Табиғатта таралуы.Облыстың барлық аймақтарында өсетін 52 түрі бар. Соның ішінде, әсіресе талшық сүттігені (Т. vіrgata) республиканың орманды, шалғынды жерлерінде, егістіктерінде жиі кездесетін арамшөп. Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстарының ормандары мен жабайы бұталарының арасында, құмды, сортаң, шөлейіт жерлерде өседі. Сүттігеннің өте қауіптілері – түйе сүттігені, құм сүттігені, күнбағыс сүттігені деп аталады. Дәрілік шикізат ретінде жиналмайды, мүмкіндігінше жайылымдарды тазарту үшін оларды тамырымен жұлып алып тастаған дұрыс. Ал қотырға, қышымаға қарсы қолданылатын дәрі тапшы кезде оның шөбінің тұнбасымен (1:20) осы аруларды емдеуге болады. Бірақ сақтық шараларын бұлжытпай орындау қажет.
Химиялық құрамы.Сүттіген шөбінің құрамында іш өткізетін май, сондай – ақ эуфорбин қышқылының улы тотығы, шайырлы және органикалық заттар, аздаған алколоидтар болады.
Малдың улануы.Жалпы сүттігенді мал жемейді. Бірақ жазда дайындалған пішен арасында сүттіген шөбінің араласып кетуі ықтимал. Қыс айларында осындай шөппен азықтандырған мал уланып қалады. Уланған малдың асқазан – ішегі зақымданып, қабынады, іші өтеді, тәбеті қашады. У денеге әбден тараған кезде оның зәріне қан араласады. Аузынан шұбырып көбікті сілекей ағады, тыныс алу органдары мен жүрек жұмысы нашарлайды. Дер кезінде емдемесе уланған мал 1 – 2 күнде өледі. Уланған малға алғашқы жәрдем – оның асқазынын марганцовканың әлсіз ертіндісімен жуу болып табылады.
92.Пестицид және фунгицидтердің пайдасы мен зиянын салыстырыңыз. Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.