Төменгі қуыс вена, v.cava inferior-денедегі ең ірі сабау, іш қуысында қолқамен қатар оның оң жағында жатады. Ол IV-ші бел омыртқа тұсында оң және сол жақ мықын веналарының қосылуынан пайда болады, жоғарылаған сайын ол қолқадан алыстай береді. Төмегі қуыс вена 12-елі ішектің, ұйқы безі басының артынан жоғары көтеріліп, шарбы түбінде бауырдың аттас жүлгесінде орналасады,осы жерде оған бауыр веналары құяды, кейін жоғары көтеріліп көкеттің аттас тесігі арқылы кеуде қуысына өтіп, бірден оң жүрекшеге құяды. Тікелей төменгі қуыс венаға құятын салалар қолқаның жұп тармақтарына сәйкес келеді(бауыр веналарынан басқалары). Олар 2 топқа бөлінеді: 1) Қабырғақасылық веналар;2) Ішкі ағзалар веналары.
1.Қабырғақасылық:1) Оң және сол жақ бел веналары-әр жағынан 4-ден, аттас артерияларға сәйкес келеді, олар қанды омыртқа жотасынан, арқа терісі мен бұлшық еттерінен жинайды;2) Төменгі көкет веналары- қанды көкеттің төменгі бетінен жинайды.
2.Ішкі ағзалар веналары:1) Атабез веналары- ерлерде атабезде басталып, аттас артерияларды өрім түрінде шырмап алады. Оң жағы тікелей төменгі қуыс венаға, сол жағы сол жақ буйрек веналарына құяды.2) Бүйрек веналары- аттас артериялардың алдында оларды түгел жауып алады.3)Оң жақ бүйрек үсті безінің венасы-қанды бүйрек үсті безінен жинайды.4) Бауыр веналары –бауырдың артқы бетімен өтетін жерде төменгі қуыс венаға құяды. Бауыр веналары қанды бауырдан әкетеді,ал бауырға қанды қақпа веналары мен бауыр артериялары әкеледі.