72 сұрақ түсініксіз: Мәтін мазмұны бойынша тезис жазыңыз дейді, бірақ ешқандай мәтін берілмеген????????‍♀️


Рөлдік ойындар арқылы оқушының оқу мотивациясын дамыту жолдарын



бет2/4
Дата25.09.2024
өлшемі31,76 Kb.
#145673
1   2   3   4
Байланысты:
72-78

74. Рөлдік ойындар арқылы оқушының оқу мотивациясын дамыту жолдарын жазыңыз

Ісмер ағаштан қандай да бір затты қырнап, әрлеп, жасап шығудан бұрын, оны балтамен шауып, жонғылап алады; ұста темірді шыңдаудан бұрын оны жұмсартады... Бірақ осылайша мұғалімнің де оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысын оятып алу қажет екенін ойлайтын біреу бар ма екен?!" - деген ұлы педагог Я. Коменскийдің сөзі әрекетке себеп болып, оған бағыт беретін мотивтердің мәнін терең ашып тұр. Ендеше тілді оқытудағы басты талап тілдің адам қажеттігіне айналуын түсіну; пәннің өмір тіршілікте атқаратын рөлін, маңыздылығын тану - оқу мотивіне сүйене оқытудың басты шарты. 


Тілді оқытуда ұсынылатын теориялық материалдарды баланың өз ойын анық, дәл бере алуына көмектесетіндей, мүмкіндік беретіндей бағытта пайдаланудың мәні оқушының сөйлеу әрекетін дамытуымен тығыз байланыста қаралады. Ол үшін тілдік жағдаяттар тудыру ұтымды. Мысалы, "Сөйлем және оның түрлері" тақырыбын өткеннен кейін білімді бекіту, пысықтау кезеңдерінде мынадай тапсырмаларды орындау ұсынылады: "Ең қатал мұғалімнің сабағынан сұрануың керек. Сенсіз бітпейтін бір шаруа тосып тұр. Қалай айтасың?" немесе "Жақын досыңмен келіспей қалдың. Басқалардың әділ төрелігін айтуы үшін жағдайды түсіндір". Бұл жағдайда балалар әрі тосын, әрі қызықты күйді бастан кешіреді. Мұндай сауал олардың ойына қозғау салады, белсенділіктері артады. Бір жағынан бала өз ойын дәлелді білдіру үшін тиісті сөздерді іріктейді, екінші жағынан, оны жеткізу жолдарын қарастырады. Сөйлем түрлерінің қайсысын қалай қолдану жайын сараптап, сөзін жүйелейді. Өз сөздерінің қайда, кіммен, не үшін айтылуына қарай өзгешеленетінін бағамдайды. Бұл осы кезеңде оқушыларға стиль туралы да қарапайым түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Сөйлеудің мазмұны бір болғанымен, оны қолданыс аясына қарай түрлендірудің қажеттілігін тани бастайды.
Ана тілінен берілетін білімді оқушының сөйлеу әрекеттерімен байланыстыруда оқушыға тілдік білім жөніндегі ұғым-түсініктерін кітаптан сөзбе-сөз жаттап айтқызудан гөрі өз сөзіңмен, өз ойын кірістіре отырып дәлелдетуге үйрету мақсат етіледі. Бұл жерде біз балаларды сөйлеуге дағдыландырудың төмендегідей тәсілдерін пайдаландық: а/ бір ауыз сөзбен ғана шектеулі дұрыс жауабы бар сұрақтың орнына балалардың әр түрлі көзқарастарын білдіруіне жетелейтін "ашық сұрақтарды қою". Мысалы, "сөйлемнің ьұрлаулы мүшелерін атаңдар" деудің орнына "бастауыш пен баяндауышты неге тұрлаулы мүшелер деп атаймыз?" немесе "Етістік дегеніміз не?" дегеннен гөрі "етістіктің өзіне тән ерекшелігі қандай?" "Ілгерінді ықпал деген не?" деуден гөрі "Ілгерінді ықпалдың тіл мәдениетіне қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?" деген сипаттағы сауалдар балаларды әрі ойландырады, әрі жауапты өз сөздерімен таратып айтуға төселдіреді. Бұл, әрине білімді жалаң игеруге жол бермейді, оқушының өздігінен ой қорытуына мүмкіндік туғыза отырып, білімін тереңдетеді. Себебі, ой түйінін жасау үшін осы фактіні екінші бір тілдік құбылыспен салыстырады, ойын жинақтайды. Ал білімнің саналы меңгерілуі үшін бұл бірден-бір қажетті тәсіл. Оқушының өз ойын дұрыс жеткізе білуі үшін балалардың еркін сөйлеуіне жағдай тудырылды. Мұнда біз олардың қысылмауына, тіпті жауабын дұрыс бермегенінің өзінде мұғалім тарапынан қатаң тыйым болмайтынына көз жеткізуге күш салдық. Баланың қателескеніне тек көзбен, бет құбылысымен, қосымша сұрақтармен ескерту жасалады. Бұл тәсіл балалардың өз бағытын тез табуына көмектеседі. Оқушылардың тілге зейінділігін қалыптастыру мәселесі оқушылардың өзара қарым-қатынасында тыңдау мәдениетін шыңдауға тез табуына көмектеседі. 
Оқушылардың тілге зейінділігін қалыптастыру мәселесі оқушылардың өзара қарым-қатынасында тыңдау мәдениетін шыңдауға әкеледі. Себебі, пікір алмасуға балалар өзінің айналасындағылардың тыңдап отырғанын сезінгенде барып дұрыс қатынасады. Балалардың қате айтылған сөзі не сөйлемдері мұғалімнің де, сыныптағы басқа балалардың да қатысуымен үнемі ескеріліп, қайта құрғызылса, бұл да дұрыс сөйлеуге үйретудің бір шарты бола алады, оқу мотивтерін туғызуға да септеседі.
Балаларды әңгімелесе білуге үйрету қарым-қатынас фономенінің үш жағына да: ақпараттық, интерактивтік, перцептивтік қырларына бірдей көңіл бөлгенде ғана жүзеге асады. Себебі, тілдің тек хабарларды тарату мен сақтаудың құралы емес, сонымен қатар адамдардың бірлескен қызметінде олардың өзара әрекетін ұйымдастырудың, сол әрекет арқылы бір-бірін түсінудің құралы болатындығына көз жеткізудің мәні зор. "Тілдік қатынас - сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді білдіреді. Осы бағытта мынадай жұмыс түрлері қолданылады: ұжымдық жұмыс түрлері, пікір таластарын ұйымдастыру, диалог құрғызу, рөлдік ойындарды орынды қолдану т.б. енді осыларға экперимент жұмыстарының барысы бойынша қысқаша тоқталайық. 
Сабақ барысында оқушыларға мүмкіндік деңгейлеріне сай жұмыстарды ұсыну арқылы олардың өзіне деген сенімдерін арттыру көзделді. Әсіресе, үлгерімі төмен оқушылардың өз мүмкіндігін танытуына жағдай жасау мақсат етілді. Мұндай жұмыс тек даралап оқыту жолымен емес, сол жас ерекшеліктеріне қарай мүмкін болғанынша ұжымдық әрекет түрінде ұйымдастырылды. Ол үшін:
-сыныптағы әр оқушы тапсырманың барысын анықтауға, мақсатын айқындауға қатыстырылды;
-әр оқушы бірігіп істейтін әрекеттің өту барысын бақылап, бағалауға қатысты;
-әр баланың жұмысына тек мұғалім емес, бүкіл сынып баға беретіндей жағдай жасалды.
Балалардың өзара ұжым болып бірігуі олардың өз еріктерімен топтасуы арқылы жүргізіледі. Экспериментке дейінгі кезеңде балалардың өз еркімен серік таңдауы кездейсоқ топтарды құруға әкелсе, эксперименттен кейінгі сынақ бойынша олардың бірігіп жұмыс істеуге деген көзқарастарының біршама тұрақталып, ұжымдық әрекеттің жүзеге асуында өзара қарым қатынасының артуы, сапалық деңгейінің өсуі байқалды.
Сабақ тақырыбы мен мазмұына сай моноголтық және диалогтық сөйлесу түрлеріне қатысты жұмыстар ұйымдастырылды. Қазақ тілі материалдарын оқыту үдерісінде оқушылардың сөйлеу, жазу дағдысын арттыру мақсатында іске асыру қажеттілігі ескерілді. Диалогтық сөйлесу рөл ыңғайында ұйымдастырылса да, жарыссөз, пікір таласы түрінде өткізілсе де, онда оқу мотивін қалыптастырудың негізгі шарттары - әрбір оқушының өзін танытуға мүмкіндік беру, әр түрлі әрекет үстінде өзін-өзі сынауына жол ашу, оқушылардың жас және жеке бас ерекшеліктеріне қарай жұмыс түрлерін белгілеуге баланың танымдық, әлеуметтік қабілеттерін жетілдіру мақсаты қойылды.
