыл түсті мүше. (88-сурет). Көкбауырдың салмағы(140-200) гр. Пішіні қанға толуына байланысты өзгереді. Дені сау адамның көкбауыры сипағанда білінбейді. Көкбауыр иммундық жүйеге кіреді, қан жасап шығарушы мүше, қорғаныс қызметін атқарады, күні жеткен эритро циттер еледі, қан (депосы) қоймасы.

Көк бауырда антидене пайда болады, бегде денелерді қармап алу қасиеті (фагоцитоз) бар. Көкбауырда лимфациттер пайда болып, эритроциттер еледі. Көкбауыр қан тамырларға бай, кан «депосы» қызметін атқарады. Өлген эритро циттерді макрофагтар кармап алып, вена тамыры арқылы бауырға алып келеді.

Көкбауырдың денес және ойыс екі беті бар. Дөңес беті көкетке қараған, ойыс беті асқазан, сол буйрек, буйрек үсті безi, тоқ ішектің сол иірімі және ұйқы безінің ұшымен шектескен. Көкбауырдың ойыс бетінде қақпасы бар. Какпа арқылы көкбауырға қан тамырлар, жүйке кіреді. Көкбауырдың сыртынан фиброзды қабық қаптаған. Қабықтан шыққан есiндiлер (трабекулалар) көкбауырдың ішіне кіреді. Трабекулалардын аралығында жұмсақ көкбауыр пульпасы бар. Көкбауырдың заты ак және қызыл пульпалардан тұрады. Қызыл пульпа (pulpa rubra) вена қойнауларынын (sinus venularis) аралығында орналасқан. Көкбауырдың көп бөлiгi (75-80%) қызыл пульпадан тұрады. Қызыл пульпада негiзiнен ретикуляр ұлпа болады. Ретикуляр ұлпада эритроциттер, лимфоциттер, макрофагтар және вена куыстары болады. Эритроциттердiң көптігінен пульпа қызыл түсті болады. Кек бауырдын ак пульпасы(pulpa alba) кесілгенде ақшыл-сур тустi лимфа түйіндері көрінеді. Лимфа түйiндерiне т және В лимфоциттер, лимфобласттар, макрофагтар болады. Түйiндерде Т және В лимфоциттер дамып, жетiледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет