71. Педагогиканы оқытудың әр кезеңдеріндегі бақылаудың (алдын-ала, ағымдық, тақырыптық (аралық) және қорытынды) түрлерін өз сөзіңізбен жазыңыз. Бақылау педагогиканы оқытудың қажетті компоненті болып табылады. Біріншіден, ол сыртқы кері байланысты қамтамасыз етеді (педагог бақылауы) және, екіншіден, ішкі байланыс (білім алушының өзін-өзі бақылауы). Бақылау ақпаратты алуға бағытталған, педагог оны талдай келе педагогиканы оқыту үдерісіне қажетті түзетулерін енгізеді. Өзгертулер мазмұнға, оқыту әдістері мен формаларына, білім алушылардың оқу іс-әрекетіне және т.б. енгізіледі. Өзін-өзі бақылау білім алушыға өзінің «артық», «кем» жақтарын көруге, білімінде кездескен әлсіз тұстарды байқауға көмектеседі және де олардың орнын толтыру жұмыстарын арттыра түседі.
Алдын-ала бақылау – оқытушы білім алушылардың даярлық деңгейлерін алдымен анықтап, алынған нәтиже бойынша өз жұмысын, білім алушының оқу іс-әрекетін жоспарлау үшін білім, іскерлік, дағдыларын анықтауға бағытталған бақылау түрі.
Ағымдық бақылау – педагогика пәні бойынша студенттердің білімін академиялық кезеңнің (семестр) барысында дәріс, семинар, зертханалық сабақтарда, сонымен қатар СӨЖ кезінде жүйелі түрде бақылау. Бақылаудың бұл түрі жүйелі түрде ұйымдастырылады, яғни білім алушының білімі, іскерлігі, дағдысы жаңа материалды игеру мен оны бекіту жұмыстары (практикалық қолдану кезінде) жекелей немесе жаппай жүйелі бақылаудан тұрады. Ағымдық бақылау үдерісінде студенттердің жаңа материалды меңгерумен байланысты білім, іскерлік, дағдылары да тексеріледі.
Ағымдық бақылау әр оқу модульді, тақырыпты меңгеру көлемін, сапасын, тереңдігін анықтау; жақсы жұмыс істеуге бөгет келтіретін себептерді, кемшіліктерді айқындау және олардың алдын алу шараларын тағайындау. Сонымен қоса ол болашақ педагогтардың мамандыққа деген қызығушылықтарын, оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу дағдысын арттырады.
Тақырыптық бақылау (аралық) педагогиканың жаңа оқу модульдерін (бөлімдерін) өту барысында ұйымдастырылады. Бұл бақылаудың білім алушылардың педагогика бойынша білімдерін жүйелеу және оқу материалы бөлігінің қалай игерілгенін тексеру, өйткені онсыз материалдың келесі бөлігін меңгеру мүмкін емес болады.
Қорытынды бақылау – педагогика бойынша білім мен іскерліктердің деңгейі мен сапасы анықталатын өткен оқу материалын меңгерудің қорытындысы. Ол семестр соңында және білім беру мекемесіндегі оқу аяқталған кезде өткізіледі.