71. Педагогиканы оқытудың әр кезеңдеріндегі бақылаудың (алдын-ала, ағымдық, тақырыптық (аралық) және қорытынды) түрлерін өз сөзіңізбен жазыңыз



бет8/9
Дата11.12.2023
өлшемі42,33 Kb.
#137494
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
71-80

Мектеп директоры оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнайы жауапкершiлiк атқарады. Оның мiндеттерiне кіретіндер:
- кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептiң педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалiмдердiң кәсiби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейiн көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенiң озат педагогикалық тәжiрибесiн енгiзу;
- оқу-тәрбие процесiнiң барысын, оқушылар бiлiмiнiң сапасы мен жеке тұлға ретiнде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;
- оқушылардың кәсiби бағыты бойынша тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру және оларға өмiрде өз жолын табуға кеңес беру;
- оқушылардың өзiн өзi басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетiн белсендiру, мектептегi оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру бойынша мұғалiмдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен iскерлiк ынтымақтастық қатынас жасау;
- Еңбек туралы Заңға, мектептiң iшкi тәртiп ережелерi мен жарғысына сәйкес мектеп қызметкерлерiнiң мiндеттерiн анықтау мен нақтыландыру;
- ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау; Сонымен, педагогикалық басқаруды ұйымдастыру - ол мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар жүйесi, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту. 
Бiлiмнiң бұл саласының мiндеттерi – педагогикалық басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық мәселелерiн жете зерттеу, оны жетiлдiрудiң ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептiң барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстың түрлерiн жоққа шығармайды.Бiлiм берудi басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшелiктердi ескере отырып, әлеуметтiк басқарудың жалпы заңдылықтарына негiзделедi. 


79. Педагогиканы оқытуда қолданылатын дамыта оқыту технологиясын сипатап тұжырымдаңыз.

Дамыта оқыту технологиясы


Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдістәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.
Дамыта оқыту технологиясы-жеке тұлғаны өз бетімен дамыту құралы.Ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқыту. Онда мұғалім жай ғана мұғалім емес, танымдық іс әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы, бала интеллектісінің көзін ашуға, шығармашылығын дамытуға, баланы ойлауға үйрететін ерекше күш болып табылады. Мұндай сабақтарды, яғни, баланы ойлауға үйрететін сабақтарды біз дамыта оқыту сабақтары дейміз. Дамыта оқыту сабақтары арқылы біз оқушының
Сезімін, түйсігін;
Ынтасын, қабылдауын;
Зейінін, есте сақтау қабілетін;
Ой, логика, қиял, болжамын;
Ерік-жігерін;
Оқу іс-әрекетін, дағдысын
Өз бетінше ізденісін, т.б. жеке сапалық қабілеттерін
дамыта аламыз.
Дамыта оқытудың маңыздылығы: Жеке тұлғаның шығармашылықпен еркінайналысуына, ізденуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау. Дамыта оқытудың тиімділігі: Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы ғана жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады.
Л.В.Занков әдістемесін зерттей келе, біз төмендегідей қорытындыға келдік.
- оқу әрекетін күнделікті бақылап бағалауды және мұның барысында байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайды және бұл жұмыс бастауыш кластан басталуы тиіс;
- мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу нәтижесінде бақылап бағалаудың дағдысын қалып тастырады;
- бүкіл бақылау – бағалау үрдісі әрі оқушыда өзінің және сыныптас жолдастарының оқу нәтижесіне деген жоғарғы жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.
Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу екеніне эксперимент барысында көзіміз әбден жетті.
Оқу әдістемелік құралдардың осындай жиынтығы мұғалімнің сабаққа жан-жақты дайындалуына және оны табысты өткізуіне, шығармашылық ізденісіне жол сілтеуге және мамандығы бойынша шеберлігін шыңдай түсуіне өзіндік үлес қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет