Сыңар вена,v.azygos және жартылай сыңар вена,v.hemiazygos- іш қуысында бел веналарынан байланыстыратын өрлеме бел веналарынан түзіледі. Олар көкет аяқшалары бұлшық ет шоғырлары арасында кеуде қуысына өтеді.Сыңар вена кеуде қуысында өңештің артқы қабырғасына тығыз жанасып, омыртқа бағанасының оң бүйір жағымен жоғары көтеріледі, ол 4-ші немесе 5-ші омыртқа деңгейінде омыртқа бағанасынан ажырап оң жақ өкпе түбірінен асып, жоғарғы қуыс венаға құяды. Сыңар венаға оң жақ қабырғааралық вена және омыртқалық өрімдердің веналары құяды.
Тұлға қабырғаларының веналары Артқы қабырғааралық веналар. Қабырға аралықтарында әр аттас артерияға екі вена қосарлана жүреді . Қабырғааралық веналар сыңар және жартылай сыңар веналарға құяды.
Кеуденің ішкі венасы –аттас артерияға қосарлана жүріп,өз жағындағы иық- бас сабауына құяды.