72 сұрақ түсініксіз: Мәтін мазмұны бойынша тезис жазыңыз дейді, бірақ ешқандай мәтін берілмеген????????‍♀️



бет3/4
Дата25.09.2024
өлшемі31,76 Kb.
#145673
1   2   3   4
Байланысты:
72-78

(75-76-77 сұрақтарға бір жауап)
75. «Тілді оқыту мотивациясы» пәннің өмір тіршілікте атқаратын рөлін айтыңыз.
76.«Тілді оқыту мотивациясы» пәннің маңыздылығын танытыңыз
77. «Тілді оқыту мотивациясы» пәннің тілдік жағдаяттар тудырудағы ерекшелігін жазыңыз.
Тілді оқытудың мәні мен әлеуметтік қызметі – ана тілінің адам қатынасының аса маңызды құралы болуымен бірге, танымның негізгі, ойлаудың формасы және оны дамытудың да құралы болатындығына ерекше назар аударту. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуы әрқашан да оқушылардың оқу әрекеттерін дұрыс қалыптастырумен тікелей байланысты. Оқыту үрдісіндегі білім мазмұнын жетілдіру,оқыту әдістерін түрлендіру, оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді мәселелер оқу әрекеті категориясына келіп тіреледі. Өйткені оқу әрекеті ұғымы педагогикада да, оның ішінде дидактикада да негізгі методологиялық түпқазық болып теориялық білім деңгейіне ғана болмай, оқушының ойлау әрекетінің барысы мен сапасына да аударылуын, яғни ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың жолдарын табуға ұмтылу қажеттігін айтады. Ал, әрекеттің сапалы әрі нәтижелі болуы оған түрткі жасайтын мотивтерге тікелей тәуелді. «Мотив болмаса, әрекет те болмайды» [3]. Сондықтан да бұрын тек психология ғылымының объектісі ретінде қарастырылатын мотив мәселесі қазір адаммен қатысты, оның әрекетімен байланысты барлық ғылымның өзекті арқауына айналды. Адам әрекетінің басты тетігі де, тегершігі де мотив деп мойындалып отыр.
«Мотив» – латын сөзі. Ол қозғаушы, итермелеуші, оятушы күш деген мағынаны береді. «Сөздіктерде» оған төмендегідей анықтама берілген
Мотивтер тек объективті түрде, әрекетке, оның дамуына талдау жасау арқылы танылады. Субъективтік жақтан олар жанама құбылыс ретінде – мақсатты орындауға тілек, талпыныс, ұмтылыс түрінде көрінетіні айтылды. Сол себепті мотивті зерттеу өте күрделі, оның үстіне «мотив» терминінің өзі де әлі күнге дейін әр түрлі түсіндіріліп келеді. Оның сыры адам әрекеті мотивінің өте нәзік, құпиялы құбылыс екендігінде болса керек. Әрекет құрылымындағы мотивтің мәні мен орнын тереңдей зерттеген ғалым А.Н.Леонтьев «мотив – тілектің предметі, яғни, мотив – бізді толғандыратын предмет, біз жақсы көріп қалайтын предмет» деп түсіндіреді[8,12-б]. Ғалым бұл жерде «предмет» ұғымын зат мағынасында емес, адамның ішкі қатынасы, оның әрекеті бағытталатын нәрсе деп анықтама береді. Бұдан әрекет мотивінің негізі – «қажеттіктің предметтілігі» – интеллект пен аффектінің бірлігінен шығады деген қорытынды жасайды.
Тілді оқытудың мотивациясы» пәнін оқу нәтижесінде білім алушылар замануи білім беру жүйесіндегі тенденциялар мен парадигмаларға сай қазақ тілін оқытуға қойылып отырған жаңа талаптардың оқу мотивтерімен сабақтастығы туралы білім алады. Сонымен қатар тілді оқыту әдістемесін білім берудің жаңа жүйесімен байланыста меңгереді.
«Тілді оқыту мотивациясы» пәнінің мақсаты: білімгерлерге жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілін оқыту үдерісінде оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін таныту, оқушы әрекетін ұйымдастырудағы мотивтердің мәнін, рөлін, білім сапасын арттырудағы қызметін түсіндіріп, әдістемелік жолдарын меңгерту. 
Міндеттері:
- білім беру үдерісінде оқу мотивтерін қалыптастырудың маңызы, өзіндік ерекшелігі;
- білім берудің заманауи тенденциялары мен оқу мотивацияларын қалыптастырудың жаңа талаптары;
- білім берудің жаңа парадигмалары мен оқу мотивацияларын қалыптастырудағы жаңа бағыттар;
- оқу және әлеуметтік мотивтердің түрлері;
- тіл сабақтарында оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері;
- тілді оқытуда оқу мотивациясын қалыптастырудың ұстанымдары; 
- оқу, сөйлеуәрекеті мен мотив қалыптастыруталаптары; 
- қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесі және оқу мотивтерін қалыптастыру бірлігі; 
- тілдік тұлға қалыптастырудағы оқу мотивтерінің қызметі;
- қазақ тілі сабақтарында оқу мотивтерін қалыптастырудың әдістемесі;
- оқу мотивтерін қалыптастырудың аялары мен жолдары, технологиялары мен амал-тәсілдері туралы ғылыми-әдістемеліктұрғыдан білім беру және осы бағытта магистранттың кәсіби-интеллектуалдық құзіреттіліктерін жетілдіру.
«Тілді оқытудың мотивациясы» пәнін оқу негізінде теориялық тұрғыда білімгер: 
- тілді оқытудың педагогикалық психологиямен байланысын айқындай білуі керек;
- тілді мотивациялық тұрғыдан оқытудың мәселелерін, зерттеу бағыттарын анықтай алуы тиіс;
-оқу мотивтерінің түрлерін, негізгі ұғым-түсініктерін ажырата алуы тиіс;
- оқу және әлеуметтік мотивтердің сабақтастығы мен бір-бірінен айырмашылығын ажырата алуы керек;
-мотив қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін дәлелдей алуы керек. 
Практикалық тұрғыда білімгер:
- оқу мотивтерінің түрлерін ажырата алуы керек;
-тілді оқытуда білім мазмұнын мотив қалыптастыруға қарай ыңғайлапжетілдіре білуі керек;
- оқу мотивтерін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін екшеп пайдалана алуы қажет; 
- оқушының сөйлесім әрекетін оқу мотивтерімен байланыста ұйымдастыруға үйренуі керек;
- тіл сабақтарында тілдік және қатысымдық құралдардыоқу мотивациясын арттыратындай етіп жұмсауға үйренуі керек; 
-тіл сабақтарында мотив қалыптастырудың әдістемесін меңгеруі керек;
- өзі ұсынған тапсырмалардың әдістемелік тиімділігін мотив қалыптастырумен ұштастырып дәлелдей білуі керек. 
Кәсіби құзыреттілігі: - қазақ тілі сабақтарында мотив түрлерін қалыптастыруды білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіре отырып жүзеге асыра алатындай деңгейге жетуі керек; қазақ тілі сабақтарында оқу және әлеуметтік мотивтерді қалыптастырудың әдістемесін меңгеруі керек. Өзінің позициясын дәйектеп жеткізе алуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет