76. Ұжымға педагогикалық жетекшілік жасаудың мақсаттарын айқындаңыз
Ұжымға педагогикалық жетекшілік Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.
Мұндай әсердің маңызды шарты – үздіксіз болып келетін әрі ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:
1) Ұжымға болатын педагогикалық әсерлерді кешенді пайдалану;
2) Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі әрі жан-жақты көмегі;
3) Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;
4) Білім алушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;
5) Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.
Топ ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:
Педагогикалық жетекшілікті білім алушының өз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;
Ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып, кемелденіп отырады. Сол үшін барлық оқытушылар қарым-қатынас пен әсер ету жобілім алушырын жиі өзгертіп отыруы міндетті.
Топ кураторы ұжым тәрбиесінде оқытушыларға, студенттік ұйымдарға сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді көздегені жөн.
Білім алушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (білім алушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір білім алушы өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару білім алушылардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.
И.П.Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, көсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген білім алушылар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.
Тұлғаның көзқарасы мен сенімінің тұрақтылығы, оның идеясы мен қоғамдық белсенділігі – тұлғаның маңызды сипаттамасы. Бұл қасиеттер тәрбиелеу процессінде қалыптасады. Тәжірибеде көрінгендей, осы мәселені нәтижелі меңгеру үшін білім алушылар маңызды басты ұғымдардың мәнін саналы түрде меңгереді.