Сөйлеу әрекеті тек қарым-қатынас жүйесінде ерекше мәнге ие болады. Себебі, тіл сөйлеу әрекеті арқылы танылып, іске асады, баланың ойлау дағдысын дамытады. Қарым-қатынастың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тілдің әлеуметтік, танымдық қызметтері іске асырылады. Тіл мәдениеті дегеннің өзі де "ойды дәл, анық әсерлі беруге септесетін барлық элементтердің жиынтығынан тұратын дұрыс жазу мен айта білу іскерліктерінің нәтежиесі болғандықан, ол - әрі күрделі, әрі айқын құбылыс". Диалогтық сөйлесуде оқушылар өз ойын тез жинақтап, екінші бір адамдармен пікір алмасып, ой қорыту жылдамдығын арттыруға үйретіледі. Бір-бірлеріне сұрақ қоя білуге төселеді. Сол арқылы адамның білімі, ой-өрісі оның жауабынан ғана емес, қай нәрсеге сұрақты қалай қоя білуіне де байланысты танылатынын пайымдайды. "Адамның белгілі мәселе жөнінде сұрақ қоя алуы - ойланудың алғашқы баспалдағы, сұрақ қоя білу - сол мәселені шешудің "кілті". Сұрақ - қиялдаудың ең жоғарғы қасиеті".
Рөлдік ойын түрін теориялық тақырыптарды қайталау кезінде ұйымдастыруға да болады. Соңғы жылдардағы жаңа сабақ түрлерінің ішінде «баспасөздік конференция» сабағы осы рөлдік ойынды өткізуге тиімді деп саналып жүр. Озат мұғалім Т.Жолдасовтың тәжірибесіне сүйеніп, біз бұл түрді жеке сабақ ретінде емес, сабақтың элементі ретінде пайдаландық. Себебі, жеке сабақ сценарий бойынша өткізуді қажет етеді. Біз сабақтың табиғи қалпын бұзбай, оқушылардың да білімін сынауды мақсат еттік. Бұл әдістің тиімділігі үлкен тақырыптардың соңында оқушы білімін бағалаудан көрінеді. Мысалы, фонетиканы қайталау үстінде оқушылардың өз тілегі бойынша «тілші-ғалымдарды» ортаға шақырып қалған балалардың бәрі «журналист» рөлін орындады. «Журналист» балалар өз аты-жөндері мен өзі қалаған газет-журналдың тілшісі ретінде танысып, фонетикадан өтілген тақырыптар бойынша сұрақ қойды. Ал «тілші-ғалымдар» оларға қолма-қол жауап қайтарды. Сұрақ қою да, жауап беруде оқушылардың сөз саптауы сабақ соңында ерекеше бағаланып отырды. Мұндай ойын оқушыларға үлкен жауапкершілік артты, теориялық білімді игеруге деген ынтасын өсірді, сонымен бірге әр түрлі тақырып аясында «достық интервью» жүргізу де өзінің жақсы нәтижелерін көрсетті. Сабақ соңына қарай ұйымдастырылған бұл ойында балалар өзі қалаған жұптарымен ортаға шығып, қалаған тақырыбында диалог құрады. Мұнда оларға оқыған кітаптары, көрген оқиғалары, өзіне ерекше әсер еткен жайлар туралы, достық, адамгершілік хақында әңгімелесуіне, пікір алмасуына мүмкіндік беріледі. Бұл да оқуға ынталылық тудырудың бір жолы болды. Қазақ тілі сабағын арнайы грамматикалық тапсырма жаттығуларды орындау сабағы деп емес, сөйлесу, ой бөлісу сабағы деп қарауға үйрету көзделді.
Ғалым А.Алдамұратовтың еңбектерінде тілдің эстетикалық сипатын оқушыларға жүйелі танытуды, қызығушылықты, саналы мотивтерді тудырудың бір саласы ретінде қарастырады[2, 74-б].. 
Ал, Ә.Қасымбеков балалардың тілді игерудегі танымдық ынтасының даму көздерін былай көрсетеді: 1/ тақырып қызықты болғандықтан, тартымды болу; 2/пәннің маңызы жайындағы мұғалім сөзіне ден қою; 3/ қазақ тіл білімінің практикалық жағынан қажеттілігін тану[3, 15-б].Ғылымның бұл пікірі оқушыларға оқу әрекетінің әр кезеңдеріне сай мотив қалыптастырудың сатыларында жүзеге асырылатын жұмыстарды жүйелеуге бағыт береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет